Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары
Пән:
Қазақстан тарихы
Бағыты: оқу жүктемесі төмендетілген
Білім беру ұйымының атауы:___________________________
Сынып: 11 Литер:___
Білім алушылардың аты-жөні___________________________
№ 27 билет
1)
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиетінің жетістіктерін сипаттаңыз.
[5]
2)
Мәтінді және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, ерте көшпелілер империясы –
Ғұндар мемлекетінің әлемдік тарихи процестерге тигізген әсерін талдаңыз.
Ғұндардың әскериленген мемлекеті
375 жылы олар Еуропаға дейін жетіп, герман тайпаларына шабуыл жасайды.
Еуропадағы ғұндар туралы ақпарат ежелгі дереккөздерде пайда болады, оларды «Батыс
ғұндар» деп атайды. Олар туралы Венгриядағы, Румыниядағы, Болгариядағы ежелгі
ескерткіштерде руникалық жазулар сақталған. Ғұндардың батысқа қарай жылдам алға
жылжуы оңтүстік-шығыс Еуропа халықтарының өміріне үлкен өзгерістер әкелді. Гот
тайпаларының жеңілісі халықтардың ұлы қоныс аударуына себеп болды. Батыс
Германия мен Францияның шығысындағы көптеген қалалар қирады.
https://e-history.kz/kz/news/show/33472
сайтынан алынған
[10]
3)
«Қазақстан–2030» ұзақмерзімді стратегияның қабылдануы Қазақстанның гүлденген
мемлекет құруға ұмтылуының бастамасы болды». Сіз бұл пікірмен қаншалықты
келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
[15]
|