1. Етеккір циклының нейрогумаральді реттелуі. 2.Ситуациялық есеп: 34 жастағы әйел әйелдер кеңесіне жүктіліктен сақтану тәсілін таңдауға көмек сұрап келді. Соңғы 4 айда әйел спиральмен сақталған. Бірақ етеккір мөлшері көбейгендіктен спиральді алуға тура келген.
Сіздің мейірбикелік диагнозыңыз?
1. ТШҚҰ(ДВС)- синдромы, этиопатогенезі, диагностикасы, емдеу принциптері. 2.Ситуациялық есеп: Г. есімді 35 жастағы қайта босанатын әйел толғақ басталғанына 2 сағат болған, қағанақ суы кеткеніне 30 минут болғанда перзентханаға түсті. Жамбас өлшемдері 26см-26см-31см-17см. Анамнезінде: Бір өлі баламен босану болған. Босану әрекеті тәулікке созылған. Босанғаннан кейін 3 жыл сақтанған, емделген
Акушерлік статус: Іш айналымы-104см. Жатыр деңгейі-38 см. Ұрықтың жатуы тігінен, баспен келіп тұр, жүрек соғысы минутына 130 рет. Қынапты тексергенде: жатыр мойны жайылған, ашылуы 4 см, қағанақ қапшығы жоқ. Диагональды коньюгата 11 см.
Сіздің мейірбикелік диагнозыңыз?