Эквиваленттік бойынша R=S қосылуының анықтамасын бер.
RS табиғи қосылуына анықтама бер.
RS; RS сыртқы қосылуына анықтама бер.
RFS жартылай қосылуына анықтама бер.
Тапсырмалар: Таңдау және проекция операциялары.
Декарттық көбейтінді.
Екі қатынас бойынша қосылу және бірігу операциялары.
Қатынастардың қиылысу, айырма және бөлу операциялары.
Сатылған қосалқы бөлшектер тұралы ақпаратты шығару: SELECT *
FROM ЗАКАЗЫ, ЗАПЧАСТИ
WHERE ЗАКАЗЫ.запчасть = ЗАПЧАСТИ.шифр_запчасти
немесе
SELECT *
FROM ЗАПЧАСТИ INNER JOIN ЗАКАЗЫ
ON ЗАПЧАСТИ.шифр_запчасти = ЗАКАЗЫ.запчасть
Екі басқа кестенің бірігуіне үшінші кестені қосып ішкі бірігуді құруға болады.
Қосалқы бөлшектер, тапсырыс күні және сатып алушылар жайлы мәліметтер алу: SELECT ЗАПЧАСТИ.название,
ЗАКАЗЫ.дата_заказа, ПОКУПАТЕЛИ.название
FROM ПОКУПАТЕЛИ INNER JOIN
(ЗАПЧАСТИ INNER JOIN ЗАКАЗЫ
ON ЗАПЧАСТИ.шифр_запчасти=ЗАКАЗЫ.запчасть)
ON ПОКУПАТЕЛИ.номер_покупателя
=ЗАКАЗЫ.покупатель
Бағандарды идентификациялау үшін кестелердің жалпы атауларын қолдану олардың үлкендігінен қолайсыз. Әрбір кестеге қандай да бір қысқа атау, жалған ат (псевдоним) беруге болады.
Қосалқы бөлшектер, тапсырыс күні және сатып алушылар жайлы мәліметтер алу. Сұраныста кестенің жалған аттары қолданылады: SELECT T.название, C.дата_заказа, K.название
FROM ПОКУПАТЕЛИ AS K INNER JOIN (ЗАПЧАСТИ
AS T INNER JOIN ЗАКАЗЫ AS C
ON T.шифр_запчасти=C.запчасть)
ON K.номер_покупателя=C.покупатель
Ішкі қосылу сыртқы қосылуға ұксас, бірақ басқа кестенің жазбаларының бос жиынымен бірігетін қосылудың жетекші кестесінің жазбалары да деректердің шешуші жиынтығына енеді.
Кестенің қайсысы жүргізуші болатынын қосылу түрі анықтайды. LEFT – сол жақ сыртқы қосу, жетекші болып қосылу түрінің сол жағында орналасқан кесте болады, RIGHT – оң жақ сыртқы қосу, жетекші кесте қосылу түрінің оң жағында орналасқан кесте болады.