Қосымшалардың жалғануы



бет8/8
Дата19.10.2023
өлшемі0,99 Mb.
#119324
1   2   3   4   5   6   7   8

Жатыс септік


Іс-әрекеттің, қимылдың жүзеге асу уақытын, мезгілін, мекенін, көлемін білдіреді: сегізде басталады, жұмысында жоқ. Жатыс септігінің грамматикалық мағынасы түбір сөздің семантикасы мен контекстегі қолданысына қарай өзгеріп отырады. Мысалы: жазда, түнде дегенде түбір сөздің семантикасына сәйкес мезгілдік мәнді білдірсе, ауылда, қалада сөздерінде мекендік мағынаны білдіреді. Жатыс септіктің қосымшасыз қолданылуы өте сирек кездеседі.Тек қана біріңғай мүшелерде жатыс септігі жалғауы түсіп қалады.

Шығыс септік


Іс-әрекеттің бастапқы орнын, себебін, өлшем-мөлшерін, т.б. мағыналарын білдіреді.
1967 жылы шыққан “Қазақ грамматикасында” мынадай мағыналары көрсетілген:
Іс-әрекеттің, қимылдың қандай объектінің төңірегінде өткендігін білдіреді: бетінен сүйді
Сындық мағынадағы сөздермен грамматикалық қатынаста салыстыру мәнін білдіреді: балдан тәтті
Істің, қимылдың себебін білдіреді: суықтан тоңды
Объект мен істің, қимылдың арасындағы түрлі грамматикалық қатынасты білдіреді: сөзінен жаңылды
Белгілі бір бөлшегі, үлесі алынатын затты білдіреді: астан алды
Нәрсенің, заттың тегін, неден істелгенін білдіреді: барқыттан тігілген
Іс-қимылдың мекенін білдіреді: үйден келді
Сөздің негізгі лексикалық мағынасына қарай өлшем, мөлшер мағынасын білдіреді: жеті айдан асты
Етістіктермен ғана емес, есім сөздермен де грамматикалық байланыста болады.

Көмектес септік


Қазақ тілінен басқа түркі тілдерінде септік жалғауы ретінде танылмайтын, қазақ тіліндегі септіктер жүйесінде кейіннен қалыптасқан септік жалғауы – көмектес септігі. Сингармонизм заңына бағынбайды, мағыналық құрамы күрделі. Н.Оралбай мынадай мағыналарын бөліп көрсетеді: қимылдың құралы (балтамен шапты), ортақтық мағына (туыстарымен бірікті), қимылдың тәсіл (ақылмен істе), қимылдың мекені (жолмен жүрді), қимылдың мезгілі (түнімен жүрді).
А.Ысқақов осы мағыналарға қимылдың астасу, ұштасу сияқты жай-күй қатынастарын білдіретін мағыналарын қосады (кезумен жүр).
Ғылыми грамматикаларда жеті, сегіз мағынасы аталып жүр.
Оралбай Н.
Синтетикалық септік (үйге кеді)
Аналитикалық септік (сөз ішінде, үйге дейін келді)
Көмекші есімді аналитика-лық септік
Септеулік шылау арқылы келген аналитика-лық септік
Қазақ тілінің грамматикасында (1967) зат есім жүйесін ерекшелейтін белгі ретінде жақтылық (жіктелетін) пен жақсыздық (жіктелмейтін) категориясын көрсетеді.
К.Аханов жіктік жалғауын жақтық мағынаның көрсеткіші ретінде анықтайды.
Н.Оралбай зат есімдердің жіктелуін олардың синтаксистік қызметімен байланыстырады.
Жақ категориясы етістікке тән
Адамға қатысты сөздер ғана жіктеледі.
Тілде сөздердің жіктелуінің төрт түрлі жолы бар.
Жіктік жалғау төрт түрлі болып жалғанады
  • Есім сөздер, есімше тұлғасы мен қалып етістіктері: отыр, тұр, жатыр жүр.
  • Көсемшенің –а,-е,-й,-ып,-іп,-п тұлғасы.
  • Жедел өткен шақ /-ды,-ді/ пен шартты рай /-са,-се/ тұлғалары.
  • Бұйрық райда жіктелу.

Назарларыңызға рақмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет