Осы кітапша оқыту мен оқу үдерісін жетілдіру және дамыту мақсатында Lesson



Pdf көрінісі
бет4/12
Дата06.01.2022
өлшемі1 Mb.
#12479
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
 

 


Lesson Study: Нұсқаулық

 

Pete Dudley 



 6 

2. Lesson Study  жүргізу 

 

Lesson  Study  тәсілі  кем  дегенде  үш  Lesson  Study-ден  тұратын  циклден  құралады,  ол 

сабақтарды  мұғалімдер  тобы  бірлесіп  жоспарлап,  оқытып/қадағалайды  және  талдайды 

(төмендегі 1-суретті қараңыз). 



 

 

1-сурет. Lesson Study циклдері (Дереккөз: Бетлехем университеті, «Оқыту мен оқудағы шеберлік 

орталығының» оқу құралы: Lesson Study, Dudley, Р. (2011)) 

 

Ұсынылатын іс-әрекеттер 

Мектепте  жаңа  кәсіби  оқыту  әдісін  енгізу 

ұнайтын бір топ мұғалімді іріктеп алыңыз (үш адам 

болғаны  қолайлы  болмақ).  Бұл  топтың  құрамына 

басшылық  өкілі  мен  бай  тәжірибесі  бар  мұғалім 

қатысса, Lesson Study тиімді болады. 

Күтілетін нәтижелерді анықтап, топ мүшелерінде 

өздерін  сырттан  қатаң  бақылауға  алынғандай  сезім 

тудырмай,  кідірместен  «тәуекелге  бел  бууға» 

мүмкіндік  беретін  негізгі  ережелерді  белгілеу 

мақсатында мәжіліс өткізіңіз. Lesson Study барысында 

топтың  барлық  мүшелерінің  кәсіби  білім  алушы 

ретінде мәртебесі тең болады. 

Белгілі  бір  мектептің,  сыныптың  немесе  белгілі 

бір жас мөлшеріндегі топтың қажеттіліктері негізінде 

қаралатын мәселені белгілеп алыңыз, мысалы: топтық 

жұмыс  арқылы  оқыту  үшін  пікірталасты  қолдану 



Түсініктемелер 

«Бұл сыныпта болып 

жатқан нәрселерге басқаша 

қарауыма мүмкіндік берді». 


Lesson Study: Нұсқаулық

 

Pete Dudley 



 7 

қағидаттары. 

Сабақтарды  жоспарлауда,  бақылауда  және 

талдауда  Lesson  Study-дің  жалпы  нысандарын 

пайдаланыңыз (үлгілері осы кітапшада берілген).  

Бірінші 


Lesson 

Study-ді 

жоспарлау 

үшін 

мұғалімдерге  арнайы  уақыт  бөліңіз  (кем  дегенде  бір 



сағат). 

Lesson  Study  кезінде  олардың  уақытын  бағалаңыз 

және  Lesson  Study  аяқталғаннан  кейін  бірден  немесе 

көп  уақыт  өткізбей  талқылау  жүргізуді  қамтамасыз 

етіңіз. 


Жұмыс  барысына  белсенді  түрде  қызығушылық 

танытыңыз. 



Lesson  Study-ді  жүргізетін  топқа  өз  нәтижелерін 

әріптестеріне  көрсетулері  үшін  арнайы  мүмкіндік 

ұсыныңыз (педагогикалық кеңес, коучинг және т.б.). 

Топтың  бұл  мүшелерін  келесі  Lesson  Study-ді 

өткізу 

үшін 


жаңа 

топты 


ұйымдастыруда 

педагогикалық  ұжымның  көшбасшылары  ретінде 

пайдаланыңыз. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет