«Органикалық химия» бөлімі. Курстың мазмұны, құрылымы және кұру принциптері



бет1/3
Дата27.11.2023
өлшемі15,6 Kb.
#128605
  1   2   3
Байланысты:
13 лекция СӨЖ



«Органикалық химия» бөлімі. Курстың мазмұны, құрылымы және кұру принциптері. Химиялық құрылыс теориясы органикалық химияның мектеп курсының ғылыми негізі ретінде
Органикалық химия курсының оқу-тәрбиелік маңызы мен міндеттері
Орта мектепте органикалық заттар немесе көміртегі қосылыстарының химиясы арнайы курс ретінде өтіліп, бірқатар оқу-тәрбиелік міндеттерді шешеді.Органикалық химияда заттардың сан алуандығы және оның себептері жөнінде ұғым қалыптасады, органикалық және бейорганикалық қосылыстардың бірлігі мен айырмашылығы ашып көрсетіледі. Органикалық заттар саны жағынан көп, қазіргі кезде белгілі қосылыстардың төрттен үші органикалық заттарға жатады. Органикалық заттардың құрамына негізінен көміртегі, сутегі оттегі, азот, күкірт және фосфор элементтері кіреді.Органикалық химияда заттардың құрылымы мен қасиеттерінің арасындағы тәуелділікті нақтылауға көбірек назар аударылады. Бұл салада бейорганикалық химиядан алған білім тереңдеп, одан әрі дамытылады.Органикалық химияда ғылым аралық және пән аралық байланыстарды жүзеге асыруға зор мүмкіндік туады. Органикалық химия тірі организмдердің құрамына кіретін, олардың денесін құрайтын, биохимиялық бағыттарға қатысатын заттарды зерттейді, тіршілік барысын молекулалық деңгейде түсінуге жәрдемдеседі.Органикалық химияны өткендеоқушылардың зертханалық-сарамандық біліктері дамиды. Едәуір күрделі сапа және сан тәжірибелерін жасауда, эксперимент есептерін шығаруды үйренеді.
Органикалық химия курсының мазмұны мен құрылымы
Орта мектепте оқылатын органикалық химия курсының мазмұны мен құрылымы ұдайы жетілдіріліп келеді.
Алғашқы бағдарламада оқу материалы құрамы қарапайым қосылыстардан басталып, құрылысы және атқаратын қызметі күрделі қосылыстарға дейін орналастырылады. Кейінгі бағдарламаларда осы негізге әдістемелік негіз сақталып, оқу-тәрбиелік маңызы аз кейбір деректі материалдар қысқартылды, жаңа теориялық көзқарастармен толықтырылды. Органикалық химия курсының құрылымын анықтағанда іс жүзінде сыналған дидактикалық және әдістемелік негіздер жүзеге асырылады.Органикалық заттардың оқылатын сыныптарын іріктегенде организмнің құрамына кіретін және маңызды тіршілік әрекеттерін жүзеге асыратын қосылыстарды таңдап алады.Органикалық химия курсына оқушыларға политехникалық әзірлік беретін мағлұматтар енгізіледі. Органикалық заттарды алуға байланысты химиялық өндірістерден бағдарламаға сай келетін, халық шаруашылығындағы маңызы зор, алдыңғы қатарлы технологиясы барлары таңдап алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет