5. Білім берудің және оқытудың әдістері: - қанқадан, жеке сүйектерден оқулық материалды талқылау
- студенттермен әңгiмелесiп олардың материалды қалай түсiнгенін байқау, берілген анатомиялық препараттарының топографиясын анықтау
- топпен жұмыс
- презентация
- бақылау
6. Әдебиет: Негізгі: Рақышев А.Р. Адам анатомиясы І,ІІ том. 2004.
Рақышев А.Р. Адам анатомиясының атласы, І,ІІ том. Алматы: «Кітап», 2006.
Досаев Т.М. редакциясымен. Адам анатомиясы. Алматы, «Ақнұр», 2013.
Қосымша: 1. Тебенов М.Е.Адам анатомиясы (ас қорыту және тыныс алу жүйесі). Оқу құралы.Қарағанды,»1993
2. Нұрмұхамбетова Б.Н. Лимфа жүйесінің функционалдық анатомиясы. Оқу құралы. Алматы,2007
7. Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер): Тесттер: 1.Көрсетілген сүйектердің қайсылары біліктік қанқаға жатады?
А) бас сүйектері.
Б) аяқ сүйектері.
В) омыртқа бағанасының сүйектері.
Г) кеуде қуысының сүйектері.
2. Омыртқаларда қандай өсінділер болатынын көрсет?
А) құс тұмсық тәрізді өсінді.
Б) жота өсіндісі.
В) тәж тәрізді өсінді.
Г) буындық өсінділер.
3. Омыртқалардың қосымша бөліктерін көрсет?
А) доға.
Б) аяқтары.
В) буындық өсінділері.
Г) емізік тәрізді өсінді.
4. Мойын омыртқаларына қандай анатомиялық құрылымдар тән болады?
А) көлденең өсінділерінің тесіктері.
Б) жота өсінділерінің екіге бөлінуі.
В) көлденең өсінділерінің алдыңғы, артқы төмпешіктері.
Г) емізік тәрізді өсінді.
5. Кеуде омыртқаларына тән анатомиялық түзілістерді көрсет
А) массивті боб тәрізді денесі.
Б) ұзын қылқан тәрізді өсіндісінің болуы.
В) көлденең өсінділерінің алдыңғы, артқы төмпешіктері.
Г) емізік тәрізді және қосымша өсінділерінің болуы.
6. Бел омыртқаларына тән анатомиялық түзілістерді көрсет
А) массивті боб тәрізді денесі.
Б) ұзын қылқан тәрізді өсіндісінің болуы.
В) қабырғалық шұңқырлардың болуы.
Г) емізік тәрізді және қосымша өсінділерінің болуы.
7. I кеуде омыртқасына тән анатомиялық түзілістерді көрсет
А) денесінде 1 толық және 1 төменгі қабырғалық жартылай шұңқырлардың болуы
Б) денесінде 1 жоғары қабырғалық жартылай шұңқыршақтың болуы.
В) денесінде 1 толық емізікті өсіндісінің болуы.
Г) емізік тәрізді және қосымша өсінділерінің болуы.
8. X I кеуде омыртқасына тән анатомиялық түзілістерді көрсет
А) денесінде 1 толық және 1 төменгі қабырғалық жартылай шұңқырлардың болуы
Б) денесінде 1 жоғары қабырғалық жартылай шұңқыршақтың болуы.
В) денесінде 1 толық емізікті өсіндісінің болуы.
Г) емізік тәрізді және қосымша өсінділерінің болуы.
9.Қандай қабырғалар нағыз қабырғалар болып табылады?
А) I
Б) II
В) III
Г) X
10.Қандай қабырғалар жалған қабырғалар болып табылады?
А) I
Б) II
В) III
Г) X
11.Қандай қабырғалар теңселетін қабырғалар болып табылады?
А) I
Б) II
В) XII
Г) X
12.Төс сүйегіндегі анатомиялық түзілістерді көрсет
А) сабы
Б) денесі
В) семсер тәрізді өсіндісі.
Г) мойыны
13.Сегізкөздің алдыңғы бетінде болатын анатомиялық түзілімдерді көрсет
А) көлденең сызықтар
Б) жамбастық сегізкөз тесіктері
В) дорсальды сегізкөз тесіктері.
Г) құлақтық беттері.
14.Сегізкөздің артқы бетінде болатын анатомиялық түзілімдерді көрсет
А) көлденең сызықтар
Б) жамбастық сегізкөз тесіктері
В) дорсальды сегізкөз тесіктері.
Г) құлақтық беттері.
15.Сегізкөздің бүйір бетінде болатын анатомиялық түзілімдерді көрсет
А) көлденең сызықтар
Б) жамбастық сегізкөз тесіктері
В) дорсальды сегізкөз тесіктері.
Г) құлақтық беттері.
16. Төстің бүйір беттерінде қандай анатомиялық құрылымдар тән болады
А) қабырғалық жүлге
Б) жамбастың сегізкөздік тесігі
В) қабырғалық тесіктер
Г) құлақтық бет
Ми сауытын құрайтын сүйектерді көрсет.
А) маңдай
Б) сына тәрізді.
В) тор
Г) шүйде.
Бастың күмбезін құрайтын анатомиялық құрылымдарды көрсет.
А) самай сүйегінің қабыршағы
Б) шүйденің қабыршағы
В) маңдайдың қабыршағы
Г) төбе сүйектері
Маңдай сүйегінің қандай бөліктері болады?
А) қабыршығы
Б) денесі
В) көздік бөлігі
Г) мұрын бөлігі
Маңдай қабыршығының сыртқы бетінде қандай анатомиялық құрылымдар болады?
А) самай сызығы
Б) маңдай қыры
В) торлық ойық
Г) глабелла.
Шүйденің қандай бөліктері болады?
А) базиллярлі бөлігі.
Б) денесі.
В) латеральді бөліктері.
Г) қабыршығы.
Шүйденің латеральді бөліктерінде қандай анатомиялық құрылымдар болатынын айт?
А) көлденең синустың саны
Б) тіл асты каналы.
В) мойындырық өсіндісі.
Г) шүйде айдаршығы.
23. Төбе сүйегінің сыртқы бетінде қандай анатомиялық құрылымдар орналасқанын көрсет:
А) tuber parietale
Б) glabella
В) sulcus sinus transversi.
Г) protuberatia occipitalis externa.
24. Маңдай сүйегінің сыртқы бетінде қандай анатомиялық құрылымдар орналасқанын көрсет:
А) tuber parietale
Б) glabella
В) sulcus sinus transversi.
Г) protuberatia occipitalis externa.
25. Шүйде сүйегінің сыртқы бетінде қандай анатомиялық құрылымдар орналасқанын көрсет:
А) tuber parietale
Б) glabella
В) sulcus sinus transversi.
Г) protuberatia occipitalis externa.
26. Шүйде сүйегінің ішкі бетінде қандай анатомиялық құрылымдар орналасқанын көрсет:
А) tuber parietale
Б) glabella
В) sulcus sinus transversi.
Г) protuberatia occipitalis externa.
27.Алдыңғы бас қаңқасы шұңқырын құрайтын сүйектерді көрсет.
А) сына тәрізді сүйек
Б) маңдай сүйек
В) төбе сүйек
Г) тор сүйегі
28. Торлы сүйекте өтетін иіс жіпшелерінің анатомиялық құрылымдарын белгіле
А) lamina cribrosa
Б) lamina perpendicularis
В) conchae nasalis superior
Г) sinus sphenoidalis
29. Мұрын пердесін құруға қандай анатомиялық құрылымдар қатысады:
А) hiatus maxillaris
Б) conha nasalis inferior.
В) crista lacrimalis posterior
Г) vomer.
Д) cornua majora
30.Сына тәрізді сүйектің денесінің беттерін көрсет.
А) жоғарғы беті.
Б) артқы беті.
В) алдыңғы беті.
Г) бүйір беттері.
31. Сына тәрізді сүйектің анатомиялық құрылымдарын белгіле
А) lamina cribrosa
Б) lamina perpendicularis
В) conchae nasalis superior
Г) sinus sphenoidalis