Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы


Бауырдың майлы инфильтрациясы



бет58/149
Дата13.10.2022
өлшемі1,66 Mb.
#42820
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   149
Бауырдың майлы инфильтрациясы
Соңғы кездерi тағам құрамында белоктың аз болып, көмiрсу мөлшерiнiң шамадан тыс артық болуы нәтижесiнде (зерттеулермен) дәлелденген: бауырдың майлы инфильтрациясы туындайтыны белгiлi болды. Бұл бауырда бейтарап майлардың көп мөлшерде жиналып қалуы (28%-ТГ) бойынша сипатталады. Майлы инфильтарция себебiне липотпроптық факторлар метионин, серин, треонин, лизин, АҚ және гликольдің жетiспеушiлiгi болып табылады. Емдеуде В12 витаминiн еккенде 5%, метионинді еккенде 4% майлы инфильтрация төмендеген. Жақсы емдеу эффектiсiн және профилактика шарасын сүттегi казеин белогы бередi.
Химиялық канцерогенез
Канцерогенез (онкогенез) – бұл қатерлi iсiктiң (рак) дамуы, пайда болуы себептерiне жатқызылады.
1.Онкогендiк вирустар.
2.УК-сәуле немесе космостық сәулелерi.
3.Туабiткен гендер ақауы.
4.Химиялық канцерогендiк заттар.
Канцерогендер химиялық құрылысы және шығу жолдары бойынша антропогендiк және табиғи қосылыстар болып табылады.
1. Ароматтық аминдер. Анилиндiк бояулар өндiрiсiнде кең қолданылады. Адамдарда ол қуық және бауыр қатерлi iсiгiн дамытады.
2. Афлотоксиндер, кейбiр плесеньдердiң метаболиттерi болып табылады, бауыр қатерлi iсiгiн дамытады. Афлотоксиндердi өндiретiн плесеньдер дәндi-дақылдар мен тағамдарды сақтау жағдайы бұзылғанда пайда болады.
3. Нитрозоаминдер - бауырда, бүйректерде, өкпеде, өңеште қатерлi iсiктi дамытады.
Ағзада олардың пайда болуы көздерiне нитраттармен әсерлесуiн алифаттық аминдер жатқызылады. Соның нәтижесiнде, нитрозоаминдер түзiледi. Алифаттық аминдер мен нитраттар тағамның тұрақты компоненттерi болып табылады және балықтың құрамында, ароматтық тағамдық дәмдеушi қоспаларда, сонымен бiрге, ет, балық консерванттары қоспасының құрамында және өсiмдiктерде болады.
Қатерлi iсiктiң дамуының индуцирленуi үшiн канцероген зақымданушы ұлпамен, мүшемен ұзақ уақыт және бiрнеше рет қайталанып жанасуы керек.
1. Порфирияның жалпы сипаттамасы
Гем синтезіне қатысатын ферменттердің генетикалық ақауы белгілі. Бұл жағдайда ағзада протопорфириннің алғызаттарының жиналып қалуы жүреді. Бұл ауруларды "порфириялар" деп атайды. Уропорфириноген жиналатын порфирия да кездеседі. Мұндай науқастардың зәрі қызыл түсте, ал тісі ультракүлгін сәулелендіру кезінде күшті флуоресценцияланады, терісі күн сәулесіне жоғары сезімтал болады. Порфириндердің теріде жиналып қалуы да байқалады. Жарық әсерінен бұл өте ауыр емделетін сулы ісікшелердің (волдырь) түзілуіне әкеледі. Порфирияларда неврологиялық бұзылулар жиі кездеседі.
Орта ғасырлардағы вампир-адамдар (дракула) туралы аңыздар негізіне порфириямен ауыратын науқастардың мінездеріне тән (жарықтан қорқу, сыртқы пішіні мен мінезінің беймаза болуы, тағам ретінде қанды пайдалнуы, бұл олардағы гем жетіспеушілігін компенсациялайды және порфирияның кейбір түрлерінде жалпы жағдайды жақсартады) құбылыстар жатқызылуы мүмкін.
2) Билирубин метаболизмінің бұзылуы

Кейбір ауруларда билирубин шырышты қабықшаларда, теріде, склерада жинала бастайды. Адам «сарғаяды». Бұл симптом САРЫАУРУ деп аталады және өт-тасы ауруында, гемолизде, жұқпалы немесе улы гепатитте байқалады. Қанда, зәрде және нәжісте билирубинді анықтау сары аурудың себебін анықтауға мүмкіндік береді.
Гемолиттік сарыауру. Эритроциттердің ыдырауы күшейген кезде байқалады. Билирубин қалыптан көп мөлшерде түзіледі және оның экскрециясы жылдамдығы да жоғарлайды. Қанда тікелей емес билирубин мөлщері жоғарлайды. Зәрде билирубин болмайды, ал нәжіс пен зәрде стеркобилин мөлшері жоғары болады.
Обтурациялық сарыауру (механикалық). өт жолдарының бітелуінде (мысалы, өт-тасы ауруларында) байқалады. өттің өндірілуі ары қарай жалғасады, бірақ ол тек жолдарына ғана емес, сонымен бірге қанға да түседі. Қанда билирубиннің деңгейі жоғарлайды, негізінен, тікелей билирубиннің. Билирубинурия байқалады. Стеркобилиннің зәрдегі және нәжістегі мөлшері төмен (нәжіс ақшыл-сұр түсте, зәр тікелей билирубин есебінен қараяды).
Паренхиматозалық сарыауру. Гепатоциттер зақымдалған кезде байқалады (мысалы, вирустық гепатитте). Билирубин залалсызданбайды. Өт пигменттері тек ішекке ғана емес, сонымен бірге қанға да түседі. Қанда тікелей де, тікелей емес де билирубин мөлшері жоғарлайды. Билирубинурия байқалады. Зәрде мезобилиноген анықталады.
Жильбер синдромы (пигментті гепатоз, ювенильді шекараланатын сарыауру) — қатерлі емес созылмалы тұқымқуалаушы ауру, аса айқын емес гемолитсіз конъюгирленбеген гипербилирубинемия түрінде, бауырда билирубин клиренсі бұзылуымен байланысты өтеді. Доминантты түрде тұқымқуалайды. Патогенез негізіне бос билирубинді гепатоцит мембранасы арқылы тасымалдайтын процестің бұзылуын дамытатын, билирубинді глюкоуронидтейтін процестің бұзылуын дамытатын энзимдердің ақауы жатқызылады. Көптеген жағдайда синдром алғаш рет әртүрлі жедел ауруларда (жедел вирустық гепатитте, жұқпалы мононуклеозаларда, бауырдың әртүрлі улануларында, малярияда) және стресс жағдайларында (психикалық және физикалық қажудан, дене күшті тоңазығанда және т.б.).
Жильбер синдромы жалпы популяцияда 3—7%-ға дейін кездеседі, жиі түрде ер адамдарда өмірінің 2-ші және 3-ші декадасында.
Ауру науқастардың жалпы қалпын қиындатпайды, жұмыс қабілетін жоғалтпайды, бауыр зақымдалмайды, өлімге әкелмейді.
Нәрестелердің физиологиялық сарыауруы. Бұл жаңа туған нәрестелердің өмірге алғашқы бейімделу кезеңінде байқалады. Оның қалыптасуын бала жаңадан туған соң алғашқы аптада бала ағзасында уридиндифосфоглюкурон қышқылының негізгі қоры ыдырайды және глюкуронилтрансфераза активтілігі стероидтық гормондарды залалсыздандыру үшін (ол аса айқын емес гипербилирубинемиямен салыстырғанда тіршілік үшін өте қауіпті) жұмсалып төмендейді. Стероидтық гормондар бауырда глюкурон қышқылымен қосылысып инактивтелінеді, ал олардың конъюгирленген формалары зәр құрамында шығарылады. Сондықтан, стероидтық гормондардың инактивтелуі жолы бос билирубиннің инактивтелуімен ұқсас болады. Нәтижсінде, ағзада «уридиндифосфоглюкурон қышқылы — глюкуронилтрансфераза» жүйесінде бәсекелестік пайда болады. Ал стероидтық гормондар ағзадан бірінші кезекте шығарылады.
Эстрогендік гормондардың артық мөлшерінің және оның туындыларының зәр құрамындағы экскрециясы қалыпты жағдайда өмірдің 3-5-ші тәулігінде аяқталады. Бұл мерзім гипербилирубинемия дамуы арқылы байқалады. Себебі «глюкурон қышқылы — глюкуронилтрансфераза» жүйесінің стероидтық гормондарды инактивтеу жүйесімен байланысты.
Тек стероидтық горомндардың негізгі қорын шығарған соң бұл жүйе ағзада жиналып қалған билирубиннің артық мөлшерін залалсыздандыра бастайды.
Дәрілік сарыауру. Қан плазмасы альбуминіне билирубинмен бәсекелі байланысу жолымен сарыауруды дамытатын 150 дәрілік препараттар белгілі.
8 дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет