Орындаған: Аманбосын А., Шарапиева Н., Шауалиева К., Шаяхметова А. Тексерген


РНҚ-полимеразаның транскрипциядағы рөлі



бет3/6
Дата30.10.2022
өлшемі3,94 Mb.
#46208
1   2   3   4   5   6

РНҚ-полимеразаның транскрипциядағы рөлі

  • Бұл ферменттің негізгі мақсаты матрицалықтізбек негізінде полинуклеотидтер тізбегін синтездеу болып табылады. Бұл тапсырманы орындау үшін РНҚ полимераза бірқатар функцияларды орындайды, соның ішінде:
  • промоторді тану;
  • комплементарлы принцип бойынша тізбектегі нуклеотидтерді іріктеу;
  • нуклеотидтер арасындағы фосфодиэфирлік байланыстың тұйықталуы;
  • ДНҚ қос тізбегін ашу және қос спиралды кесу;
  • синтезделген тізбектегі қателерді жою.

РНҚ-полимеразалардың құрылысы мен қызметтері:

  • РНК- полимераза прокариоттық және эукариоттық ағзалардың бәрінде табылған. Ішек таяқшасынан (E. coli) бөлініп алынған РНҚ-полимераза тереңірек зерттелген.
  • Прокариоттық РНК- полимераза – жалпы молекулалық салмағы 480000 жуық күрделі ақуыздық кешен, бес түрлі ақуыздардың суббірліктерінен: екі α, β β' және δ фактордан тұрады.
  • Кор-фермент немесе негізгі фермент РНҚ тізбегін синтездейді, 5 протомерден (β, β`, ω және 2 α суббірліктерінен) тұрады;
  • Көмекші суббірлік σ - промоторды таниды және полимеразаның онымен байланысуына көмектеседі, содан кейін ол бірден бөлінеді.
  • σ – суббірлік РНҚ полимеразаның транскрипция басталатын ДНҚ арнайы учаскесін – промоторды тану (транскрипцияның инициациясы) үшін керек. σ – суббірліктің core-фермент кешенімен байланысуынан РНҚ-полимеразаның холензимі түзіледі.

Эукариоттық жасушалардың РНҚ синтездейтін ферменттері

  • Эукариоттық РНҚ-полимеразалар әлдеқайда күрделі және құрамында көбірек суббірліктер бар. Дегенмен, бұл ферменттер жұмыс істеуі үшін ақуыз факторларының үлкен мөлшерін қажет етеді. Соңғысы полимеразаларға промоторды тануға және онымен байланысуға көмектеседі, сонымен қатар ұзару және тоқтату процестеріне қатысады.

Эукариот жасушаларында үш түрлі РНҚ –полимеразалар (I,II,III) кездеседі. Олардың құрылыстары күрделі, құрамдарында 10-15 суббірліктері болуы мүмкін.
- РНҚ –полимераза І ядрошықта орналасады, рибосоманың құрылымына кіретін рРНҚ-ның бастапқы түрлерін: 18 S, 28 S, 5,8 S РНК транскрипциялайды.
- РНҚ –полимераза ІІ ядро шырынында болады, пре –мРНҚ немесе матрицалық РНҚ синтездейді.
- РНК –полимераза ІІІ ядро шырынында болады, пре – тРНҚ гендерін, 5S рРНҚ гендерін және басқа гя РНҚ-ларды транскрипциялайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет