Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары
Пән:
Қазақстан тарихы
Бағыты: оқу жүктемесі
төмендетілген
Білім беру ұйымының атауы:___________________________
Сынып: 11
Литер:___
Білім алушылардың аты-жөні___________________________
№ 27 билет
1)
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиетінің жетістіктерін сипаттаңыз.
[5]
2)
Мәтінді және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, ерте көшпелілер империясы –
Ғұндар мемлекетінің әлемдік тарихи процестерге тигізген әсерін талдаңыз.
Ғұндардың әскериленген мемлекеті
375
жылы олар Еуропаға дейін жетіп, герман тайпаларына шабуыл жасайды.
Еуропадағы ғұндар туралы ақпарат ежелгі дереккөздерде пайда болады, оларды «
Батыс
ғұндар» деп атайды.
Олар туралы Венгриядағы, Румыниядағы,
Болгариядағы ежелгі
ескерткіштерде руникалық жазулар сақталған. Ғұндардың
батысқа қарай жылдам алға
жылжуы оңтүстік-шығыс Еуропа халықтарының өміріне үлкен өзгерістер әкелді. Гот
тайпаларының жеңілісі халықтардың ұлы қоныс аударуына себеп болды. Батыс
Германия мен Францияның шығысындағы көптеген қалалар қирады.
https://e-history.kz/kz/news/show/33472
сайтынан алынған
[10]
3)
«Қазақстан–2030» ұзақмерзімді стратегияның қабылдануы Қазақстанның гүлденген
мемлекет құруға ұмтылуының бастамасы болды».
Сіз бұл пікірмен қаншалықты
келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
[15]