Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы



бет32/149
Дата13.10.2022
өлшемі1,66 Mb.
#42820
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   149
α1 – қышқыл гликопротеин. Бауырда синтезделеді. Синтездің ұлғаюы жедел фазаның реакциясымен және кортикостероидтық терапияға байланысты.
Тағайындауға көрсеткіштер:
1. СРБ және α1 – антитрипсинмен бірге жедел фаза реакциясын бағалау үшін.
2. СРБ және гаптоглобин жиынтығымен тамырішілік гемолизге күдіктенген кезде. СРБ және α1 – қышқыл гликопротеин гемолиздің бар болуына тәуелсіз жедел фаза реакциясын көрсетеді. Гаптоглобин жедел фазалық реакцияда артады, бірақ тамырішілік гемолиз кезінде – төмендейді.
3.Жаңатуылғандар мен шалатуылған балалардың инфекциясын диагностикалау үшін – СРБ пен бірге комбинациялау ұсынылады. α1 – қышқыл гликопротеин орташа есеппен 70%-ға, СРБ – 80%-ға артады.
4. Қандағы α1 – қышқыл гликопротеиннің концентрациясы ревматоидтық артритте, ноқталы қызыл жүйеде, Крон ауруында, инфаркт кезінде артады. Төмендеуі бауырдың ауыр зақымдалуы, ашығу, белок-жоғалтатын энтеропатияларда болады.
Ісіктерді диагностикалау, болжау және емдеу тиімділігін бақылау үшін. әртүрлі мүшелердің рагі кезінде белок концентрациясы 1,5-3 есеге өседі. α1 – қышқыл гликопротеиннің максимальді өсуі аурудың белсенді стадиясына тән, сонда ремиссия стадиясында концентрация қалыпты деңгейге дейін төмендеуі мүмкін. Рак рецидивінің дамуы АГП деңгейінің жоғарылауымен жүреді.
Радиотерапидан, химиотерапиядан немесе оперативтік араласудан кейін α1 – қышқыл гликопротеиннің төмендеу дәрежесі бойынша рецидивтерінің дамуын болжау мүмкін: келесі рецидивтері болмайтын ауруларда емдегеннен кейін, келесі рецидивтері болатын ауыруларға қарағанда АГП құрамы анағұрлым төмен.
α2 –макроглобулин. Бауырда синтезделеді. Қалыпты жағдайда: еркектерде 1.2-2.7 г/л, әйелдерде – 1.4-3.2 г/л. Оның жатырдағы баланың қан плазмасындағы құрамы жатырішілік дамуындағы 10-шы аптасында ересектер деңгейінің шамамен 15 % жетеді, ары қарай оның деңгейі артады. Максимальді концентрациясы 1-3 жасында байқалады, сонан соң біртіндеп төмендейді және ересектерге тән (25 жасында) деңгейде тұрақтанады. Альфа-2-макроглобулин протеиназдың ингибиторы болып саналады (плазминнің, пепсиннің, эндопептидаздың, трипсиннің, химотрипсиннің, катепсин Д және т.б.), кейбір гормондарды байланыстыруға қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет