әмірді ауыл бас сайын кісі шаптырып айтқызып жатқан
(М. Әуезов). Сол сағатта жандарм бастығы Горещенко жұмысшыларды атауға
әмір қылды
(С. Дөнентаев). Әмірші −
1) әкім, бастық, басшы, басқарушы;2) жарлық, бұйрық беруші, әмір етуші. Араб тілінде
’амūрун –
басқарушы, әмір, бастық дегенді
білдіреді
(АРС., М., 1958, 50). ХVІ ғасырда Констинопольді жаулап алушы,
осман түріктерінің сұлтаны, Мехмед өзіне «әмір», «бек» деген де (титул) атақ
берді
(Гордловский В. Гос. селд. МА, М–Л., 1941, 128 ).
«Мына кісі сізбен
сөйлесемін дейді. Сөз жарыстыруға, ақыл салыстыруға қарсы емес шығарсыз?»
деді.
Әмірші «Мақұл» деді
(Нұртуған). Бірақ сонда билеуші,
әмірші жүрек
болса жарайды. Ақыл сенің қырың көп, жүрек сенің көп қырыңа жүрмейді
(Абай). «Күштінің арты тиірмен тартады» деген сияқты қазақ мақалдары
қанаушылар мен
әміршілердің айтқанына көніп, айдауына жүруді уағыздайтын
нақылият екені айқын
(Қ. Сағындықов). Әпенді –
қазақ ұғымында тентіреп жүрген жынды жарымес. Бұл сөз
араб тілінде
афенди /господин/ мырза дегенді білдіреді
(АРС., М., 1958, 44). Әсет (асат) −
1) арыстан; 2) астр. Арыстан шоқжұлдызы;3) күн жылнаманың бесінші айына сәйкес келетін шілде айының аты (22 шілде – 21 тамыз). Сол замат салқын түсіп, зауал ауған, Шілде емес сарша тамыз
әсет болған. Аспанда аудан-аудан ақ бұлт жоқ, Көгеріп көк жүзіне сағым толған
(Нұртуған). Мысалы, жоғарыдағы текстегі