Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар


Зауал  ауып түс те қайтты  (Нұртуған). Күн екінділікке барыпты,  зауал



Pdf көрінісі
бет235/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   393
Байланысты:
жыр әдеби тил

Зауал 
ауып түс те қайтты 
(Нұртуған).
Күн екінділікке барыпты, 
зауал 
ауып, кешкі самал да түсіп 
қалыпты 
(Қ. Жармағамбетов). 
– Құдай өзі берген жанын өзі алар. Соңырағы 
күн 
зауал 
шағымда менің жан аларым Қаратаз боп келсе, пешенемнен көрермін
(Ә. Нұрпейісов). 
Күн екінділікке барыпты, 
зауал
ауып, кешкі самал да түсіп 
қалыпты
(Қ. Жармағамбетов);
ІІ Зауал 

 
1) жоқ болу, ғайып болу, құру, жоғалу; 2) апатқа ұшырау.
«Ордаға қалмай келсін,− деп,− Ойласу үшін амалды! Ертең сәске болғанда, 
Жирен сақал аулына Саламыз; − деп, − 
зауалды!»
(Нұртуған). 
Кеңесті бір жыл 
ұдайы, әр күнге, Бір адам ақы сұраса келтіруге. «Әрдайым жоққа 
зауал
болмас» 
деген, Себеп бар әр нәрсені жеткізуге 
(Ерімбет).
Әр нәрсеге бір 
зауал 
(Мақал).
Неміске де сол 
зауал 
Ажал жақын оларға 
(Жамбыл).
Аңдысқан екі жағының 
біріне пана, біріне 
зауал 
сияқтанып найзаның ұшындай өткір аран тастар
(Ғ. Мүсірепов).
Қалмақтан шошыныпсың есің кетіп, Бастарыңа тұр екен 
зауал 
жетіп 
(«Достан батыр»).
Зәмзәм (зәм-зәм, әбу-зәмзәм, зәмзем) 

 
1) мол, молшылық; 2) Мекедегі 
Қағбаның жанындағы белгілі құдықтың аты (оның суының «қасиеті», 
«кереметі» туралы діни аңыздар көп; 3) ауыс. тәтті сусын, арақ-шарап (әзіл, 
қалжың ретінде айтылады). 
Араб тілінде
 
замзамун
– 
Мекке қаласындағы 
Қааба храмының жанындағы құдық
(АРС., М., 1958, 419).
В. В. Бартольд: 
«Иемен мен Серия арасындағы бұлақ земзем делінеді. Бұл қасиетті су 
саудагерлерге сатылады»,− деп көрсетеді 
(Бартольд. Ислам. 1918, 14).
Мекеге 
қажылыққа барған мұсылмандар елдеріне сол құдықтың суын шөлмектеп алып 
қайтады, оны қараңғы халыққа шипалы деп ұғындырады. Егер адам өлер 
алдында сол судың бір тамшысын жұтса, оның азабы тозақта 500 жылға кемиді-
міс. 
Зәмзәм
құдығының пайда болуын «Ибраһим» пайғамбардың сахараға қуып 
жіберген тоқалы Ажар мен оның баласы Ысмайылмен байланыстырады
(Н. Оңдасынов).
Сонан соң есік ашып жәннат кірсем, Шомылсам 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет