Өткізгіштің ұштарындағы кернеу В, кедергісі Ом. Ток күші



бет1/2
Дата24.01.2023
өлшемі97,01 Kb.
#62557
  1   2
Байланысты:
24-nuska fizika


ФИЗИКА

1. Өткізгіштің ұштарындағы кернеу 6 В, кедергісі 2 Ом.Ток күші
A) 10А
B) 12А
C) 5А
D) 3А
E) 1/3А

2. Математикалық маятниктің тербеліс периоды 4π с болса, оның жібінің ұзындығы ()
A) 20 м
B) 40 м
C) 10 м
D) 80 м
E) 60 м

3. Массасы 20 кг денені көтерген кезде 4 кДж жұмыс атқарылған болса, дене көтерілген биіктік
A) 20 м
B) 30 м
C) 50 м
D) 40 м
E) 10 м

4. Әрќайсысының кедергісі 20 Ом екі шам параллель ќосылған. Жалпы кедергісі
A) 20 Ом
B) 10 Ом
C) 40 Ом
D) 400 Ом
E) 5 Ом

5. Архимед заңын анықтайтын қағида
A) Газдың ыдыс қабырғаларына түсіретін қысымы газ молекулаларының соқтығысуынан пайда болады
B) Жабық ыдыстағы газдың температурасы неғұрлым жоғары болса, оның қысымы соғұрлым көп болады
C) Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым оның әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі
D) Сұйыққа толық батырылған денені кері итеруші күш көлемі сол дененің көлеміндей сұйықтың салмағына тең
E) Сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымы сұйық бағанының биіктігіне және тығыздығына тура пропорционал

6. Изотермиялық процесс кезінде газға 2108 Дж жылу мөлшері берілген. Ішкі энергияның өзгерісін анықтаңыз.
A) 2108 Дж.
B) 0.
C) 108 Дж.
D) 4108 Дж.
E) 6108 Дж.

7. Материалдық нүкте радиусы 2 м шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалып, бір айналым жасағанда жүретін жолы мен орын ауыстыруы:
A) 4, 0.
B) 2, .
C) 4, .
D) 2, 2.
E) 4, 2.

8. Сүңгуір қайық судың түбінде қатты жерде тұр. Қайыққа әсерлері теңгерілген күштер
A) Жердің қайықты тарту күші мен судың молекуларының әсерлесу күші.
B) Жердің қайықты тарту күші мен судың кері итеруші Архимед күші.
C) Жердің тарту күші мен судың кедергі күші.
D) Жердің қайықты тарту күші мен судың кері итеруші күші және қатты жердің серпінділігі.
E) Жердің тартылыс күші мен қайықтың двигателінің тарту күші.

9. СИ жүйесінде өлшенетін жылдамдық бірлігі
A) см/с.
B) м/с.
C) м/мин.
D) км/сағ.
E) км/с.

10. Жолаушылар поезі жолдың кейбір бөлігінде суретте көрсетілгендей бағытта, бір қалыпты және түзу сызықты қозғалады. Вагонның жоғары қабатындағы жолаушының қолынан тасталған монетаның үстелге түсу нүктесін көрсетіңіз. (Вагонмен байланысқан санақ жүйесінде)

A) 4.
B) 2.
C) 3.
D) 1.
E) 5.

11. Катушкаға тұрақты магнит таяқшасын енгізгенде, онда электр тогы пайда болады. Бұл құбылыс
A) Өздік индукция.
B) Электростатикалық индукция.
C) Электромагниттік индукция.
D) Магниттік индукция.
E) Индуктивтілік.

12. Тербелмелі контурдағы зарядтың гармониялық тербелістерінің теңдеуі
A) q = em×sin(w0t + j0).
B) q = - w0qm×sin(w0t + j0).
C) q = xm×cos(w0t + j0).
D) q = qm×cos(w0t + j0).
E) q = .

13. Броун (броундық қозғалыс) байқаған қозғалыс:
A) кристалл торлардың түйіндеріндегі молекулулардың тербелістері.
B) зат атомдарының хаостық қозғылысы.
C) химиялық реакция.
D) биологиялық құбылыстар.
E) ерітіндіде жүзген бөлшектердің қозғалысы.

14. 210-7 Кл зарядқа электр өрісінің бір нүктесінде 0,015 Н күш әсер етеді. Осы нүктедегі өріс кернеулігі
A) .
B) .
C) .
D) .
E) .

15. Ток күші өзгерісінің теңдеуі: i=8,5sin(314t+0,651). Ток күшінің әсерлік мәні
A) 314 А.
B) 8,5 А.
C) 3,14 А.
D) 6 А.
E) 0,651 А.

16. Карно циклының ПӘК-і дегеніміз
A) Салқындатқышқа берілген жылу мөлшерінің қыздырғыштан алынған жылу мөлшеріне қатынасы.
B) Газдың алған жылу мөлшерінің толық циклде істелген жұмысына қатынасы.
C) Бір циклде істелген жұмыстың салқындатқышқа берілген жылу мөлшеріне қатынасы.
D) Бір циклде істелген жұмыстың қыздырғыштан алынған жылу мөлшеріне қатынасы.
E) Суытқышқа берілген жылу мөлшерінің жұмысқа қатынасы.

17. Екі когерентті толқын көзі n = 400 Гц жиілікпен бірдей фазада тербеліп тұр. Тербелістердің ортадағы таралу жылдамдығы . Жүріс айырмасында тербелістердің максимал әлсіреуі байқалатын ең кіші мәні
A) 2,5 м.
B) 2 м.
C) 1,5 м.
D) 1 м.
E) 1,25 м.

18. Суретте VT диаграммада идеал газ күйінің өзгеру графигі берілген.
Процестерді (1-2-3) ретімен атаңыз

A) Изобара, изохора, изотерма.
B) Изотерма, изохора, изобара.
C) Изотерма, изобара, изохора.
D) Изохора, изотерма, изобара.
E) Изобара, изотерма, изохора.

19. Ауадағы дыбыс толқындарында поляризация құбылысы байқала ма?
A) Иә, дыбыс толқындары - көлденең толқындар.
B) Дұрыс жауабы жоқ.
C) Иә, дыбыс толқындары - қума толқындар.
D) Жоқ, дыбыс толқындары - көлденең толқындар.
E) Жоқ, дыбыс толқындары - қума толқындар.

20. Суретте көрсетілген график бойынша x = x(t) теңдеуін жазып, t = 4c-та жүрілген жолды есептеңіз.

A)  = 3,2t; 6,4 м
B)  = 1,6t; 3,2 м
C)  = 0,8t; 6,4 м
D)  = 2,4t; 6,4 м
E)  = 0,4t; 3,2 м

21. Элементар бөлшектерді тіркейтін құралдардың газдың екпінді иондалуы кезінде ток импульсінің пайда болу құбылысына негізделуі
A) Гейгер есептегішінде.
B) Вильсон камерасында.
C) Қалың қабатты фотоэмульсияда.
D) Фотокамерада.
E) Көпіршіктік камерада.

22. Бор постулатына сәйкес келетін тұжырым
1. Атомдағы электрондар дөңгелек орбитамен қозғалады және бұл кезде электромагниттік сәуле шығарады.
2. Атомдар белгілі бір стационар күйде болады және стационар күйдегі атомдар сәуле шығармайды.
3. Атомдар бір стационар күйден екіншісіне өткенде электромагниттік сәуле квантын шығарады немесе жұтады.
A) 1, 2, 3.
B) 2 және 3.
C) Тек қана 2.
D) Тек қана 1.
E) Тек қана 3.

23. Электрон үдетуші өрісте потенциалы 200 В нүктеден потенциалы 300 В нүктеге орнын ауыстырды. Бастапқы жылдамдығы нөлге тең болса, электронның соңғы алған жылдамдығын анықтаңыз.
(e = 1,610-19 Кл; me = 9,110-31 кг)
A)  8,9106 м/с.
B)  9,9106 м/с.
C)  5,9106 м/с.
D)  7,9106 м/с.
E)  6,9106 м/с.

24. Параллель екі өткізгіш арқылы ток жүреді. Бірінші өткізгіштегі ток күшін өзгертпей, ал екіншісіндегі ток күшін 2 есе арттырса, олардың өзара әсерлесу күші:
A) 2 есе кемиді.
B) 1/2 есе кемиді.
C) 2 есе артады.
D) 4 есе артады.
E) Өзгермейді.

25. Толқын ұзындығы 450 нм сәуле әсерінен мыста фотоэффект байқала ма? Мыстан электрондардың шығу жұмысы А = 4,47 эВ. ( h = 4,13610-15 эВс)
A) Е = 0,028 эВ. Фотоэффект байқалмайды.
B) Е = 0,0028 эВ. Фотоэффект байқалады.
C) Е = 2,8 эВ. Фотоэффект байқалады.
D) Е = 0,28 эВ. Фотоэффект байқалмайды.
E) Е = 2,8 эВ. Фотоэффект байқалмайды.

26. Қуаты 70 кВт, двигателінің тарту күші 7 кН өрге көтеріліп бара жатқан автобустың жылдамдығы:
A) 10 м/сағ.
B) 36 м/с.
C) 10 см/с.
D) 3,6 км/сағ.
E) 36 км/сағ.

27. Ток көзi кедергiсi 1,8 Ом сыммен тұйықталғанда, тiзбектегi ток 0,7 А болады. Ал осы ток көзiн кедергiсi 2,3 Ом сыммен тұйықтасақ, онда ток күшi 0,56 А болады. Ток көзiнiң ЭҚК-i және iшкi кедергiсi:
A) 1,4 В, 0,2 Ом.
B) 1,2 В, 0,3 Ом.
C) 1,0 В, 0,5 Ом.
D) 1,5 В, 0,1 Ом.
E) 2,1 В, 0,3 Ом.

28. Нәрсенің анық кескінін көру үшін, жазық айнаны көзден орналастыру қашықтығы (көздің жақсы көру аралығы 25 см)
A) 12,5 см.
B) 12,5 м.
C) 1,25 м.
D) 1,25 см.
E) 0,125 мм.

29. Қараңғыда көп болған адамның көзі жаттыққан соң, сәуле толқындарының ұзындығы 500 нм, ал қуаты 2,110-17 Вт жарық қабылдайды. Көздің торына 1 с-та түскен фотон санын анықтаңыз
(с = 3108 м/с; h = 6,6210-34 Джс)
A)  53.
B)  98.
C)  560.
D)  2004.
E)  85.

30. Салмағы 1000 Н жүкті 1,4 м биіктікке көтеру үшін, ұзындығы 5 м таќтай ќолданылады. Таќтай бойымен жылжыту үшін жүкке, таќтай жазыќтығына параллель 680 Н күш түсіру керек. Үйкеліс күші
400 Н-ға тең. Осы ќарапайым механизмнің ПӘК-і:
A) 100%.
B) 0.
C) 41%.
D) 70%.
E) 26%.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет