Төменде көрсетілген сипаттамасы бойынша фигураның әрпін белгілеңдер
PQR тікбұрышты үшбұрышының R бұрышы тік. RQ қабырғасы PR қабырғасынан кіші. M нүктесі PQ қабырғасының және N нүктесі QR қабырғасының ортасы. S нүктесі берілген үшбұрыштың ішінде жатқан нүктесі. MN кесіндісі MS кесіндісінен үлкен.
Тапсырма орындалуын бағалау
Іс әрекеті:құзыреттіліктің бірінші деңгейі (қайта өңдеу,анықтау, есептеу)
мазмұны: кеңістік және форма
Ситуация: ғылыми
Код 1: жауабы D.
Код 0: басқа жауаптар
Тапсырма ерекшеліктерінің қысқаша сипаттамасы. Тапсырманың бағалауы – 537 ұпай (орташа деңгей). Фигураның сипаттамасына сәйкес келетін, геометриялық фигуралардың ұсынылған математикалық сипаттамасына сәйкес фигураны таңдауға талап етіледі. Бұл таза математикалық есеп. Оқушаларға математикалық терминдері бар, мәтінде көрсетілгендей фигуралар туралы бірнеше мәліметтерді байланыстыруға талап етіледі. Ауызша түрде, математикалық терминдерді қолдана отырып сәйкес стандартты геометриялық фигуралардың берілген бейнесі бойынша келтірілген ақпараттың элементтерін байланыстыру керек және келтірілген баламалардан сәйкес геометриялық фигураны таңдау.