«Органикалық химия» бөлімі. Курстың мазмұны, құрылымы және кұру принциптері


ОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ТУРАЛЫ ҰҒЫМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ



бет2/3
Дата27.11.2023
өлшемі15,6 Kb.
#128605
1   2   3
Байланысты:
13 лекция СӨЖ

ОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ТУРАЛЫ ҰҒЫМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ.
Органикалық заттардың құрылысы А.М.Бутлеровтың химиялық құрылыс теориясы, электрондық теория және кеңістік құрылысының теориясы тұрғысынан қарастырылады. Соңғы кездегі бағдарлама бойынша органикалық химияның курсы органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясын мына жоспарға сәйкес оқып-үйренуден басталады: құрылыс теориясы шығуының алғы шарттары; құрылыс теориясының мәні мен маңызы; изомерия туралы алғашқы ұғым; кіші период элементтері атомдарының электрондық құрылысы және химиялық байланыс.Осындай теорияны 1861 жылы Қазан университетінің профессоры А.М.Бутлеров ұсынды. Ол органикалық заттардың химиялық құрылысы туралы теорияны жасау үшін жаңадан ғана теорияға айналып, әлі кӛпшілік мойындап үлгермеген атом-молекулалық гипотезаны, валенттілік ұғымын пайдаланғаны, заттың құрылысын анықтауда химиялық тәсілге кәміл сенгені туралы тартымды және дәлелді баяндалады. Құрылыс теориясының негізгі қағидалары талқыланады. Бірінші қағида – молекулада атомдардың белгілі бір ретпен байланысатындығы. Бұл қағиданың туынды ұғымдары: түзу және тармақталған көміртегі тізбегі, изомерия және изомерлер, құрылым формулалары. Ұғымдарды нақтылай түсу үшін валенттілік орнына сызықшаларды қойып, метанның химиялық формуласы жазылады. Төрт сутегінің атомы көміртегінің атомдарымен байланысып, өзара тікелей химиялық байланыс түзбейтініне оқушылардың назары аударылады. Бұдан соң этанның, пропанның және бутанның құрылым формулалары жазылады. Пропанда көміртегінің бір атомы өзінен басқа екі атомымен – түзу, ал изобутанда үш атомымен тармақталған тізбек түзіп, байланысатыны анықталады. Қарастырылған қосылыстардың бәрінде көміртегі атомының төртке тең валенттілігі сақталатыны, тізбек түзу органикалық қосылыстардың сан алуан болуына әкелетіні айтылады, мұндай қорытындыға оқушылардың өздері де келе алады. Бутан мен изобутанның құрылысындағы ерекшеліктеріне, мұның өзі олардың қасиеттеріне әсер ететініне кӛңіл бӛлінеді, құрылым формуласына анықтама беріледі. Толық және жартылай құрылым формулалары, олар молекуладағы атомдардың байланыс ретін кӛрсететіні, кеңістік құрылысын бейнелей алмайтыны туралы ұғым қалыптастырылады.
Екінші қағида – атомдардың ӛзара әсері оқушыларға бейорганикалық химиядан таныс мысалдар арқылы түсіндіріледі. Байланысып тұрған атомдарының әсерінен тұз қышқылы, су және аммиак молекулаларындағы сутегі әр түрлі химиялық қасиеттер кӛрсетеді. Жазылған құрылым формулаларына қарап, этанда кӛміртегі ӛзінен басқа бір атомның әсеріне ұшырайтыны, мұның мәнісі кейінірек түсіндірілетіні айтылады.
Құрылыс теориясының үшінші қағидасы – зат қасиетінің құрылысына тәуелділігі бутан мен пентанның изомерлерін қарастыру, олардың физикалық қасиеттеріндегі ерекшеліктерді кӛрсету арқылы нақтыланады.Қанықпаған кӛмірсутектерінен этиленнің және ацетиленнің химиялық, электрондық және кеңістік құрылысы толық қарастырылады.
Ацетилен молекуласында гибридтенуге бір – s және бір – p –бұлты қатысып, sр- гибридтену жүзеге асады, сызықты пішіндегі молекула түзіледі. Гибридтенбеген екі р- бұлттарының бір-біріне перпендикуляр екі пи-байланыстар пайда болады. Кӛміртегі атомдарының арасында үш байланыс түзілуінен олардың ұзындығы едәуір қысқарады. Ацетиленнің электрондық және кеңістік құрылысы модельдер арқылы кӛрсетіледі. Аромат кӛмірсутегі – бензолдың химиялық және электрондық құрылысы туралы тарихи материалдарды келтіре отырып, мәселелік әдіспен талқылынады. Ең алдымен бензолдың тарихи қалыптасқан құрылым формуласымен электрондық құрылысының арасындағы үйлеспеушілік ашылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет