Орталық жүйке жүйесіне ми мен жұлын жатады. Орталық жүйке жүйесінің басты және арнайы қызметі



бет3/8
Дата31.01.2022
өлшемі37,74 Kb.
#24572
1   2   3   4   5   6   7   8
Механорецепторлар (грек. Mechane – құрал, құрылғы, лат. Recipio – алу, қабылдау) – сезімтал жүйке талшықтарының ұштарындағы рецепторлар, әртүрлі механикалық тітіргентіркендіргіштерге: жанасы, кысым, созу, тербелістер т.б. сырттан немесе организмнің ішкі мүшелерінде пайда болған әсерлерге жауап қайтарады.Олар терінің әртүрлі тереңдігінде және құрылымдық түзілістерге орналасқан. Бұл рецепторлардың көпшілі сезімтал жүйкелердің бос жатқан жүйке ұлпалары болып табылады. Олардың біразы түрлі формадағы капсулаларда орналасады. Адамдардың тегіс терісінде (яғни түктері болмайтын тері) осындай рецепторлардың төрт негізгі типі болады: Пачини денешігі, Мейснер денешігі, Меркель дискісі, Руффия денешігі және Гольджи сіңірлі мүшесі.

Жанасу (тактильді) тітіркендіргіштеріне жауап қайтаратын механорецепторлар ( теріге жанасу және қысымды сезу) жылдам және баяу бейімделетін болып бөлінеді. Жылдам бейімделгіштерге терінің түкті бөліктеріндегі фолликулярлы түктердің рецепторлары, түксіз терідегі Мейснер денешігі және терасты ұлпасында орналасатын Пачини денешігі жатады. Фолликулярлы түктердің рецепторлары мен Мейснер денешігі шамамен 250 Гц жиілігіндегі тітіркендіргіштерге жауап қайтарады.

Баяу бейімделетін тері рецепторларына Меркель дискісі және Руффия денешігі жатады. Меркель дисікісің нүктелік рецепторлық алаңы болады, ал Руффия денешігі тері созылғанда белсендендіріледі, тіпті ол рецепторлардан біршама арақашықтықта орналасады.

Механорецепторладың түрлері

Жанасу механорецепторлары жануарлар мен адамдардың сыртқы жабынында орналасқан, олар жанасуды, қысылуды, созылуды, тербелістерді сезінеді.

Механикалық тітіргентіркендіргіштерді екі типті рецепторлар қабылдайды: механорецепторлар, Пачини денешігі.

Барорецепторлар қантамырларда, жүректе, біріңғай салалы бұлшық етті қуыс мүшелерде орналасып қан қысымының өзгеру кещінде қарын немесе ішекте газ жиналғандағы созылуларға жауап қайтарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет