Оралбекова алия курбановна



Pdf көрінісі
бет23/40
Дата07.11.2022
өлшемі3,87 Mb.
#48231
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   40
1 бөлім бойынша тұжырым 
Бірінші бөлімдегі зерттеу материалдарына шолу және талдау жасау 
барысы мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді: 
1. «Инклюзивті білім беруде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 
АКТ қолдану даярлығы» ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың 
мүмкіндіктерін ескере отырып, ақпараттық-коммуникациялық білім беру 
ортасына ерте кіріктіру арқылы инклюзивті жағдайда оқытуды, тәрбиелеуді, 
дамытуды жүзеге асыруының оңтайлы және тиімді етіп пайдалану алу 
даярлығы мен қабілеттілігі анықтамасының негізі жасалды. 
2. Теориялық талдау және педагогикалық, психологиялық еңбектердің 
қарастырылуы нәтижесінде, бізге инклюзивті білім беру жағдайында болашақ 
бастауыш 
сынып 
мұғалімдерінің 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды қолдану даярлығының бірқатар психологиялық және 
педагогикалық ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік берді.
3. Жоғарыда қарастырылған инклюзивті білім беру жағдайында болашақ 
бастауыш сынып мұғалімдерді ақпараттық-коммуникациялық технологияларды 
қолдануға даярлаудың қазіргі жәйі мен психологиялық педагогикалық 
ерекшеліктері инклюзивті білім беру жағдайында болашақ бастауыш сынып 
мұғалімдерді ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға 
даярлау моделін құрастыруға мүмкіндік берді. Модельде:мотивациялық 
(бастауыш сынып мұғалімі тұлғасының кәсіби маңызды қасиеттерінің 
қалыптасуы);когнитивтік (ақпараттық-коммуникациялық технологияларының 
құралдарымен кәсіби мәселелерді шешуге қажет білімдер мен дағдысы көлемі 
және сапасы); еріктік(кәсіби мәселелерді ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялардың көмегімен шешудің тәжірибесі, өнімі, жігерлілік танытуы). 
Модельдің сараптамалық блогы дайындық құрылымының мақсатты 
бағыттылығын айқындайды. Мазмұндық блок болашақ бастауыш сынып 
мұғалімінің осы бағыттағы дайындық технологиясын аша түседі. 
Диагностикалық блок модельдің мақсатқа жетуініңбағалау критерийлерінен 
құрылған – инклюзивті білім беру жағдайында болашақ бастауыш сынып 
мұғалімдерінің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану 
даярлығы. Модельдің құрамына кәсіби даярлықтың барынша тиімді тәсілдері 
біріктірілген.Модель төмендегі ерекшеліктерге негізделген: 
– арнайы курс бойынша оқыту сапасының пәннің мазмұнына және 
таңдалған материалды ұсынудың таңдалған әдісіне тәуелділігі; 
– оқытудың теориялық бөлігінің арнайы мектептердегі педагогикалық 
тәжірибемен үйлесуі; 
– оқушыларды кәсіби іс-әрекетінде АКТ-ны пайдалануға үздіксіз тарту 
үдерісі; 
– АКТ-ны пайдалануға оқытудың мазмұндық бөлігін нақты мамандықтың 
ерекшелігіне бейімдеу. 
4. Студенттердің АКТ-мен жұмыс істеуге дайындығының мазмұнын 
талдау бізге 3 негізгі блокты бөліп қарастыруға мүмкіндік берді:І блок – 


107 
базалық. Ол АКТ-мен жұмыс істеу бойынша бастауыш білімдерді қарастырады 
(мәліметтер базаларымен, Ғаламтор желісінің ақпараттық ресурстарымен, 
мәтіндік және кескіндік редакторлармен, бағдарламалардың арнайы 
ерекшеліктерімен және т.б. жұмыс істей білу).ІІ блок – кәсіби-әдістемелік. 
АТК-мен жұмыс істеу дағдылары қажет боулы мүмкін болашақ кәсіби 
қызметтің инклюзивті саласын түсіну. ІІІ блок – ғылыми-зерттеушілік. Бұл – 
әдеттегі және әдеттен тыс жағдайларды шешудің шығармашылық тәсілі. 
5. Жұмыста ақпараттық-коммуникациялық құралдармен жұмыс істеу 
бойынша теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдыларды игерудің кезеңдік 
сызбасы ұсынылған.
Қарапайымдеңгейде студенттер компьютермен және ғаламтормен жұмыс 
істеудің қарапайым білімдерін игереді. Оның негізгі мақсаты – 1-2 курс 
студенттерінің АКТ-мен жұмыс істеу бойынша алған білімдерін бекіту және 
оларды тек білім беру саласында ғана емес, күнделікті өмірде де пайдалану 
туралы жағымды түсінік қалыптастыру. 
Екінші деңгей – «Функционалдық құзыреттілік» деп аталады. Бұл деңгейде 
студенттер АКТ саласындағы теориялық білімдерін тереңдетеді, өздерінің 
инклюзивті ортада ақпаратты құралдарды қолдана отырып әдеттегі және 
әдеттен тыс міндеттерді шешу дағдыларын қалыптастырады. Бұл деңгей 3 курс 
студенттеріне тән.
Үшінші 
деңгей 
– 
«Жүйелілік 
құзыреттілік». 
Мұнда
АКТ-ны шығармашылық және кәсіби қызметте белсенді қолдану көзделеді.


108 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет