Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар


қазірет алды талай  малын  (С. Торайғыров). Өтіпті бізден бұрын  Қазірет



Pdf көрінісі
бет180/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   393
Байланысты:
жыр әдеби тил

қазірет
алды талай 
малын 
(С. Торайғыров).
Өтіпті бізден бұрын 
Қазірет 
Ғалы, Ұжмақтан шыққан 
оның Зұлпұқары 
(Жарылқасын). 
Сонда, пәтуә айтатын кім? Әрине, Ағатай 
хазрет,
− деді біреулер 
(С. Мұқанов).
Хазрет
отырған үйден бір жігіт шықты 
(А. Машанов). 
Хазірет
бабасының басына дұға оқуға зират жаққа кеткен екен 
(Д. Әбілов).
...Тас қорғанда ел отыр, қақпасында 
хазірет
... 
(«Қазақ әдебиетінің 
тарихы»).
Әләй болсын! (әлей болсын!)
− 
Айтқаның келсін, бірге болсын!
деген 
мағынаны білдіретін жол үстінде кездесе қалғанда айтылатын тілек («Жол 
болсын!» деген тілекке айтылатын жауап) (Кеңесбаев І. ҚТФС., Ғ., А.,1977, 82 
). 
«Әй, аға, сапарыңыз оң болсын!» деп, Кідіріп тұрды бұған ол бишара. «Жол 
болсын десең, інім, 
әләй болсын,
Жолықтым, − дейді, − саған оңашада» 
(Нұртуған). 
Қайдан жүрсіз? – деді Асқар – Орынбордан… − Жол болсын! − 
Әлей болсын!
(С. Мұқанов). 
 

Әлмисақ (әлімсақ, алмисақ), Әлімсақтан // Әлімсақтан бері қарай 

1) шарт; 2) одақ; 3) уәде, серт; 4) діни. әлемнің жаратылған уақыты, мезгілі
«
Әлімсақтан» келе жатқан, ежелден, баяғыдан, атам заманнан бері қарай 
деген мағынада айтылады.
Қазақ тілінде «Әлімсақтан бері мұсылманбыз» 
деген діни ұғымды фраза бар. Бұл мысалдағы «әлмисақ» 
(’ал-мисақу)
деген – 
ант мағынасында айтылатын араб сөзі. Ислам дінінің ұғымынша: әлем 
жаратылыстан, адам баласы, тірі жәндік, жер мен көк болмастан бұрын ұшып 
жүрген жануардан «алла сендерді кім жаратты, иелерің кім болады дегенде, 
жандар: «Сіз жараттыңыз: иеміз де сіз» депті-міс. Арабша «әлмисақ оһуа әл 
Ғаһділ маусухи ол кітаб» деген бар. Мұның мағынасы − 
Әлімсах
– ант ішкенде 
берілген уәде және үндеу 
(І. Кеңесбаев).
Бітіріп алты күнде құдіретімен
Қалдырмай тамамдаған бір сағаттан. Аспан, жер – жаралғанның есебі жоқ, 


144 
Бейөлшеу арғы жағы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет