Оралбекова алия курбановна



Pdf көрінісі
бет27/40
Дата07.11.2022
өлшемі3,87 Mb.
#48231
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   40
Potatoes құралдық бағдарламасын қолдануға болады. Бұл бағдарлама 
оқытушыларға бағдарлау тілін меңгермей-ақ немесе бағдарлау мамандарын 
қатыстырмай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалар үшін интерактивті тапсырмалар 
мен бақылау үшін тесттерді өз бетімен жасауға мүмкіндік береді. 
Бағдарламаның көмегімен мәтіндік, графикалық, аудио және бейне-
ақпараттарды пайдалана отырып, әртүрлі пәндер бойынша жаттығулар мен 
тесттердің 10 типін құруға болады. Бағдарламаның ерекшелігі – осы 
құрастырылған тапсырмалар веб-беттің стандартты форматында сақталады 
(айталық, Internet Explorer). Оқушыларға Hot Potatoesбағдарламасы керек емес: 
ол оқытушыларға жаттығуларды құрастыру және редакциялау үшін ғана керек. 
Бағдарлама бүкіл әлемде кез келген пәндерді меңгеру арналған тапсырмаларды 
құрастыру үшін кең қолданылады. Бағдарлама 1997-2003 жылдар аралығында 
Виктория (Канада) университетінің гуманитарлы білім берудің ақпараттық 
технологиялар орталығында жасалды (http://web.uvic.ca/hcmc). Бағдарлама 
авторлары: Stewart Arneil – HTML, JavaScript,Macintosh, Martin Holmes – 


137 
HTML, JavaScript үшін бағдарлау, Windows (http://www.mholmes.com) үшін 
бағдарлау, Hilary Street («Interdesign Media» компаниясы) – графика. 
Martin Holmes соңғы 6-шы нұсқасының, 2003 жылы қазан айында шыққан 
бағдарламаның 
авторы. 
Интернет 
дереккөздерінде 
бар 
басқа 
да 
бағдарламаларды қолдануға да болады.
Көпшілік мұғалімдер әртүрлі тәсілдер мен әдістерді қолданады. Мәселен, 
дамытушы тәсілдер мен әдістер: талдау тәсілі; салыстыру тәсілі: жалпылау 
тәсілі; жіктеу тәсілі: ұғымдарды түсіндіру; әрекеттердің ішкі жоспары. 
Осылайша, АКТ құралдарының көмегімен таным әрекетін басқаруға 
жұмсалған еңбек барлық жағынан алғанда өзін өзі ақтап шыға алады. 
Компьютерлік құралдарды қолдану балаларды оқытуға қажетті 
компоненттерден тұрады. Бұл теледидарлық бейнелер, анимациялар, графика. 
Мұндай сабақтарды талдау таным уәждемесі көбейіп, күрделі материалдарды 
игеруді жеңілдетеді. Мектептен бастап балаларға компьютерде жұмыс істеудің 
гигиеналық нормаларын үйретіп, көзге жаттығуларды жасатып, жеңіл 
жаттығулар жасату керектігін ұмытпау керек (қосымшаны көріңіз).
Компьютер – ойындар мен қызығушылық үшін арналған (біздің 
балаларымыз дәл осылай ойлайды), сонымен қатар әрбірінің өзін өзі 
шығармашылық көрсетудің құралы екендігіне көз жеткізу керек. Барлық 
балаларға оқытудың бастапқы кезеңдерінде ең қызықты әрі қолжетімді іс-
әрекет түрі – сурет салу. Қазіргі заманғы ғалымдардың пікірінше, саусақпен 
жұмыс жасау сөйлеуді дамытады. Суретте ойды жеткізу әлдеқайда оңай әрі 
жеңіл. Сурет балаларға өзін өзі көрсетуге, өзін өзі біреулерге мойындатуға 
септігін тигізіп, көрнекі ойлауды және қиялдауды дамытады. 
Балалар тінтуірмен қарапайым қозғалыстарды орындай отырып, сенсорлық 
жадысын дамытып, әріптерді шапшаң жазуды үйренетіні ғылыми түрде 
дәлелденген әрі негізделген. Мүмкін графикалық редактордың мүмкіндіктері 
кең шығар. Графикалық редакторлар бейнелер мен дайын бейнелерді жинақтап
«сурет етіп салу» үдерісіне бейімделген. Бала құралдар жинағынан әртүрлі 
формадағы қылқаламдарды, әртүрлі түстерді қолдана алады. Сонымен қатар, 
балалар мәтіндердің ішіне және бояу үшін суреттерді пайдалана алады. Оқыту 
қызықты ойынға айналады, бала бұл қызықты ойынды өз қолымен 
жасайды[223]. 
АКТ-ны қолдану балалардың сабаққа деген қызығушылығын оятады. 
Себебі презентация тәсілі қолданылады. Бұл «фасциация», яғни «сүйкімділік» 
деп аталатын ұстанымды білдіреді. Презентация көмегімен балалар әдетте, 
сабақ барысында жоғары белсенділігімен ерекшеленіп, өзінің ойы мен пікірін 
айтуда белсенділік танытады. 
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту үдерісінде психологтар адамның 
маңызды сенсорлық жүйесін, әсіресе кинестетикалық жүйені қолдануды 
ұсынады. Себебі бұл жүйелер моторлы жадымен байланысты әрі баланың
автоматизациялау дағдыларын қалыптастыруға, яғни сананың деңгейіне 
жеткізуге септігін тигізеді.


138 
Мұғалімнің арсеналында интерактивті тақта, дәстүрлі құралдарды 
интерактивті құралдармен үйлесімді біріктіру балаларды оқытуда туындайтын 
көптеген мәселелерді шешуге септігін тигізеді. 
Интерактивті тақтамен бір рет болса да, жұмыс істеген мүмкіндігі 
шектеулі көптеген балалар сабаққа қатысуға басқаларға қарағанда, әлдеқайда 
қызығушылық танытады. Олар сабақта өздерін еркін ұстап, басқа адамдар 
алдындағы қорқынышын жеңіп, қарым-қатынасқа оңай түсе бастайды. 
Интерактивті тақта мүмкіндігі шектеулі балаларға өзін өзі көрсетуге және 
мойындатуға септігін тигізіп, жалпы және шағын моториканы дамытады. 
Себебі тақтада маркерлермен ғана емес, қолмен де, тіпті саусақпен де жұмыс 
істеуге болады. Мұндай технологиялардағы ең үлкен артықшылық – 
балалардың өздері құрастырған: электронды күнделіктер (оқушылардың 
бағаларды белгілеу тәсілі. Балалар оны кәдімгі күнделік орнына пайдаланып, 
жеке жазбалар, бақылау мен талдау т.б. мәселелерді жазу үшін де қолданады); 
элетронды жазу дәптерлері (баспа түрінде жаттығу орындау (жұмыс дәптері); 
бақылау жүргізу; үй тапсырмаларын жазып алу; және маңыздысы – жазбаларды 
«шимайлап» түсіру); электронды портфолио (шығармашылық жұмыстарды 
таңдау, оқушылардың жетістіктерінің куәліктері, электронды тасығыштарға 
сақтау). Бір сөзбен айтқанда, бұл жерде мүмкіндіктердің шеңбері өте зор.
Оқу үдерісіне АКТ-ны енгізу кезінде мұғалімнің рөлі өзгермейтінін атап 
өткен жөн. Ол бұрынғысынша білімнің басты көзі болып қала береді, ал 
ақпараттық құралдар тек ұсынылатын материалды көзбен шолуды жақсартады. 
Дәрістік қызметте студенттер оқушыларға материалды көзбен шолудың әртүрлі 
әдістері туралы әңгімелеуі, АКТ-ны қолдануды қажет ететін жағдайларды 
тудыруы, және ақпараттық құралдармен жұмыс істеуді тәжірибе жүзінде 
көрсетуі тиіс. Сабақ біткен соң мүмкіндігінше материалды бекітудің 
табыстылығын бағалау үшін тестілеуден өткен дұрыс.
Сондай-ақ, ақпараттық құралдардың әрбір оқушының өз экраны болған 
жағдайда жеке-дара оқытуда айтарлықтай рөлі барлығын да түсіну маңызды. 
Жеке-дара компьютерлік оқыту психологиялық тұрғыдан да үлкен әлеуетке ие. 
Бұл материалды игеру барысында оқушының өзін-өзі бағалауы қысым 
көрмейтінімен байланысты, себебі ол компьютерде жаттығудан құпия түрде 
өтеді. Оқушы тапсырманы орындау жылдамдығын, әріптің көлемін, дыбыс 
деңгейін, экранның қалпын және т.б. өз бетінше реттей алады. Мұғалімнің 
міндеті тек оқу үдерісін АКТ-ны қолдана отырып ұйымдастыруға келіп саяды. 
Тәжірибедегі студенттің маңызды міндеті — сабақтарға арналған 
бағдарламалық жасақтаманы таңдап алу. АКТ туралы бастауыш деңгейдегі 
білімі немесе «компьютерлік түсінігі» болған жағдайда мектепке арналған 
бағдарламалық жасақтама пайдаланылады. Білімі жоғары деңгейдегі студенттер 
бағдарламалық сценарийді өз бетінше жасайды. Тарату материалдарына келсек, 
онда оларды дайындау үшін де компьютер мен ғаламтор пайдаланылады.
Сабақтан тыс іс-әрекеттегі ең кең таралған іс-шара – орындалуы үшін 
ғаламтор ресурстары қажет болатын оқушыларға арналған тапсырмаларды 
жасау болып табылады. Мысалы: студенттерге 3 сынып оқушыларына арналған 


139 
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәніне байланысты Блум 
таксономиясының деңгейлік тапсырмаларын жасау тапсырмасы берілді. 
Тапсырмалар жинақталып, талданып, ұтымды нұсқалары өңделіп, сол 
тапсырмалар жинағын біз, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» 
оқулығына енгіздік. Оқу-әдістемелік кешенінің тапсырмалары әр деңгейге сай 
белгілі бір етістіктер арқылы тапсырмалар жиынын ұсынамыз: есте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет