тақырыбы
Саңырауқұлаққа қарсы заттар
орындаған: Сураган Дауржан 219 ЖМ
Жоспары
1)Терінің құрылысы
2)Тері жүйесінің қызметтері
3)Тері және оның өсінділері
4)Тері қабаттарының ерекшеліктері
5)Терінің морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктері
6)Тері асты май қабатының ерекшеліктері
7) Қорытынды
8) Пайдаланылған әдебиеттер
Терінің құрылысы Негізгі үш қабаты ажыратылады:
- мүйізді қабат немесе эпидермис;
- өзіндік тері немесе дерма;
- тері асты майлы қабат немесе гиподерма;
Тері өте күрделі құрылысты мүше болып табылады. Ересек адамдарда оның көлемі 1,5 – 2 м құрайды. Әр түрлі аймақта әр түрлі қалыңдықты құрайды, шамамен 0,1 – 4 мм-ге дейін. Арқаны, басты, жамбасты, алақан мен табанда қаптап тұрған тері көбірек қалыңдықты қамтиды, шамамен 4 мм, ал қабақ терісі 10 есе жұқа (0,4 мм) болып келеді.
Тері жүйесінің қызметтері. 1. Тосқауылдық-қорғаныш..
2. Иммундық. Терінің иммундық қорғанышының жасушалық факторларына лимфоциттер, макрофагтар, тіндік базофилдер, гранулоциттер жатады.
3. Рецепторлық. (ауырсыну рецепторлары ≈ 3млн., 1кв.см. ≈ 2 ыстықты, 12 суықты, 25 сипап сезіну и 150 ауырсыну рецепторлары бар.
4. Су мен тұздың алмасуын реттеу (тер бөлу, кебуі арқылы ≈ 30% сұйықтық шығарылады)
5. Терморегуляция (1г кепкен тер ≈ 600ккал жылуды әкетеді.) жылудың әсерінен тамырлар мен тер бездері кеңейеді де, жылудың шығуын жоғарылатады
6. Тыныс алуға қатысады (2%). Тері арқылы тыныстау сыртқы ортаның температурасы жоғарылаған сайын артады.
7. Зат алмасуға қатысады: майдың, көмірсулардың, белоктардың өзгерістері, макро- микроэлнметтердің, белок метаболиттерінің, майдың қоймалануы өтеді.
8. Экскреторлық зиянды заттарды, тұздарды, дәрілердің қалдықтарын сыртқа тер бездерінің көмегі арқылы шығарады.
9. Қан қоймасы 1л дейін.
10.Эмбриогенезде қанжасауға қатысады.
11. Эндокриндік қызмет. Ультракүлгін сәуленің көмегімен Д3 витамині пайда болады, кератиноциттер интерлейцкиндерді (2 және 3) және ЭТБФ өндіреді.
13. Косметикалық және эстетикалық қызмет.
Терінің қабаттарының ерекшеліктері
1. Үстіңгі қабат - өлі жасуша, орын ауысу, қорғаныш, жаңа жасушадағы бояғыш зат, күн сәулесі әсері.
2. Ортаңғы қабат – дәнекер ұлпа, қалың, теріге серпімділік қасиет беру; Қан тамырлар, жүйке талшықтар, май және тер бездері, шаш түбі. Тер бездері – тер бөлуі, салқындау; ысып кетуден сақтау; Май бездері май бөлу; теріге серпімділік беру;
3. Шаш және тырнақ – терінің мүйізденген құрамы: Шаш түсі; бояғыш заттардың ыдырауы, тырнақтың саусақ басын қорғауы.
4. Шел қабатында май торларының болуы. Ішкі мүшені жабу; ағзаны салқындаудан сақтау.
Терінің морфологиялық ерекшеліктері
1. Терінің негізгі қабатындағы өң беретін пигмент меланиннің жеткілік- сіздігінен және түйіршек, мүйізгек қабаттарының жұқалықтарынан нәрестенің терісі ашық қызғылттау болып келеді.
2. Эпидермиялық жасуша құрылысы жағынан жұмсақтау, бостау болып, олардың сулылығы үлкендердікіне қарағанда көп болады.
3. Эпидермис пен дерманың арасы тегіс емес, оларды бөліп тұратын не-гізгі мембрана нашар дамыған, ауырған кезде эпидермис дермадан тез бөлінеді және күлдіреп шыға келеді.
4. Нәрестенің терісінің РҺ 6,3-5,8 болуы бактерияға қарсы тұру қабілетін төмендетеді, бірақ бір айлық кезінде РҺ 3,8–ге жетеді. Сөйтіп терінің қорғаныс қабілеттері арта береді.
5. Балаларда дерманың жасушалық құрылысы, ал үлкендерде талшықты құрылысы басым. 6жаста дерманың құрылысы үлкендердікіне жақындайды. Нәрестеде коллаген талшығы жұқа, ал эластикалық талшығы нашар дамыған.
6.Жіңішке қан тамырларының жақсы дамуына байланысты терінің қан толымы жақсы.
7. Туған кезде нәрестенің терлеу бездері жеткілікті дамығанымен де, шығару түтіктері нашар жетілген.
8. Туғанда баланың терісі май жамылғандай болып тұрады.
9. Терлеуге бейім болады.
Терінің физиологиялық ерекшеліктері
1. Терінің қорғаныс қызметі төмен, сондықтан оңай жарақаттанады.
2. Тері қабынуға бейім себебі, балалар терісінен микробтар оңай өтеді.
3. Бала терісінің дене температурасын реттеу қызметі жетілмеген, содан да ол тез суықтайды, тез қызады.
4. Мүйізгек қабатының жұқалығы, қан тамырларының жақсы дамуы-терінің сору қызметін күшейтеді, сондықтан теріге жағып емдейтін дәрілерді пайдаланғанда оның зияндылығын және улылығын ұмытпаған жөн.
5. Терінің қанмен толық қамтамасыз етілуі, суының көптілігі, түлеуге бейімділігі әртүрлі аурулардың теріден білінетін белгілерінің өзгеше болуына әсер етеді.
Тері бала организімінде көптеген маңызды қызмет атқарады. Ең біріншісі терінің бактериоцидтік қасиеті. Ол теріден шығатын лизоцимге байланысты. Сондықтан тері баланы инфекциядан сақтайтын қорғаныс қызметін атқарады. Тері арқылы витастерин немесе баланың дене дамуы-на әсер ететін қасиет пайда болады. Сонымен қатар тері тыныс мүшесі бо-лып та саналады, себебі денеде тері арқылы көмір қышқылы шығады. Тері зат алмасуға да, үлкен адамның терісі сияқты жылуды реттеуге де қаты-сады. Бірақ балалар терісінің бұл қызметі толық жетілмеген.
Тері асты май қабатының ерекшеліктері
1.Балалардың тері асты май қабатының үлкендерге қарағанда, май жасушалары майдалау, ядролары бар. Өсе келе май жасушалары өсіп, ядролары кішірейеді.
2.Балалардың тері асты май қабатында қатты май қышқылдарының көптігі пальметин және стеарин май қабатының тығыз болуына әсер етеді.
3.Бір жасқа дейінгі балада тері асты май қабатының салыстырмалы салмақ үлесі үлкендерге қарағанда басымырақ, сондықтан бала толық, домалақ болып көрінеді.
4.Балаларда кеуде іш пердесінің майлары жоқ. Олар 5-7 жастан бастап пайда бола бастайды. Осыған байланысты әртүрлі жағдайды балалардың ішкі органдарының қозғалмалы болуы мүмкін. Көбінесе бүйрек орнынан қозғалады, төмен түседі.
Балаларда тері асты май қабатында қоңыр май тіні молырақ. Олардың жылу бөлніштік қасиетінің баланың алғашқы күндерінде маңызы зор. Өс-кен сайын қоңыр май тоқымасы азайып, жылу бөліну де кемиді. Тері асты май қабаты алдымен бетінде, сосын аяқтарында, кеудесінде, арқасында пайда болады, ал бала азғанда майды керісінше жоғалтады