шам
–
кешкілік, кешкі ас; кеш
дегенді білдіреді
(ПРС., М., 1960, 303).
Қазақ тіліндегі
сам да // сам жамырады
да парсы тіліндегі
шам
деген сөз. Мұнда тек қана
ш
мен
с
дыбысы алмасып кеткен. Кеткенде
сам жамырап
, жәшиық болып,
Қарасай қайтып келіп қосқа қонған. Шатырға жалғыз өзі жатты барып, Келмеді
түнде ұйқысы ой ойланып
(Нұртуған).
Күннің куәсі боп қалмау үшін Күн
батып,
Сам жамырап
, сәуле сөнді
(І. Жансүгіров);
Шам жамырау.
Шам жамырай
бастағаны ма, жоқ батар күннің жауын
бұлты арқылы себездегені ме, әйтеуір батыс жақта, көк жиектің үстінде сарғыш
мұнар бар
(М. Әуезов).
Шарапат
– марқабат, ізгілік.
Араб тілінде
шарафун
–
ізгілік, құрмет
дегенді білдіреді
(АРС., М., 1958, 504);
Шарапатлы
–
мейірімді, құрметті деген мағынада.
Шарапат
зат
есіміне жалғанып тұрған
–лы
зат есімнен сын есім тудырушы жұрнақ (қазіргі
қазақ тіліндегі
-ты/-ті/-ды/-ді
жұрнағы, мысалы: мейірім-ді, құрмет-ті). Мұнан
соң Сәлім нәби
шарапатлы,
Мұғбада қызыл қоспақ нардан туған. Меккеде
мекен-жайы өмір сүрген, Елу жыл дүниеде дәурен құрған
(Нұртуған).
Дүниеге
шарапатлы
Ғайса келіп, Халықты інжіл оқып, сөзін жайған. Даража отыз
жаста келіп бұған,Үлгі алар ләһәттіге тіл қозғаған
(Нұртуған).
Ермесе бата
сұрайық, Жақсыдан тиер
шарапат!
(«Қобыланды батыр»);
Шарапаты тиді
–
мархабат етті, жақсылығы тиді.
Жақсымен жолдас
болсаң
Достарыңызбен бөлісу: |