Тапсырмаларды орындауға қажетті әдістемелік нұсқаулар: Оқулық материалды және түсіну кезінде негізгі түсініктемелерді ұғу және материалды бекіту арқылы жүргізілу керек.
Негізгі әдебиеттер: 1-5
Қосымша әдебиеттер: 6-17
3 Қарапайым сұраныстар Сұрақтар: Сұрыптаудың өсу ретін қалай ұйымдастыруға болады?
Таңдау шарттарын атап бер.
Құрылымдық таңдау шарттарын қалай құруға болады?
SELECT қайталанатын жолдарымен қалай жұмыс істейді болады?
Тапсырмалар: SELECT инструкциясы.
FROM инструкциясы.
WHERE инструкциясы.
ORDER BY инструкциясы.
Келесі сұраныстарды қарастырайық:
Барлық дүкендер тізімін шығару: SELECT *
FROM МАГАЗИНЫ
Жұлдызша (*) ретіне қарай барлық бағандарды шығарады. Қажетті тәртіп бойынша бағандарды қоюға болады.
Есептелетін бағандар.Есептелетін бағанды алу үшін қайтарылатын бағандар тізімінде өрнекті көрсету қажет. Өрнектер жақшалардан, қосу, алу, көбейту және бөлу амалдарынан тұруы мүмкін. Арифметикалық өрнекке қатысатын бағандар сандық деректерден тұруы керек; әйтпесе қате жайлы хабарлама шығады.
Егер әрбір сатушыға сатудың жоспарлық көлемін өзінің сату көлемінен 3 пайызға көтерсе, не шығады? SELECT фамилия, план, (план+(0.03*продажа))
FROM ПРОДАВЦЫ
Көптеген ДҚБЖ-де қосымша арифметикалық амалдар SQL өрнектерінде қолдануға болатын орнатылған функциялар және символдар жолдарына қолданатын амалдар іске асырылған.
Барлық сатушылардың фамилияларын және жұмысқа алынған жылы мен ай тізімін шығару: SELECT фамилия, MONTH(нач_раб), YEAR(нач_раб)
FROM ПРОДАВЦЫ
Қайталанатын жолдар.Сұрыптауға қайтарылатын бағандар тізімінде кестенің алғашқы кілтін көрсетсе, онда сұраныс нәтижесінің әрбір жолы бірегей болады (себебі, алғашқы кілт мәндері барлық жолдарда әртүрлі). Егер алғашқы кілт көрсетілмесе, сұраныс нәтижесі қайталанатын жолдардан тұруы мүмкін.
Дүкендердің барлық менеджерлерінің идентификаторлар тізімін шығару: SELECT номер_менеджера
FROM МАГАЗИНЫ
Егер SELECT инструкциясында қайтарылатын бағандар тізімінің алдында DISTINCT предикатын көрсетсе, сұраныс нәтижесінің кестесіндегі қайталанатын жолдарды жоюға болады.
Менеджері 308 идентификаторлы сатушы болмайтын, дүкендер тізімін шығару: SELECT город, номер_менеджера
FROM МАГАЗИНЫ
WHERE номер_менеджера<>308
Диапазон. Таңдау шартының келесі басқа түрі - мәннің диапазонға тиістілігін тексеру болып табылады. Бұл Between … end операторы арқылы орындалады.
2009 жылдың соңғы кварталында жасалған барлық тапсырыстарды табу: SELECT номер_заказа, дата_заказа, изг, запчасть, стоимость
FROM ЗАКАЗЫ
WHERE дата_заказа BETWEEN '2004-10-01'
AND '2009-12-31'