Lesson Study: Нұсқаулық
Pete Dudley
2
Lesson Study: нұсқаулық
Осы кітапша оқыту мен оқу үдерісін жетілдіру және дамыту мақсатында Lesson
Study (сабақты зерттеу) тәсілін пайдалану жөніндегі нұсқаулық болып табылады.
Кітапша:
мектептерде Lesson Study тәсілін қолдануда,
Lesson Study-ді жоспарлауда, өткізуде және талдауда,
Оқушыларды Lesson Study үдерісіне тартуда,
Lesson Study өткізу нәтижесінде алынған тәжірибелік білімді әріптестермен бөлісуде
көмектесе алады.
Lesson Study – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған,
сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Ол
ХІХ ғасырдың 70-жылдарында Жапонияда бастау алып, осылайша Батыста қолданылатын
«Іс-әрекеттегі зерттеу» тәсілінен 70 жыл бұрын қолданыла бастаған.
Lesson Study-ге шараны бірлесе жоспарлап, өткізетін, қадағалайтын, оқыту мен
оқуды талдай отырып, өз қорытындыларын қағаз бетіне түсіретін мұғалімдер тобы
қатысады. Lesson Study циклін өткізу кезінде мұғалімдер оқыту тәжірибесіне жаңа әдістер
енгізеді немесе оны жетілдіреді, кейін ашық Lesson Study өткізу немесе жұмыс сипатталған
құжатты жариялау арқылы әріптестеріне таратады.
Батыста Lesson Study америкалық зерттеушілер жапон мұғалімдерінің жалпы
педагогика саласында да, сондай-ақ АҚШ-тың оқушыларымен салыстырғанда жапон
оқушыларының білім деңгейлері анағұрлым жоғары болуын қамтамасыз ететін белгілі бір
пәнді оқыту саласында да білімдері жоғары екендігін дәлелдегеннен кейін осы ғасырда ғана
танымал бола бастады (Stigler and Hiebert, 1999; TIMSS, 1999).
Қазір уақытта Шығыс Азияда Lesson Study Жапониямен қоса, Сингапурде, Гонконг
пен Қытайда қолданылады. Бұл тәсіл сонымен қатар батыс елдерде де, соның ішінде АҚШ-та,
Ұлыбританияда, Швецияда және Канадада қолданылуда.
Lesson Study бастауыш және орта мектептерде негізгі пәндер бойынша оқушылардың
білім деңгейін көтеру және оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында, сонымен қатар оқыту
үшін бағалау сияқты тәжірибелік әдістерді әзірлеу мақсатында табысты қолданылады. Lesson
Study өткізу барысында топта (немесе жұппен) жұмыс істейтін мұғалімдер:
• Өздері күнделікті жинаған материалдары мен жүйелі бағалау деректерін
оқушылардың оқу мен даму басымдықтарын белгілеу үшін қолданады.
• Алдағы уақытта әзірленетін немесе жетілдірілетін, белгіленген міндеттерге жауап
беретін оқыту әдістемесін бірлесіп анықтайды (1-суретті қараңыз).
• Үш «бақылаудағы оқушыны» анықтайды, олар әрқайсысы сыныптағы белгілі бір
топтың өкілі болуы қажет, мысалы, оқу үлгерімінің деңгейі жоғары, орта, төмен
оқушылардан.
• Lesson Study-ді бірлесіп жоспарлап, сабақты өткізу барысында зерттелетін үш
оқушыны үнемі назарға ала отырып, оқыту әдістемесін пайдаланады және оның
нәтижелерін мұқият зерттейді.
• Бақылаудағы оқушылардың дамуы мен оқуына басты назар аудара отырып, Lesson
Study өткізеді және оны қадағалайды. Аталған үдерістер бірнеше сабақ бойы
қайталанып, жетілдірілуі мүмкін. Бақылауды барлық Lesson Study кезінде жүргізу
міндетті емес.
• Бақылаудағы оқушылардың Lesson Study туралы ойларын білу үшін олармен
сұхбаттасады.
• Lesson Study-ді талқылайды.
• Қолданылатын әдіске бақылаудағы оқушылардың қалай қарайтынын, олардың жеткен
жетістіктерін, оқуда көрсететін нәтижелері мен кездесетін қиындықтарын білу,
сонымен қатар алынған тәжірибені келешекте оқыту мен оқу әдістемесін әзірлеу үшін
пайдалану мақсатында Lesson Study-ге талдау жүргізеді.
Lesson Study: Нұсқаулық
Pete Dudley
3
• Мектеп мұғалімдеріне таныстырылым жасау немесе коучинг өткізу арқылы Lesson
Study тәсілін қолдану нәтижелерін көпшілік қауымға ұсынады.
Осы аталған әрбір кезең бойынша толық ұсыныстар кітапшаның тиісті тарауларында
көрсетілген, олар авторлардың Англия мен шетелдердегі мектептер мен колледждерде Lesson
Study тәсілінің қолданылуы жөніндегі білімдеріне негізделген.
Соңғы екі тарауда мектеп басшыларының бұл бағытта не істей алатындығы туралы
идеялар қарастырылған:
a.
Lesson Study өткізу уақытын жоспарлау және осы тәсілді мектеп бағдарламасына
енгізу;
ә.
Lesson Study негізінде кәсіптік оқытуды дамыту мен қолдау, сонымен қатар мектеп
аясында коучинг өткізуге арналған тұғыр ретінде Lesson Study моделін қолдану үшін
жетекші мұғалімдерді пайдалану.