Орындаған: Жангалиева Ұлдана Тексерген: Нуркасинова Ляззат Муратбековна



бет5/6
Дата07.01.2022
өлшемі3,43 Mb.
#18050
1   2   3   4   5   6
Сананың негізгі қасиеттері.

Еңбек әрекеті — қоғамдық дамудың алғы шарты және нәтижесі. Еңбек әрекеті адамдар арасындағы қоғамдық қатынастар мен тұрмыс жағдайының күрт өзгеруіне, адам тегінің өсіп жетілуіне қолайлы ықпал етеді. Ортаның күрт өзгеруі адамның тіршілік етуін қиындатып, қажеттіліктерін қанағаттандыруы шиеленісе түсті. Адам қиындықта  жеңбесе, тегінің құрып кету қаупі туды.         Сондықтан олар қауымдасып, топтасьіп тіршілік етуге, біріне-бір бірлесіп  кемектесуге мәжбүр   болды. Адамдардың топтасқан мүшелерінің қарым-қатынасы біртіндеп «өндірістік» қарым-қатынасқа ауысты. Адамның нағыз адамға айналуындағы негізгі шарттың бірі — еңбек.

Еңбек әрекетінің арқасында адамның санасы  дамыды. Эволюциялық дамудың ең жоғағы сатысына көтеріліп, заттық әрекетінің мәнін шынайы  тусінетін  болды, сөйтіп, акиқат дүниені өзгерту дәрежесіне қолы жетті. Еңбек құралдарын жасап, оны қолдану,  сақтау әрекетінің арқасында адам тіршілік ортасына тәуелді болатын бірсыпыра жағдайлардан құтылды, өзін сол ортаның иесі ретінде сезінетін деңгейге көтерілді.  Өздері жасаған құралдармен  әр  алуан  әрекеттерді жасайтын болды. Бұл — адамдар қауымдастығының жануарлар тобынан ерекшеленетін ең басты сапалық айырмашылықтарының бірі. Жоғарыда аталғандай, жануарлар  кездейсоқ заттарды пайдаланса, адам өзіне қажетті, тұрақты заттарды пайдаланды.

Қол еңбек әрекеті нәтижесінде қалыптасып, турлі затқа жанасу арқылы әрбір нәрсені нәзік ссзіне алатын болды. Сондай-ақ, қол материалдық дене жөнінде бағалы мағлұматтар да береді. Қол — тек еңбек органы ған емес. Оның еңбектердің жемісі. Оның дамуы адамнын бүкіл органдарының дамуына да әсер етеді. Қолдын ас күрделі істерді атқаруға бейімделіп, дамып, жетіліп  адамды өз бойын  билеп, тік жүру деңгейіне жеткізді.

Қолмен істелетін сан қилы еңбек әрекеті көздің бақылауымен ұштасып, адамның көру органынын дамуын әсеріш тигізеді. Қол мен көздің бір-біріне сәйкестеніп отыруы адам организмінің бүкіл қимыл-қозғалысын реттеп отырады да, оның танымдық әресін кеңейтеді. Сөйтіп, оның сезіну қызметінін өзгеруі бас миының жетіліп, көлемінін арта түсуіне қолайлы жағдай тудырады. Бас миында қолдың әрекетін реттейтін орталықтын жасалуы адамның психикасы мен әрекетінің барынша күрделеніп отыруына пайдалы әсерін тигізіп, дүниенін сырын неғұрлым терең танып білуге баулиды. Мұндай жетістіктердің бәрі — адамнық еңбек әрекетінің жемісі.

Тарихи даму проиесінде екі шешуші фактор — еңбек пен дыбысты тіл арқылы адамзат орасан зор табыстарға жетіп,  осы заманғы материалдық және рухани мәдениетті меңгереді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет