Қосымша: 1. Пономарев В.Д. Аналитическая химия. ч. 1, 2. М., Высшая школа, 1982.
2. Основы аналитической химии. Практическое руководство. Под ред. Ю.А. Золотова. –М., Высшая школа, 2001.
3. Патсаев Ә.Қ., Шыназбекова Ш.С. Аналитикалық химия пәні бойынша студенттердің өзіндік жүмыстарына арналған оқу-әдістемелік қолданба, Шымкент, 2005.
9. Бақылау сұрақтары : 1. Физикалық сапалық анықтау әдістері:
А. Экстракциялық анализ С. Спектрдің сызықтары
В. Полярограмма түрлері Д. Түсті реакциялар Е. люминесценция түрлері
2. Электрохимиялық әдістерге жатады:
А. Потенциометрия С. комплексонометрия Е. полярография
В. оксидиметрия Д. кондуктометрия
3. Сәйкестілікті келтіріңіз:
І. Талдаулар:
бөлшектік
жүйелі
хроматографиялық
экстракциялық
II. анықтамалары:
А. Зерттелетін заттың бір-бірімен қосылмайтын екі фазада әртүрлі дәрежеде еруіне, таралуына негізделген талдау әдісі;
В. Әдісі бойынша ерітінді бойындағы ионды өзге иондар қатысында бірден сол ионға тән ерекше реакция жүргізу арқылы анықтайды;
С. Таңдамалы түрде сүйық немесе қатты заттар қоспасының бір немесе бірнеше компоненттерін органикалық еріткіштер көмегімен бөліп шығаруға мүмкіндік туғызады;
Д. Жүйелі талдауда, алдымен заттарды топтарға бөледі, содан соң әрбір затты топ ішінен бөліп анықтайды.
4. ______ _____ талдау барысында ерітіндідегі ион түрлі ортақ реагенттердің әсер етуі арқылы топшаларға бөлініп әр топшаға жататын иондар түрлері, оларға тән реакциялар арқылы анықталады.
5. ________ - зерттелетін заттың бір-бірімен қосылмайтын екі фазада әртүрлі дәрежеде еруіне, таралуына негізделген талдау әдісі.
6. _______ анализ электрод потенциалынөлшеуге негізделген, оны анықтау шамасы ерітіндінің концентрациясымен анықталатын компоненттің потенциал активтілігіне байланысты.
7.______ – анықталатын затты жүйеден нашар еритін тұнба не өзге бір құрамы белгілі қосылыс түріне айналдырып, оның массасын таразыда өлшеу арқылы тұжырым жасауға негізделген әдіс.
№ 4 тақырып
Тақырыбы: Экстракция. Медицина мен фармацияда экстракцияның қолданылуы.
2. Мақсаты: Фармацияда өсімдік шикізаттарынан эфирлі май, алкалоидтар және т.б. физиологиялық активті заттар алуда экстракция әдісі кеңінен қолданылады.
3. Тапсырма : 1. Экстракция деп қандай процесті айтамыз?
2. Сүйықтық экстракция дегеніміз не?
3. Заттың екі фаза арасында таралуы.
4. Таралу коэффициенті дегеніміз не?
5. Таралу константасы.
4. Тапсырманы орындау түрі: реферат, презентация, глоссарий.
5. Тапсырманы орындауға қойылатын талаптар : 1. 10 беттен артық қолмен жазылған үлгісі
2. Кем дегенде 3 қосымша пайдаланылған әдебиет
3. Интернетті пайдалану
4. Барлық сұрақтар мен есептердің жауаптары берілуі тиіс
6.Тапсыру мерзімі: ІІІ семестр, 11-12 аптасы.
7. Бағалауға қойылатын талаптар: рефератты қорғау, презентация жасау, глоссарий құрастыру және СӨЖ бойынша балымен бағалау.
8. Әдебиеттер: 1. Патсаев Ә.Қ., Шыназбекова Ш.С. Аналитикалық химия. Шымкент, 2007.
2. Құлажанов Қ.С. Аналитикалық химия. Алматы, Білім, 1994.
3. Өтелбаев Б.Т. Химия 3, Шымкент, 2000
4. Матакова Р.Н., Наурызбаев М.Қ. Аналитикалық химияның теориялық негіздері. Алматы, Қазақ университеті, 2006.