Ұлттық менталитет – тұнып тұрған рухани қазына. Халықтың тілі мен мәдениеті болсын, салт-дәстүрі мен наным-сенімі болсын – мұның бәрі де әрбір халық үшін асыл да қымбатты рухани дүниелер. Әсіресе, наным-сенімнің әрбір халықтың өмірінде алатын орны өзгеше.
Ұлттық тәлім-тәрбиенің дамуы мен қалыптасуына үлкен үлес қосқан қазақтың көптеген зиялы оқымыстылары жеке басқа табынудың құрбаны болды, қудалауға түсті. Мұның өзі ұлт мәдениетінің өсуін үлкен тежелуге әкеліп соқтырды. Халық педагогикасы жөнінде ғылыми-зерттеулер жүргізуге шек қойылды. Ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу, өмірге енгізу санадағы ескінің сарқыншағы деп бағаланды. Халықтық дәстүрлер өзінің қоғамдық мәнін жойып, отбасылық мәнге ғана ие болды. Оның өзі бертін келе, мектеп, жоғары оқу орындарының тәрбие жұмыстарының негіздеріне кірді. Тәрбиелік жұмыстар коммунистік идеологияға негізделіп, оқу-тәрбие жұмыстары негізінен орыс тілінде жүргізілуіне байланысты қазақ тілі біртіндеп өмірден шеттеле бастады.
Оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар орыс тілінің аудармасы негізінде пайдаланылып, қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері ескерілмеді. Студенттерге жан-жақты тәрбие беруде үлкен жауапкершілікті мойындарына алған студент жастар ұйымдары негізінен коммунистік тәрбие принциптеріне сүйенді. Жоғарғы оқу орындары оқу-тәрбие жұмысының бағдарламалары, әдістемелік нұсқаулар ұлттық тәлім-тәрбиенің ерекшеліктерімен санаспады. Ұлттық тәрбиедегі ұрпақ сабақтастығы сақталмады. Осыған орай, кейбір мәселелердің басын ашып алмай тұрып патриоттық тәрбиені дұрыс жолға қою мүмкін емес екені анық. Республикамыз бір саяси құрылымнан екіншісіне ауысып, басқару жүйесі жаңа сападағы қарым-қатынасқа бет бұрған өтпелі кезеңде қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру жұмыстары дағдарысқа ұшырағаны белгілі. Бұндай жағдайда заман ағымына қарата пайда болған тың ұғымдарды айқындап, оларға анықтама беру қажеттігі туындады. Ұғымдар, түсініктер, ереже, қағидалар арқылы студенттер санасында білім қалыптасып, ол өз кезегінде оның іс-әрекетіне бағыт береді. Біздің пайымдауымызша, патриотизмге тәрбиелеуде қазақстандық патриотизммен қатар сүйенетін негізгі ұғымның бірі – ұлттық патриотизм.
Ұлттық патриотизмді қалыптастыруда салт-дәстүрлердің атқаратын орны ерекше. Ұлттық патриотизм дегеніміз – ең алдымен, белгілі бір ұлттың өкіліне сүйіспеншілікпен қарау, оның ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан құндылықтарын бойына сіңіру. Тереңірек пайымдасақ, мұның өзі ұлттарды ұлылауға бағытталып, ілгеріде жүргізілген кереғар ұлт саясатының кесірінен ұмтылып қалған дәстүрлердің жаңғыруы арқылы әрбір адамның патриотизмін күшейте түсіру болып табылады. Жоғары оқу орындарында студенттерге қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбие беру ісінің маңызы зор екенін біз өз зерттеулерімізден көріп жүрміз. Өйткені егеменді ел болған соң сол елдің елдік белгісі ұлттық патриотизм тәрбиесі айқын көрінуге тиіс. Ұлтының наным-сенімдерін, саяси көзқарастары мен ұстанған бағыт-бағдарын, ұлттың әрбір азаматы өз ұлтының ерекшеліктерін танып білуі керек. Ұлттың салт-дәстүріне құрметпен қарау, оның тілі мен ділін, дінін сыйлау, жетістіктеріне шаттану – ұлттың әрбір өкілінің азаматтық борышы. Біздің зерттеуімізде көтеріліп отырған ұлттық патриотизм ерекшеліктері студенттердің өз ұлтының тарихы мен географиясымен, батырлары мен біртуар тұлғаларының ерлік істерін білуіне негізделеді.
Ұлттық қасиеттеріміздің ұрпақ бойында қалыптасуы қоғам игілігі үшін маңызды. Студенттерге ұлттық патриоттық тәрбие беру жоғары оқу орындарында кең көлемде жүргізілуі тиіс. Этнопедагогика – ұлттық тәрбие негізі деп білеміз. Ал ұлттық тәрбие ғаламдағы құндылықтарды бойына сіңіріп, өз құндылықтарын арттыра береді. Бірақ ол өндіріс және экономика сияқты «ғаламдастыруға» келмейді, өркениеттілікпен дамып, қалыптасады. Қазақ этнопедагогикасы - өркениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген ғылым. Сондықтан студенттер ұлттық патриотизммен сусындасын десек, қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбие беруді жүйелі талдап, зерттеп, жоғары оқу орындарында патриот студенттер тәрбиелеуде енгізілуі керек. Ұлттық патриоттизмді қалыптастырудың құралдары болып саналады: ұлттық тіл, ұлттық-әдеп ғұрыптар мен салт-дәстүрлер, ауызекі халық шығармашылығы, ұлттық тарих, ұлттық сәндік-қолданбалы өнер, ұлттық ойындар, тб. Осыған сәйкес біз ұлттық патриотизм ерекшеліктерін айқындайтын маңызды мәнін ашып көрсеттік (сурет 2).
Сурет 2 – Ұлттық патриотизмнің мәні
Ќазаќтыњ патриоттыќ-отанс‰йгіштік тєрбиесі - терењнен тамыр тартќан, халќымыздыњ сан ѓасырлыќ болмысыныњ, д‰ниетану кµзќарасыныњ, аќыл - ойы мен салт-дєст‰р мєдениетініњ кµрінісі. Осыларды бойѓа дарытпай т±рып келер ±рпаќты патриоттыќ отанс‰йгіштік тєрбиеге лайыќты ќалыптастырып, алтын бесік елін, кіндік кескен жерін ќорѓайтын жєне осы маќсат жолында бар к‰ш-жігері мен аќыл ќайратын ж±мсап, отаншыл азаматтарды, яѓни наѓыз патриоттарды тєрбиелеп µсіру м‰мкін емес. Сайып келгенде, студенттерді ±лттыќ тєрбие негізінде жан-жаќты жетілген «сегіз ќырлы, бір сырлы», құзыреті жоғары маман етіп тєрбиелеу қажет. Біздіњ зерттеуіміздіњ µзегі болып отырѓан ќазаќ этнопедагогикасыныњ негізінде патриоттизмге тєрбиелеу осы пайымдаулардан µрбиді. М±ндай кµккейкесті ізгі маќсатты іске асыру жолында мынадай тєрбиелік ±станымдар басшылыќќа алынды:
Біріншіден, к‰ні ертењ болашаќ маманнныњ елін, жерін с‰йетін намысшыл азамат болуын ойластыру. Б±л алдымен, ќадірлі ќариялардыњ, кµпке сыйлы ‰лкендердіњ бата-тілектерінде, ырым-жоралыларында µзекті орын алады.
Екіншіден, студенттерді ењбекс‰йгіш, елгезек азамат етіп тєрбиелеу. Б±л маќсаттаѓы ой-пікірлер ќазаќтыњ халық шығармашылығында мол кездеседі.
‡шіншіден, «бірінші байлыќ - денсаулыќ»-деген ќаѓиданы пір т±тќан халќымыз тєн с±лулыѓына ерекше мєн берген. «Тєні саудыњ - жаны сау!», «Ауру - астан», «Тєн жарасы мен жан жарасы - егіз», - деп дене тєрбиесіне ерекше кµњіл бµлген.
Тµртіншіден, халќымыз этнопедагогикасыныњ ыќпалы арќылы ±рпаќ бойындаѓы ізгі адамгершілік ќасиеттерді орныќтыруѓа парасат иесі етіп тєрбиелеуге ±мтылѓан, ізгілікке, адалдыќќа, ар - ожданды ќастерлеуге, уєдеге берік болуѓа тєрбиелеген. «Жаным - арымныњ садаѓасы», «Жан саќтама, ар саќта», «Тєні с±лу - с±лу емес, жаны с±лу -с±лу»- деп арды, адалдыќ пен ќасетті бєрінен жоѓары ќойѓан.
Бесіншіден, патриоттыќ сезімнен ажыратып алѓысыз гуманизм этнопедагогикалыќ тєрбиеніњ басты ќаѓидаларыныњ бірі. «Отан отбасынан басталады» деген даналыќќа ±йыѓан халќымыз ±рпаѓын ата-ананы, ‰лкендер мен кішілерді ќ±рметтеуге, елдіњ, халыќтыњ ќамќоршысы болуѓа ‰ндеген. Алтыншыдан, «Білім - таусылмас кен, µнер - µлмес м±ра», «Білекті бірді жыѓады, білімді мыњды жыѓады», «Аќыл кµпке жеткізер, µнер кµкке жеткізер», «Оќу - білім б±лаѓы, Білім - µмір шыраѓы» т.б. кµптеген маќал - мєтелдер тудырѓан халќымыз осынау ќ±ндылыќтар - µнер мен ѓылым тіршіліктіњ т±тќасы, µмір шамшыраѓы деп білген. Сондыќтан халќымыздыњ µте бай ауыз єдебиеті н±сќаларындаѓы маќал-мєтелдердіњ мєн-маѓынасын µскелењ, ±рпаќќа насихаттап, санасына сіњіріп отыру ќажет.
Жетіншіден, адам µмірі табиѓат аясында µтетін болѓандыќтан, бабаларымыз ѓ±мыр бойы табиѓатты аялауды м±рат т±тќан. Б‰кілєлемдік тіршіліктіњ ќ±дреттің тµрт т‰рі бар. Олар: К‰н - ана, Жер - ана , ауа мен су. Егер осы тµрт негіздіњ біреуі болмаса, тіршілік тоќтайды. Сондыќтан да адамзат к‰нді, жерді анадай ардаќтайды, жер мен судыњ єулиелігін ќастерлеп, єрекет жасап, ќызыѓын кµреді.
Біз зерттеу жұмысымызда жеке тұлғаның өзіндік мінез-құлқы мен оның жеке психологиялық ерекшеліктерін, көптеген басқа да әлеуметтік факторлардың ықпалын ескере отырып, қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттердің патриоттық тәрбиелілігін қалыптастырудың компоненттері, өлшемдері мен көрсеткіштерін құрылымдық жүйе ретінде қарастырып әзірледік (кесте 1).
Бұл істердің жүзеге асуы студенттердің оқу-тәрбие жұмысына шығармашылық көзқарас тұрғысынан келуімен тығыз байланысты. Қазақстан жағдайындағы патриоттық тәрбие оқу және оқудан тыс тәрбие жұмыстарының бірлігінде, студенттердің дербес ерекшеліктерін есепке ала отырып, тәрбие әдістерін және тәрбие ісі жіктемесін мақсатты түрде таңдап, олардың үздіксіз өзгеруі мен күрделенуінің, көп түрлі болуының нәтижесінде ғана жүзеге аспақ.
Осы өлшемдер мен көрсеткіштер негізінде зерттелетін қасиеттердің қалыптасу деңгейлері анықталды: төмен, орта, жоғары.
1. Төмен деңгей: қазақ этнопедагогикасына деген қызығушылығы, құрмет сезімі бар, оның патриотизмді қалыптастыруға дұрыс ықпалының бар екенін және ұлттық мәдениетті игерудегі маңыздылығын жете түсінбейді. Когнитивтік, мінез-құлықтық компоненттерін меңгермеген.
2. Орта деңгейі: қазақ этнопедагогикасына ерекше құрметпен қарайды, оны оқып-үйренуге қызығушылығы бар, құнды идеяларды дұрыс қабылдай алады, оның патриотизмді қалыптастыруға дұрыс ықпалының бар екенін және ұлттық мәдениетті игерудегі маңыздылығын түсінеді, қазақ этнопедагогикасы туралы білімі үстірт, патриотизм, қазақстандық патриотизм, ұлттық патриотизм туралы түсінігі нақты емес, патриоттыққа, елжандылыққа баулудың қазақ этнопедагогикасындағы халықтық дәстүрлер мен ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті туралы білімі жеткіліксіз, мінез-құлықтық компоненттің кейбір элементтерін ғана меңгерген.
Кесте 1 – Қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттердің патриоттық тәрбиелілігін қалыптастырудың компоненттері, өлшемдері мен көрсеткіштері
Компоненттер Өлшемдер Көрсеткіштер
Мотивациялық Қазақ этнопедагогикасына деген саналы көзқарас, оның қоғамдық мәнін түсіну, қажеттілігін сезіну қазақ этнопедагогикасына ерекше құрметпен қарау;
қазақ этнопедагогикасын оқып-үйренуге қызығушылықтың болуы;
қазақ этнопедагогикасындағы құнды идеяларды дұрыс қабылдай алуы;
қазақ этнопедагогикасының патриотизмді қалыптастыруға дұрыс ықпалының бар екенін жете түсінуі;
қазақ этнопедагогикасының ұлттық мәдениетті игерудегі маңыздылығын түсінуі.
Когнитивтік Қазақ этнопедагогикасы туралы білімнің және патриоттық сана-сезімнің болуы қазақ этнопедагогикасының қалыптасу, даму тарихы туралы білімі;
қазақ халық шығармашылығының мазмұндық ерекшеліктері туралы білімі;
қазақ этнопедагогикасының тәлім-тәрбиелік идеялары туралы білімі;
патриотизм, қазақстандық патриотизм, ұлттық патриотизм туралы түсінігінің болуы;
патриоттыққа, елжандылыққа баулудың қазақ этнопедагогикасындағы халықтық дәстүрлерін игеруі;
қазақ этнопедагогикасындағы ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін игеруі.
Мінез-құлықтық Қазақ этнопедагогикасын патриоттық іс-әрекетте қолдану білігі ұлттық мәдени шараларға, үйірмелерге, спорт секцияларына, этномәдениет орталықтарына қатынасуы;
қазақ этнопедагогикасының негіздерін күнделікті іс-әрекетінде қолдану;
қазақ халқының мүддесін қорғай білуі;
іс-әрекетінде қазақ халқының патриоттық құндылықтарын белсенді және саналы түрде қолдануы.
3. Жоғары деңгейі: қазақ этнопедагогикасына ерекше құрметпен қарайды, оны оқып-үйренуге қызығушылығы жоғары, құнды идеяларды саналы қабылдай алады, оның патриотизмді қалыптастыруға дұрыс ықпалының бар екенін және ұлттық мәдениетті игерудегі маңыздылығын жете түсінеді, қазақ этнопедагогикасы туралы білімі айтарлықтай терең, патриотизм, қазақстандық патриотизм, ұлттық патриотизм туралы түсінігі жоғары, патриоттыққа, елжандылыққа баулудың қазақ этнопедагогикасындағы халықтық дәстүрлер мен ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті туралы білімі жеткілікті, оларды күнделікті іс-әрекетінде қолдана біледі.
Осылардың барлығы студенттердің патриоттық тәрбиелілігінің даму деңгейлері мен өмірдегі әртүрлі әлеуметтік жағдайларда дұрыс адамгершілікті мінез-құлықтарын көрсетіп, нақтылы қарым-қатынас жасауына мүмкіндік туғызады.
Сонымен жас ұрпақты тәрбиелеу жұмысы қазіргі білім жүйесінің қажетті компоненті болып табылады. Тәрбиенің күрделі процесінің маңызды бір қыры студенттердің патриоттылыққа бағдарланған тұлғасын тәрбиелеу болуы тиіс. Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу тек қоғам мен мемлекеттің сұраныстарына ғана емес, әрбір студенттің дара тұлғалық дамуына бағытталған педагогика ғылымының қазіргі бағыттарына да сәйкес келуі қажет. Өйткені отанға сүйіспеншілік адамның өзін тұлға ретінде сезінуіне, өз елін мақтан тұтуына, өзін онымен байланысты сезін
|