ОқУ-Әдістемелік кешен қарағанды 2012 Құрастырған


Сақталатын процедуралар типтері



бет20/52
Дата26.01.2023
өлшемі0,93 Mb.
#63105
түріПрограмма
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   52
Байланысты:
MS SQL-де программалау

Сақталатын процедуралар типтері
SQL Server-мен жұмыс істеу кезінде қолданушылар қандай да іс-әрекеттерді жүзеге асыратын өз процедураларын құра алады. Сақталатын процедуралар деректер қорының толық объектісі болып табылады, олардың әрбіреуі нақты бір деректер қорында сақталады. Сақталатын процедураны тікелей шақыру мүмкін, тек егер ол сол процедура орналасқан деректер қоры контексінде жүзеге асса.
Сақталатын процедуралардың бірнеше типтері бар:
1. Жүйелік сақталатын процедуралар. Олар түрлі администрациялық әрекеттерді орындауға арналған. Деректер қорының қолданушылық және жүйелік кестелермен жұмысты қамтамасыз етеді: өзгерту, қосу, жою және деректерді іріктеу. Жүйелік сақталатын процедураларда префикс sp_ бар, жүйелік деректер қорында сақталады және кез-келген басқа деректер қоры контексінде шақыртыла алады.
2. Қолданушылық сақталатын процедуралар. Олар сол не басқа әрекеттерді жүзеге асырады және нақты деректер қорында орналасып, орындалады.
3. Уақытша сақталатын процедуралар. Олар тек біраз уақыт болады, содан соң аутоматты түрде сервермен жойылады; локалды және глобалды болып бөлінеді. Локалды уақытша сақталатын процедуралар тек осы құрылған құрамадан шақыртылады. Осындай процедураны құруда оған ат беру қажет, # символынан басталауы керек. Глобалды уақытша сақталатын процедура кез-келген осындай процедурасы бар серверге қатынау мүмкіндігі бар. Оны анықтау үшін ## символдарынан басталатын ат беру жеткілікті.
Сақталатын процедураларды құру, өзгерту және жою
Сақталатын процедураны құру үшін келесі есептерді шешу керек:

  • құрылатын сақталатын процедура типін анықтау;

  • рұқсат құқығын жоспарлау;

  • сақталатын процедура параметрлерін анықтау;

  • сақталатын процедура кодын өңдеу.

Жаңа сақталатын процедураны құру және бар сақталатын процедураны өзгерту:


{CREATE | ALTER} PROC[EDURE] процедура_аты
[; номер]
[{@параметр_аты деректер_типі} [VARYING]
[=DEFAULT] [OUTPUT] ] [,…n]
[WITH {RECOMPILE | ENCRYPTION | RECOMPILE, ENCRYPTION }]
[FOR REPLICATION]
AS
sql_оператор [,…n]

Сақталатын процедураны жою:


DROP PROCEDURE {процедура_аты} [,…n]

Негізгі әдебиеттер: 1-5


Қосымша әдебиеттер: 6-17




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет