Ортопедиялық стоматология кафедрасы


Альгинатты массамен қалыпты таңертең алып, ғаныштық мүсіннің кешке құйылуы



бет10/11
Дата21.02.2023
өлшемі75,66 Kb.
#69829
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Альгинатты массамен қалыпты таңертең алып, ғаныштық мүсіннің кешке құйылуы.
Асқыну: Балауыз білікті негіздің ауыз қуысында протез орны шекарасына сәйкес келмеуі

2. Науқасқа неғұрлым дұрыс әдіс әрекетін анықтаңыз.


Қалыпты басынан алу

№18 СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕП


Ер адам, 64 жас. Ортопедиялық емдеу кезеңінде. Жартылай алмалы пластиналы протез құрылымын тексергенде: біриықты ұстап тұрушы кламмер 38,32,43 тістерде орналасқан, кламмер иығы 32 тісте экватордан жоғары орналасқан, ал денесі экватордан төмен және тіске тығыз жанасып тұрғаны анықталды.


Сұрақтар және тапсырмалар:


1. Кламмерлерді орналастыруда қандай қателіктер жіберілді?
3.2 тісте кламмер иығы экватордан төмен, денесі экватордан төмен орналасқаны қателік.

2. Мүмкін болатын асқынуларды түсіндіріңіз;



  • Эстетиканың бұзылуы

  • Протез фиксациясының нашар болуы

  • Қызыл иек жарақаты

3. Жақ сүйектерде протездің әсемдігі мен жақсы бекітілуі үшін кламмерлер қалай орналасқаны дұрыс.


Иығы – тістің сауыт бөлігінің 2/3-не жақын көлемін орап, тістің вестибулярлы бетінде экватор мен қызыл иек арасында, экватордан төмен, қызыл иек рельефін қайталай, тіске тығыз жанасып орналасады. Қызметі: протезді ұстап тұру
Денесі – тістің апроксимальді бетінде орналасқан, экватор жоғары жатады, берік және қозғалмайды.
Өсіндісі – протез негізі қалыңдығында, жасанды тіс астында орналасады. Жалпақ және бедерленген болу керек. Қызметі: берік қосылуды қамтамасыз ету.
№19 СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕП

Әйел адам, 55 жас. Протез асты ауру сезіміне шағымданады. Анамнезінен: екі күн бұрын жоғарғы жағына доғалы протез жасалған. Объективті:протездің көлденең доғасы астында таңдай бетінде шырышты қабат ойылған.


Сұрақтар және тапсырмалар:


1. Диагноз қойыңыз;
Протез доғасы биік (техникалық қате)
2. Протез жасау кезінде асқынулар мен қателіктер себебін түсіндіріңіз;
Қателік – доға протез орнына тығыз жанасып орналасқан. Қалыпты жағдайда шырышты қабықтан 07,-1 мм алшақ орналасуы керек. Қателік қаңқаны құю кезінде, 2 зертханалық кезеңде жіберілуі мүмкін, ол қателік 3 клиникалық кезең – протез қаңқасын шақтауда анықталып, жойылмаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет