Орындаған: Жангалиева Ұлдана Тексерген: Нуркасинова Ляззат Муратбековна



бет4/6
Дата07.01.2022
өлшемі3,43 Mb.
#18050
1   2   3   4   5   6
Жануарлардың интеллекті.Жоғары сатыдағы жануарлардан (маймыл, дельфиндер) ақылды деп айтуға тұрарлықтай мінез-құлық көріністерін байқауға болады. Мінез-құлықтың осындай түрі маймылдарға жасалған тәжірибеден сан рет байқалған. Мәселен: маймылдың сүйікті тағамы банан жемісін оның қолы жетпейтін жерге іліп қойса, маймыл жемісті алғысы келіп секіреді. Енді ол жәшіктің біреуін әкеліп, үстіне шығып көреді де, әлдеде қолы жетпейтіндігін байқайды. Сонан соң бірнеше жәшікті әкеліп, бірінің үстіне бірін қойып, биіктеткеннен кейін қара тер болып бананды алуға шамасы келеді. Мұндай әдіспен маймылдың осы қылығында қандай болмасын бір мәселені шешуге ұқсас көрініс бар. Жануарлардың интеллектік амалы алда тұрған бөгетті жеңе білуге байланысты туып отырады. Интеллекті хайуанның жеке өзіне ғана тән, оның ғана тапқан әдісі.

Интеллект - "интеллектус" деген латынның сөзі, қазақша "ақыл" деген мағынаны білдіреді.

Жануарлар мен адам психикасының өзіндік ерекшеліктері және сипаттары түрліше, олардың арасында айрықша айырмашылықтар бар. Жануарлардың «тілі» мен адамның сөйлеу тілін салыстыруға мүлде болмайды. Жануарлар жануарларға белгі берумен ғана шектелсе, ал адам анық сөйлеу тілі арқылы әр алуан хабарлар беріп, қазіргі жағдай мен болашақ жөнінде басқа адамдармен қарым-қатынас жасайды. Сөйлеу нәтижесінде әлеуметтік тәжірибесін өзгелерге жеткізеді, сөйтіп, пікір алысады. Жануарлардың қатынас жасау тәсілдері мен адамның сөйлеу тілінің арасындағы ерекшелік — олардың ойлау әрекетінді. Мұндай жайттан біз әрбір жеке психикалык. процестің басқа  функциялармен тығыз байланыста дамып отыратындығын кереміз.

Адамның жануарлардан басты ерекшелігінін, бірі —  еңбек құралын ойлап, жоспарлап жасауы.


  • Біріншіден оны қажет кезінде қолданып, сақтайды.
  • Екіншіден, құрал-саймандарды басқа адамдармен бірлесіп қолданады.
  • Адамның психикалық әрекетіндегі саналылықтың үшінші ерекшелігі — олардың қоғамдық тәжірибені бір-біріне жеткізіп, мұра етіп қалдыратындығы.

  • Адам да, жануарлар да жеке өз тәжірибелерін жинақтайды. Алайда, адам сол тәжірибелерін саналы түрде менгереді. Әрбір адамның мінез-құлқында қоғамдық тәжірибенің ізі сайрап жатады. Қоғамдық тәжірибе адам психикасын дамытуға күшті ықпал етеді. Нәресте жарық дүниеге келісімен, әрқилы әрекеттер жасап, құралдарды қолданып, айналасындағы адамдармен қатынаста болады. Сөйтіп, адамзат баласының психикалық функцияларынын жетілуіне әлеуметтік орта әсер етіп, қажетті құралдарды меңгеруінде сапалық өзгерістерге ұшырайды. Адамға ғана тән жоғары функциялар — ырықты зейін, ырықты ес, абстрақтылы ойлау дамиды.

Адам

Адам


Адамдардың өзара қарым-қатынасы

Адамдардың өзара қарым-қатынасы

Адам

Адам


Ал

Ал


Адам

Адам


Адам психикасы — бүкіл материяның эволюциялық  даму нәтижесі. Психиканың даму сатыларын талдау нәтижесінде біз сананың пайда болуы биологиялық фактормен байланысты екенін түсінеміз. Адамның арғы тегі заттық әрекет ету негізінде ойлаған. Сөйтіп, жоғары  жүйке жүйесінде, әсіресе, бас миында көптеген уақытша байланыстар жасауға қабілетті болған. Алғашқы адамдар қолға ұқсасалдыңғы аяқтарының кемегімен қажетті құралдар жасап, оларды нақты жағдайға қолдана да білген. Жануарлар эволюциясының мәнін түсінуде сана адамның қоғамдық қатынастарының жиынтығы екенін айқын түсіне аламыз. Адамдардың алғашқы қоғамдық қатынастарының сипаты — үйірленіп тіршілік етіп, топтасып өмір сүруі. Сөйтіп, олар өз жауынан қорғанған, тамақ табуда біріне-бірі көмектескен. Еңбекке қажетті құрал жасап қолданған. Еңбектену әрекетінде алдыңғы екі аяғы әр алуан іс-қимылдар жасауға икемделіп, денесін тік ұстаған. Мұндай даму адамнын бас миының жетілуіне зор ықпал еткен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет