Организм ішікі ортасы


Қанның форменді элементтері



бет2/4
Дата03.12.2023
өлшемі182,66 Kb.
#133699
түріҚұрамы
1   2   3   4
Қанның форменді элементтері
Қанның қызыл түйіршіктері немесе эротроциттер – бұл ядросыз екі жақты ойыс пішінде қан жасушалары, оның диаметрі 7,5 мкм.
Қанның 1 мм3 көлемінде 5 млн эротроцит болады. Бір адамның эротроциттер мөлшері 3800 м2. Олардың негізгі қызметі - өкпеден ұлпаға оттегін өткізу болып табылады. Эротроциттер қызыл сүйек майында пайда болады. Олар 3-4 ай бойы тіршілік етеді. Көне эротроциттер көк бауырда ыдырайды. а) сау адамның эритроциттері; ә) ауру адамның гемоглобинінің эритроциттері. Америкалық ғалым Л.Полинг 1951 жылы үлкен жаңалық ашты. Медицинада “орақ пішінді клеткалық анемия” дейтін ауру белгілі. Бұл аурумен ауырған адамдардың қанындағы эритроциттер “орақ” пішінді болады. Аурудың аты осыған байланысты аталған. Орақ пішінді эритроциттер оттекті тасымалдау қасиетінен айырылады немесе өте нашар тасиды. Л.Полинг осы аурумен ауыратын адамның клеткасы мен дені сау адамның клеткасының гемоглобиндерінің бірінші деңгейіндегі молекулалық құрылымын зерттеген. Ауру адамның гемоглобинінің құрамындағы амин­қышқылдарының тізбегіндегі алтыншы орында тұрған “глутамин қышқылының” орнын “валин” басатынын анықтаған.
а ) сау адамның гемоглобинінің тізбегі; ә) ауру адамның гемоглобинінің тізбегі.

Міне, бұл аурудың себебі гемоглобин құрамындағы бір ғана аминқышқылының орын ауыстыруына байланысты екендігі осы тізбектен көрініп тұр. Сонымен қатар, Л.Полинг пептид молекула­сының берік­тігі оның құра­мын­дағы оттек пен азот атомдарының сутектік бай­ланыспен байланысуына негізделген деген қорытынды жасады. Бұл еңбектері үшін Л.Полинг 1954 жылы Нобель сыйлығына ие болды.


К арл Лайнус Полинг


(1901 ж.т.)
Америкалық биофизик және биохимик. Белоктың екінші реттік құрылымы­ның теориясын тұжырым­дады. Нобель сыйлығының лауреаты.
Қанның ақ түйіршіктері немесе лейкоциттер – ядросы бар және белменді амеба тәрізді қозғалатын түссіз қан жасушалар. Қанның 1 мм3 көлемінде 6-8 мың лейкоциттердің алуан түрлі (лимфоциттер, моноциттер, базофилдер, эозикофилдер және нейтрофилдер) болады. Олар қызыл сүйек майында, лимфа түйіндерінде және көк бауырда пайда болады.
Олардың тіршілік ету мерзімі – бірнеше күн. Лейкоциттердің қорғаныш және қалпына келтіру қызметі олардың қанда антиденелерді құрып, бактериялардың өзіне сіңіріп, жою қабілетіне байланысты. Қан тамырладың қабырғалары арқылы өтіп лейкоциттер қан ағымы арқылы организмнің ұлпа, жасушалар аралығына өте алады да дененің зақымданған жерлерінде жинала алады. Бұл жерде олар жиналған аяқтарымен организмдегі әр түрлі микроорганизмдерді, көне жасушаларды өзіне сіңіріп, жойып тұрады. Оларды жою барысында лейкоциттер өздеріде өліп кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет