«Осы үйдің қызын үкілей келдік »



Pdf көрінісі
бет3/11
Дата30.03.2017
өлшемі4,52 Mb.
#10618
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Меңдігүл 

ғАРИФОЛЛАҚыЗы,

Жәнібек ауданы

Оның  жұмыс  орны  –  ағын  

суды  тазарту  құрылғыларының 

кешені.  Ағып  келген  суды  әріп­

тестерімен  бірге  түрлі  ерімейтін, 

ұсақталмайтын  заттардан  арылта 

отырып,  оны  қайтадан  өңдеуге 

бағыттайды.  Оның  өлшемі  және 

мөлшері  болады  екен.  Мәселен, 

ылғалдылығы  60  пайыз  және  кө­

лемдік  салмағы  1,5  т/м

3

  құрай­ 



 тын  тұтылатын  тек  құмның  мөл­

шері  жылына  1759  текше  метрді 

құрауы  тиіс.  Басқа  да  өлшемді 

көрсеткіштері  бар.  Әр  ауысымда  

тоғыз адам еңбек етеді. Олар тыр­

ма  және  басқа  құралдармен  ағын 

суды  шөп­шалам,  тас,  құм  және 

басқасынан  тазартып,  тұндыру 

орнына жібереді. Бір ауысымдағы 

жұмыс 12 сағатты құрайды.

– Жұмысым жақсы әрі аса ауыр 

да  емес.  Осында  еңбек  еткеніме 

14  жылдан  асты.  Мені  жұмысқа 

қабылдаған  Виктор  Дорошенко 

сынды  азаматтың  жақсылығын 

ұмытпаймын.  Мамандығым  –  ме­

ханизатор    әрі  жүргізуші.    Қалаға 

1997  жылы  келгенмін.  Алғашқыда 

екі­үш жерде жұмыс істегенім бар.  

Ауыр әрі табысы аз болғасын, кө­

ңілім  толған  жоқ.  Содан  соң  осы 

кәсіпорынға  келгенмін.  Міне,  со­

дан  бері  осы  ұжымдамын,  ­  деді 

қарапайым  еңбек  адамы  ісіне  қа­

нағаттанғандық сезіммен.

Сырым  ауданындағы  Аралтөбе 

ауылының түлегі ұжымдағы өзара 

татулық  пен  ынтымақ  ахуалына  

дән  риза.  Әсіресе,  өзінің  тікелей 

басшысы  Шамиль  Закиров  пен 

бұрын  бірге  істеген,  қазір  кәсіп­

орынның су  ресурстары бөлімінің 

инженері  Олег  Дәулетияровтың 

есімдерін  құрметпен  атайды.  Жұ­ 

 мыс қанша күрделі болса да, ұжым­

дағылар  бірін­бірі  ауырып  қалса 

немесе  той­домалақ,  өлім­жітім 

жағдайында  ауыстыра  алады.  Бұ­ 

 ған  кәсіпорын  басшысы,  өзі  де 

бұрынғы  ауылдың  баласы  А.  Сақ­



Су – тіршілік  көзі. Міне, осы өмір нәрімен облыс орта-

лығы және жекелеген елді мекендерді қамту «Батыс су 

арнасы» ЖШС-ның ұжымына жүктелген. Кәсіптік міндетін 

мүлтіксіз атқаратын ұжымның бір мүшесі Салауат Жақсы-

ғалиев те аянбай еңбек етіп, ортақ іске лайықты үлесін 

қосып келеді.  Елбасымыз Н. Назарбаев өзінің соңғы Жол-

дауында айрықша атап көрсеткен «алтын қолды еңбек 

адамдарының» қатарына Салауатты да батыл қосуға 

болады. 

қазов түсіністікпен қарайтын көрі­

неді.  Түсіністік  демекші,  А  Жақсы­ 

 ғалиев  ұжымда  жалақының  уа­ 

 қытында  берілетінін  және  жұмыс­ 

 шы­қызметкерлердің  белгілі  бір 

уақытта  сыйақыдан  кенде  қал­

майтынын  баса  көрсетті.  Кәсіп­

орыннан  бөлінген  арнаулы  көлік 

оларды  мезгілінде  жұмысқа  апа­

рып,  үйге  әкеліп  тастайды.  Бір 

сөзбен  айтқанда,  алаңсыз  еңбек­ 

ке толық жағдай туғызылған.

­  Әрине,  жұмыста  апатты  жағ­

дайлар  болмаса  да,  қиыншылық­

тар  жоқ  емес.  Өйткені  ағын  суды 

қаншалықты  тазартып,  тұндыруға 

жібергеннің өзінде, күтпеген жер­

ден  төтенше  жағдай  болуы  ық­

тимал.  Сондықтан  арқаны  кеңге 

салуға  болмайды.  Яғни  қашан 

да  апатты  жағдайдың  алдын  алу 

үшін  даяр  тұруға  міндеттіміз.  Се­

бебі  ол  –  кәсіптік    парызым  жә­

не  өзімнің,  отбасымның  тұрақты 

күнкөрісінің  кепілдігі.  Келешекте 

де  әріптестеріммен  бірге  қала 

халқына  сапалы  тұрмыстық  қыз­

мет  көрсету  –  бізге  міндет,  ­  деді 

сөз  соңында  «Батыс  су  арнасы» 

кәсіпорнының  кәріздік  тазалау 

құрылыстары  учаскесі  сорғы  қон­

дырғыларының машинисі Салауат 

Жақсығалиев.



Серік  ИХСАНғАЛИ,  

«Орал өңірі»

6

oral_oniri@inbox.ru

Бейсенбі,  28  қаңтар 2016 жыл

қоҒАМ


Ж

иынды  ашқан  атал­

мыш  басқарма  басшы­

сының  міндетін  атқа­

рушы,  полиция  подполковнигі 

Жанболат  Жаншиннің  сөзіне  қа­ 

рағанда,  әкімшілік  полиция  бас­

қармасында  электронды  кезек  жү­ 

йесі қолданылатын жаңа жоба жү­ 

зеге аспақшы. Бұл мұндағы тіркеу, 

емтихан қабылдау, әкімшілік тәжі­

рибе  бөлімшелерінің  жұмысын  жа­ 

ңа жолға қойып, дамытуға мүмкін­

дік  бермек.  Аталмыш  іс­шара  Ел­ 

басының  «100  нақты  қадам»  Ұлт­

тық  жоспарын  жүзеге  асыру,  «Қа­

зақстан  Республикасының  кейбір 

заңнамалық  актілеріне  жергілікті 

полиция  қызметінің  жұмысы  мә­ 

селелері бойынша өзгерістер мен 

толықтырулар  енгізу  туралы»  заң 

талабы  аясында  және  облыс  әкі­

мінің  тапсырмасы  бойынша  қолға 

алынған. 

–  Мұндай  жүйені  енгізу  нәти­

жесінде  көлік  құралдарын  тіркеу, 

қайта  тіркеу,  жүргізуші  куәлікте­ 

рін  беру  және  әкімшілік  құқықбұ­

зушылық  істері  бойынша  талдауды 

жүргізуге  қатысты  халыққа  көр­

сетілетін  мемлекеттік  қызметтің 

сапасын  арттырады.  Электронды 

кезек түрлі қызмет көрсету шара­

лары  кезінде  адам  факторының 

қатысуына  жол  бермейді.  Ендігі 

уақытта кезек күтетін азаматтарға 

жайлы  жағдай  туғызылмақшы.  Яғ­ 

ни  басқарма  ғимаратында  қайта 

Әкімшілік  полиция 

АДАМ ФАКТоРыН жоЮҒА НИеТ ТАНыТыП оТыР

жабдықтау  жұмыстары  жүргізіле­

ді. Сондай­ақ штаттан тыс іс жүргі­

зуші қызметкерлерін енгізу де қа­ 

растырылып  отыр,  –  деді  Жанбо­

лат Жасқайратұлы.

Өз кезегінде сөз алған «Халық­

қа қызмет көрсету орталығы» РМК 

БҚО  филиалының  директоры  Ма­

рат  Бассаровтың  айтуынша,  бұл 

салада  тоғыз  жылдық  тәжірибесі 

бар ХҚО мамандары аталмыш жо­ 

баға  кеңесші  ретінде  қатысқан. 

«Бұл  жобаның  жүзеге  асуына 

облыс  әкімі  Нұрлан  Ноғаев  пен 

қала  әкімі  Алтай  Көлгінов  үлкен 

жанашырлық танытты. Біз әкімдік­

терде,  ІІД­да  бірнеше  мәрте  жи­

налдық.  Артынан    қаланың  біраз 

бөлігіне  барып,  оған  арнайы  жер 

қарадық.  Бірақ  қазіргі  әкімшілік 

полициясы  басқармасы  ғимара­

тынан  қолайлы  орын  таппадық, 

­  деді  Марат  Владимирұлы.  –  Бұл 

мамандандырылған ХҚО емес, со­

ның  желісінде  қолға  алынған  жоба. 

Ондағы  жүйе  қазіргі  жағдаймен 

салыстыруға  келмейді.  Заман  та­

лабына  сай,  жетілдірілген  деңгей­

де  қызмет  көрсетілмекші.  Қазіргі 

таңда бұл жобаны жүзеге асыру ба­

ғытындағы  жұмыстар  қолға  алын­ 

ды. Жоба жақын аралықта ма, бол­

маса  жылдың  соңына  дейін  іске 

қосыла  ма,  ол  жағын  нақты  айта 

алмаймын».

Жиын соңында БАҚ өкілдері сұ­

рақтар  қойып,  тиісінше  жауаптар 

алды.


Сәкен  ӘБІЛХАЛыҚОВ

Ғайсағали  СЕЙТақ, 

«Kazinform»  агенттігінің  тілшісі:

–  Қазіргі  жол­көлік  оқиғалары­

ның  көп  болуы  автомектептерде­ 

 гі  білім  сапасына  да  қатысты  шы­

ғар  деп  ойлаймын.  Оларда  мем­ 

лекеттік тілде сабақ беру көңіл қа­

нағаттандырмайды.  Кейбір  әдіс­ 

темелік құралдар орысша. Осы ба­

ғытта  сіздердің  тараптарыңыздан 

қандай шаралар қолға алынуда?



Жанболат  ЖаНШИН:

–  Жол­көлік  оқиғаларына  қа­ 

тысты  автомектептерде  оқыған­ 

дарды  ғана  кінәлауға  болмас. 

Оның  негізгі  себебі  –  жүргізуші­

лердің  сана­сезімінде.  Мәселен, 

көрші  Ресейдегі  жүргізушілер  қа­ 

шан  да  бір­бірін  түсінуге,  қолдау­

ға,  қиын  сәттерде  жол  беруге  да­

йын.  Еліміздің  өзге  өңірлерінен 

де  осындай  жағдайды  көруге  бо­ 

лады.  Ал  біздің  батыс  облыста­

рында бұл өзекті мәселе. Жерлес­

Кеше ОКҚ-ның облыстық филиалында БҚО ІІД 

әкімшілік полициясы басқармасының тіркеу және емти-

хан алу бөліміндегі жаңа өзгерістер, электронды қызмет 

көрсетудің жаңа мүмкіндіктері тақырыбында баспасөз 

мәслихаты өтті.

теріміздің  санасында  жүргізуші­ 

лік  ынтымақтастық  жоқ.  Жол­кө­ 

лік  оқиғаларына  тап  болып  жат­

қандардың ішінде тек автомектеп­

ті  жаңа  бітіргендер  емес,  жиырма 

жылдық  жүргізушілік  тәжірибесі 

барлар  да  ұшырасуы  осыны  ай­ 

ғақтайды.

Автомектептегі  оқуға  келсек, 

мұнда  оқуға  ниет  білдірген  жан­

дар  қай  тілде  оқитынын  өздері 

таңдайды.  Біздегі  автомектептер­ 

де  мемлекеттік  тілде  де,  орыс  ті­ 

лінде  де  сабақ  бере  алатын  мұға­

лімдер  бар.  Емтихандар  мемле­

кеттік  тілде  де  қабылданады.

дмитрий  ТЕРЕЩЕНКО,

«Надежда»  газетінің  тілшісі:

–  Қазіргі  уақытта  әкімшілік  по­ 

лиция  басқармасы  қызметкерле­

рінің жүктемесі қандай? Жаңа жо­ 

ба  енгізілгеннен  кейін  ол  қанша­

лықты төмендейді?



Жанболат  ЖаНШИН:

– Қызметкерлеріміз күніне 150­

180  техникалық  куәлік,  80  жүргі­ 

зуші  куәлігін  береді.  Бұл  дегені­ 

міз ­ жылына бір қызметкерге 2000 

материалдан  келеді  деген  сөз.  Ал 

біздің  штаттағы  қызметкерлер­ 

дің  аздығына  байланысты  соңғы 

кездері  айына  2000  материал  ке­

ліп отыр. Бұл – өте үлкен жүктеме. 

Соған  байланысты  штаттан  тыс 

іс  жүргізушілерді  алғымыз  келіп 

отыр. Ол өз кезегінде тұрғындарға 

да  ыңғайлы  болады.  Жаңа  жоба 

жүктеме санын едәуір азайтады.

Сыбайлас  жемқорлыққа  қар­ 

сы  күрес  мекемесінің  ақпара­ 

тында  У.  Разовтың  алған  парасы 

ақшалай емес, материалдық құн­

дылық  негізіндегі  жалпы  көле­ 

мі  250  мың  теңгені  құрағанды­ 

ғы  көрсетілген.  Бұл  пара  депар­

тамент  басшысына  кәсіпкерлік 

қызметке  қолдау  көрсету  және 

ісіне араласпау үшін берілген. 

Бүгінгі  таңда  парамен  ұстал­ 

ған лауазым  иесі  қамауда отыр. 

Ләззат ШАғАтАй

парамен 


 ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа 

қарсы іс-қимыл бюросының 

баспасөз қызметінен түскен 

мәлімет бойынша облыстық 

табиғи монополияларды рет- 

теу және бәсекелестікті қорғау 

департаментінің басшысы 

уәлихан Разов  парамен 

ұсталды.

Бұл шара ел тәуелсіздігінің 25 

жылдығына  орай  және  алдағы  

жазда  Рио­де­Жанейрода  (Бра­ 

зилия)  өтетін  олимпиадаға  қа­ 

 тысатын  отандық  спортшылар­

ды  қолдау  мақсатында  ұйымдас­

тырылуда.  Сағат  11.00­де  баста­ 

латын шаңғы жорыққа өз шаңғы­ 

 ларымен  қаладағы  үлкенді­кіші­ 

лі  оқу  орындарының  студентте­ 

рі мен мекеме­кәсіпорындардың 

еңбек  ұжымдарына  қоса,  мек­

теп  оқушылары,  тіпті  қала  қо­ 

нақтары  да  қатыса  алады.  Жа­ 

рыс  қорытындысында  «Спортқұ­ 

мар  отбасы»,  «Белсенді  ұжым», 

«Ең  балғын  шаңғышы»  және  «Ең 

сақа  шаңғышы»  аталымдары  бо­

йынша  сый­сияпат  беріледі. 

Қысқы  таза  ауадағы  керемет 

шаңғы­серуеннен  қалыс  қалып 

жүрмеңіз! 

ең  балғын   

және  ең  сақа 

шаңғышы  кім?



Осы аптаның сенбісінде

яғни 30 қаңтар күні Орал 

қалалық  мәдениет  және  дема-

лыс саябағында бұқаралық 

шаңғы серуен өтеді. 

7

oral_oniri@inbox.ru

Бейсенбі,  28  қаңтар 2016 жыл

әлеуМеТ


қР  Білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  

бағдарламасына  орай  Батыс  қазақстан  облысында

БаЛаЛаРдың  МЕКТЕПКЕ  дЕЙІНГІ  ТӘРБИЕМЕН  қаМТыЛуы 

МЕКТЕПКЕ  дЕЙІНГІ  ЖЕКЕ  МЕКЕМЕЛЕР

2011 жыл

Балабақша

  

4

Бала саны

 

200

2012 жыл

Балабақша

  

4

Бала саны 

228

2013 жыл

Балабақша

  

6

Бала саны

 

359

2014 жыл

Балабақша

  

8

Бала саны

 

396

2015 жыл

Балабақша

  

14

Бала саны

 

765

ШОШқа  ТҰМауыНаН  қаЛаЙ  СақТаНаМыЗ?

–  Соңғы  кездері  журналистер  шошқа  тұмауы  туралы  «дабылды»  жиі  қағуда?  Бұл  пәлекет- 

тің  алғашқы  белгілері  қандай  және  мұндай  дерттен  қалай  сақтануға  болады? 

       қалдықыз  ЖОЛаМаНОВа,

                                                                               зейнеткер,

                                                                            ақсай  қаласы,

                                                                            Бөрлі  ауданы

Батыс  қазақстан  облыстық жұқпалы  аурулар ауруханасы  

ересектер  бөлімінің  меңгерушісі  Гүлнәр  НӘЖІМОВа:  

     


– Ел аузында, халық арасында «шошқа тұмауы» атанып кеткен дерттің ғылы­ 

ми­медициналық атауы – «Н1N1 тұмауы».  Бұл дертке шалдыққан адам ағзасының 

қызуы  39­40  градусқа  дейін  көтеріліп,  басы  ауырып,  жөтеле  бастайды.  Тіпті  құсуы  

да  мүмкін. Былайынша кәдімгі тұмауға ұқсайды, бірақ ауырлау өтеді. Сол себеп­

ті  сырқаттанған  кісі  бірден  дәрігерге  қаралғаны  жөн.  Сонымен  қатар  кісі  көп  

жиналатын  жерге  бармай,  ағзасының  ауру­сырқауға  қарсылық  қабілетін  (имму­

нитетті) көтеретін дәрумендер қабылдауы керек. Негізі мұндай дерттің алдын алу үшін тұмауға қарсы 

екпе алған дұрыс. Тұмауға қарсы екпе екі жасқа дейінгі балалар, жүктіліктің ортаңғы және соңғы кезе­ 

ңінде  жүрген  әйелдер,  қарт  кісілер,  созылмалы  ауруы  бар  адамдар  мен  медицина  қызметкерле­ 

ріне,  қарттар  үйі,  балалар  үйі  секілді  жабық мекемелердегі  адамдарға  бірінші  кезекте  салынды. 

Біздің  облыста  22  қаңтардағы  мәлімет  бойынша  14307  адам  тұмаумен  тіркелді.  Тұмаудың  асқынуы 

пневмония,  гайморит,  минингит,  отит  секілді  кеселдерге  ұласуы  мүмкін.  Сондықтан  тұмау  белгілері  

сезіле  бастағаннан­ақ  науқас  бірден  дәрігерге  барғаны  дұрыс. 

Редакциядан:  Ғаламтордағы  мәліметтерге  қарағанда,  қазіргі  кезде  шошқа  тұмауы  ТМД  елдерінің 

көпшілігін  алаңдатуда. Ресейдің  Санкт­Петербург  қаласында  бес  бірдей  науқастың  осы  дерттен  қайтыс 

болғаны  тіркелген.  Нева  жағалауындағы  шаһардың  ауруханаларында  H1N1  жұқпасын  (вирусын)  жұқ­ 

тырды  деген  күдікпен  310  адам  ем­дом  қабылдауда.  Ресейлік  «Роспотребнадзор»  мекемесінің  төр­ 

айымы Анна Попованың айтуынша, Ресейдің 17 өңірінде ондаған адам ауруханаға жеткізілген. Украина­ 

ның Денсаулық сақтау министрлігі осы елдің 70­тен астам тұрғыны доңыз тұмауынан көз жұмғанын рас­ 

тады. Арменияда шошқа тұмауынан 16 адам қайтыс болған. Ал Қазақстанның әр өңірінде Н1N1 виру­

сын  жұқтырған  270  науқас  тіркелген.    Мәселен,  Атырауда  –  41,  Қызылорда  және  Маңғыстау  облыста­ 

рының әрқайсысында 38 адамнан, Астанада – 31, Ақтөбеде  – 28, Оңтүстік Қазақстанда 37 науқас тіркел­ 

ген. Демек,  барынша  сақ  болайық,  сақтанайық,  ағайын!  



СҰРақ-ЖауаП

қаБІРдІң  60  Мың  ТЕңГЕ  

ТҰРаТыНы РаС  Па?

– Былтыр жазда атырау облысынан Оралдың маңында-

ғы  ауылдардың  біріне  қоныс  аударғанбыз.  Осы  өткен  ап-

тада  Оралға  бір  жамағайынның  жаназасына  барып,  қала 

маңындағы бейіттерде марқұм болған кісіні жерлейтін қа-

бірлік жер телімінің құны 60-65 мың теңге екендігін естіп, 

жағамды ұстадым. Тап осы рас болса, сұмдық екен. Өзі кісі- 

сі  өліп,  қайғы  жамылып  отырған  қарапайым  отбасы  әл- 

гіндей  қаржыны  қапелімде  қайдан  табады? 

Серікбол ЖаНҰЗақОВ,

зейнеткер

Мұрадым  ЖӘНІБЕКОВ,

«Ритуал-Орал» ЖШС-ның

директоры: 

– Шамасы, Серікбол ақсақал қағыс есті­

ген болып тұр. Өмірден озған жанды Орал 

қаласы  бойынша  ақиреттік  сапарға  шы­

ғарып  салумен  ресми  айналыстан  меке­ 

мелердің бірі біздің ЖШС. Бүгінгі таңда Орал 

қаласының төңірегіндегі мұсылмандар зиратында марқұм үшін 

қабірлік жер телімін сатып алу және оны қаздыру 24 600 теңге 

тұрады. Егер көму қызметін де пайдаланса, қосымша 12 мың 260 

теңге төлейді. Христиандар үшін қабірлік жер телімін сатып алу 

және көрді қаздыру, көму қызметтерінің жиынтық құны – 24 860 

теңге.  Егер  қабірді  қаздыру  және  көму  қызметтеріне  жүгінбей, 

тек  қана  қажетті  жер  телімін  сатып  алар  болса,  мұсылман  да, 

христиан да 15 мың теңге төлейді. Қабірлік жердің бағасы бір­

неше жылдан бері өзгерген емес  және жуық  маңда  өзгерту  де  

ойымызда  жоқ.

3 пен   

6 жас 


2011 жыл

94%


95,3%

2012 жыл

2013 жыл

95,7%


97,5%

2014 жыл

97,9%


2015 жыл

ақпаркесте   облыстық  білім  басқармасы  берген  мәлімет  негізінде  дайындалды

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

60%


60,9%

59,4%


62,2%

62,3%


1 мен   

6 жас 


8

oral_oniri@inbox.ru

Бейсенбі, 28  қаңтар 2016 жыл

КөКейКесТі



Е

л­жұртты  жат  діни  ағым­ 

дардан  арашалау  жөнін­ 

дегі  алғашқы  мақаламды 

өз басым 1999 жылы жазған екен­

мін.  Ол  сол  жылы  “Орал  өңірі” 



«Өо»,  №34,  12  мамыр,  1999 

жыл) және “Қазақ әдебиеті” («қӘ» 

№23,  4-11  маусым,  1999  жыл) 

газеттерінде  жарық  көрген 



“Ұл-

қызыңыз қай дінде?” атты мате­

риал  еді.  Содан  бері  осы  мәселе 

журналист  ретінде  менің  ұдайы  

назарымда.  Үшбу  мақала  шыққа­ 

лы бері не өзгерді?.. 

Тәуелсіздіктің  таңсәрі  жылда­

рында  онсыз  да  ат  төбеліндей  аз  

ғана  қазақты  діни  ала­құлалыққа  

ұрындыруға  ұмтылған  мысықті­ 

леулі  күштер  әуелі  біздің  ұлты­

мызды  христиандықтың  әр  түрлі 

бағытына  тартуға  ұмтылып,  еван­ 

гелизация  үдерісін  белсенді  жүр­

гізіп бақты. Бұлардан «Иегово куә­ 

герлері»  мен  кришнаиттік  ағым­

ды уағыздаушылар да қалыса қой­

мады.  Сөйтіп,  біраз  қазақтың  са­ 

насы  сол  кездің  өзінде­ақ  жат  ді­ 

ни­наным сеніммен уланды. Енде­ 

ше,  бұл  мысықтілеулі  миссионер­

лердің  «еңбегі»,  өкінішке  орай, 

нәтижелі  болды  деген  сөз.  Бер­

тін  келе  қазақ  арасын  ала  қой­ 

ды бөле қырыққандай қылып бүл­ 

діру  біздің  дүниетанымымызға,  

салт­дәстүрімізге, әдет­ғұрпымыз­

ға  жат  «исламдық  құндылықтар­

ды»  тықпалау  арқылы  белең  ал­

ды.  Ең  сорақысы  бұл  алдыңғы 

арандатушылықтан  бетер  «жеміс­

ті»  болып  шықты.  Осы  жағдай  Қа­

зақстан  Республикасының  «Діни 

қызмет  және  діни  бірлестіктер  

туралы»  заңына  біраз  толықты­ 

рулар  мен  өзгертулер  енгізіп,  заң 

талаптарын  барынша  қатайтуға 

итермеледі. 

Әлқисса,  ел  ішінде,  халық  ара­

сында  билік  аталмыш  мәселеге 

кештеу назар аударды деген пікір 

де  айтылып  қалады.  Бірақ  шүкір 

делік,  “Ештен  кеш  жақсы”  деген 

де бар ғой, тек  ендігі тірлік баян­

ды  болғай.  Алайда  кейбір  жат  ді­

ни  ағымға  арбалғандар  қазірдің 

өзінде  өздеріне  қолайлы  жағдай­ 

ды  барынша  тезірек  қалыптасты­ 

руға  жанталасып  бағуда  екендігі  

байқалады.  Осындай  қауіп­қатер­ 

ді  сезіп­біліп  һәм  көріп  жүрген­

нен кейін құқық қорғау құрылым­

дарының  агентуралық  жүйесі  шұ­

ғыл  ширап,  пәрменді  бола  түссе 

деп тілейсің.  

Ата­бабамыз  қанын  да  төгіп, 

жанын  да  қиып  аңсаған  ұлы  мәр­

тебелі  тәуелсіздікке  қол  жеткен  

мына  заманда  қазақ  неге  діни­

идеологиялық әркелкілікке ұрын­

ды???  Иә,  егемендіктің  елең­алаң 

жылдарында  қазақты  қазіргідей 

діни  ала­құлалыққа  душар  ету  

үшін  бастапқы  жымысқы  әрекет­

тер  жасала  бастағандығын  жоға­

рыда  алға  тарттық.  Аңдамай  қал­

дық  па,  әлде  сезе  тұра  жете  мән 

бермедік  пе  екен?..  Обалы  не  ке­ 

Мұсылманшылық кімде жоқ,

Тілде бар да, ділде жоқ...

Махамбет 

рек, сол кездің өзінде­ақ діни ала­

уыздыққа  негізделіп,  ұлттық  жә­ 

не  мемлекеттік  біртұтастыққа  тө­ 

ніп  келе  жатқан  қауіп­қатерді  бі­ 

рен­саран болса да, зар илеп айт­

қан  әріптестеріміз  болды.  Алайда 

Жұматай  шайыр  айтпақшы,  «Ақы­ 

мақ  әлем  алған  ба,  ақынның  ті­ 

лін бір рет...».

Былтырғы  13  қарашада  153 

адамның өмірін жалмаған Париж­

дегі лаңкестік оқиғадан кейін рес­ 

публикалық  телеарналардың  бі­ 

ріне  берген  сұхбатында  белгілі  

саясаттанушы,  Қазақстан  страте­ 

гиялық  зерттеулер  институтының 

директоры  Ерлан  Карин  Сирия­

дағы  жанкештілердің  арасында 

Франция,  Бельгия,  Дания  секілді 

еуропалық  іргелі  елдердің  аза­

маттары  аз  еместігін  айта  келіп, 

олардың  көбі  әжептәуір  жасқа  

келсе  де,  өмірден  өз  орнын  тап­

паған  жігіт­желең  екендігін  тілге 

тиек етті 

(иә, «ауруын жасырған 

өледі»  дегенге  сайсақ,  жат  ел- 

ге  барып,  өздерінше  «жиһад» 

жариялап,  Сирияда  «соғысып» 

жүргендердің  арасында  өз  қа-

зағымыз да баршылық.  Б.Ғ).  

Қазақ  тілді  басылымдарда,  со­ 

ның  ішінде  өзіміздің  «Орал  өңі­

рінде»  де  жат  діни  ағымға  арбал­ 

ған  қандастарымыз  туралы  біраз 

жазылды.  Біз  осы  келеңсіздіктің 

астарына  үңіліп,  ел­жұрттың  ара­

сында 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет