Кестенің тұтастығы. Кестенің алғашқы кілті басқа жолдардағы мәндерге қарағанда әрбір жолда ерекше мәнге ие болуы тиіс. ДҚБЖ-ге кестенің тұтастығын қамтамасыз етуін ұсынуге болады. Мұндай тәсілмен жолды өңдеу немесе қосу әрекетінен алғашқы кілт өзінің ерекшелігін жоғалтады, қате жайлы хабарлама шығумен аяқталады.
Кейде кестенің алғашқы кілті болмайтын баған барлық жолдарда ерекше мән болуын талап етеді. Бағанға ерекшелік шартын салып, кестедегі ПРОДАВЦЫ фамилиясынан екі бірдей фамилияларды ПРОДАВЦЫ-ды болдырмаумен шектейік. Алғашқы кілт бөлігін бейнелейтін немесе ерекшелік шарты салынған кез келген баған NOT NULL шектеуімен жариялануы тиіс.
Сілтемелі тұтастық. Реляциялық деректер қорында әрбір ұрпақ-кесте жолынан сыртқы кілт көмегімен алғашқы кілті бар мәні сыртқы кілт мәніне тең аталы-кесте жолымен байланысты.
Аталық/ұрпақтық қатынас тұтастық сілтемесін бұзатын деректер қорының өзгеруінің төрт түрі бар:
жаңа ұрпақ-жолының қосылуы;
ұрпақ-жолдағы сыртқы кілт өңделуі;
аталық-жолдың жойылуы;
ұрпақ-жолдағы алғашқы кілттің өңделуі.
Функционалды міндет бойынша барлық шектеулерді бірнеше түрге бөлуге болады:
NOT NULL шектеуібаған деңгейінде іс-әрекет етеді. Ол баған ұяшықтарына NULL мәнін беруге тыйым салады.
PRIMARY KEY шектеуі баған немесе кесте деңгейінде іс-әрекет етеді. Егер алғашқы кілт бір бағаннан тұрса, онда берілген шектеуді осы бағанға анықтауға ыңғайлы, егер де кілт бірнеше бағаннан тұрса, шектеу барлық кестеге анықталуы тиіс.
UNIQUE шектеуібаған немесе кесте деңгейінде іс-әрекет етеді. Егер ерекше мән болып бір баған мәні болса, берілген шектеуді осы бағанға анықтау дұрыс, егер де ерекше бірнеше бағандар комбинациясының мәні болса, онда шектеуді кесте деңгейінде анықтаған дұрыс.
FOREIGN KEY шектеуібаған немесе кесте деңгейінде іс-әрекет етеді. Егер сыртқы кілт бір бағаннан тұрса, берілген шектеуді осы бағанда анықтаған дұрыс, егер де кілт бірнеше бағаннан тұрса, онда шектеуді кесте деңгейінде анықтаған дұрыс. Кесте сыртқы кілттер арқылы көптеген басқа кестелермен байланысса, сыртқы кілттердің анықтамаларын жеке бағандарға таратпай, олардың шектемелерін бір орынға жинақтаған ыңғайлы.
CHECK шектеуікесте немесе баған деңгейінде әрекет ете алады. Соған қоса бұл - доменді немесе қабылдауды анықтайтын бөлігі болатын жалғыз шектеу түрі. Шектеудің бұл түрі сұрыптау шарты ретінде беріледі. Деректер шектеуді ондағы көрсетілген шарттың орындалған жағдайында қанағаттандырады.
Осы деректер қорында анықталған басқа шектеулер арасында оны теңестіретін әрбір шектеуге ат берілуі мүмкін.