Әр қабырғаның пішіні мен құрылысында өзіне тән ерекшеліктері бар. Жоғарғы ҮІІ жұп қабырғаны шын қабырға деп атайды. Олар тікелей шеміршек арқылы төс сүйегіне бекиді. ҮІІІ-Х жұп қабырғлар ұзын шеміршек арқылы алдыңғыларымен жалғасады. Оларды жалған қабырғалар деп атайды. ХІ-ХІІ жұп қабырғалардың алдыңғы ұшы бос қалады. Оларды бос қабырғалар деп атайды.