Оқу әдістемелік кешен


Егер ағылшын философтары білімді тек сезімдік түйсіну арқылы алуға болады деп есептесе, француз ғалымы және философы Рэне Декарт



бет31/42
Дата09.02.2023
өлшемі0,55 Mb.
#66417
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42
Байланысты:
УМК Философия Ертелеева Р.Б.

3. Егер ағылшын философтары білімді тек сезімдік түйсіну арқылы алуға болады деп есептесе, француз ғалымы және философы Рэне Декарт (1596-1650 жж.) ақыл-ойды таным процесінде бірінші орынға қойып, тәжірибенің рөлін сол ақыл-ойдың мәліметтерімен тексеретін қарапайым практикаға дейін түсіреді. Негізгі еңбектері: «Тәсіл туралы ойлар», «Бірінші философия туралы метафизикалық ойлар», «Философия бастамасы», т.б.
Декарттың философиясы өз бастамасын «күмәндану» қағидасынан алады. Ол дәстүрлі қалыптасқан пікірлерге де, сезімдік танымның ақиқаттығына да күмәнданады. Нағыз шындық – «күмәндануды» ойлаудың қабілеті деп мойындау. Оның «Мен ойлаймын, олай болса, өмір сүремін» деген қағидасы төмендегідей тұжырым жасауға мүмкіндік береді: біріншіден, ол танымның негізін объективті шындықтан іздемейді, керісінше, таным процесінің өзінен табуға ұмтылады; екіншіден, бұл қағида оны мәнділіктің субстанциясы (түпнегізі) бар екенін мойындауға итермелейді.
Декарттың пікірінше, бір мезгілде, бір-біріне тәуелсіз, бірақ байланысты рухани түпнегізбен (Құдай) қатар материалдық түпнегіз де (табиғат) өмір сүреді. Рухани түпнегіздің ажырамас ең басты атрибуты (қасиеті) ойлау болса, материалдық түпнегіздің атрибуты – кеңістікте көсілуі.
Таным процесінде ең басты рөлді Декарт рационалдық (ақыл-ой) танымға береді де, ол арқылы адамдар сезімдік түйсінулер бере алмайтын табиғаттың сыры мен мәнін ашуға мүмкіндік алады деп тұжырымдайды. Ақыл-ой сезімдік түйсінуге мұқтаж емес, себебі рационалдық таным заттарды, құбылыстарды «туа біткен идеяларға» сүйеніп танып-біле алады дейді. Бұл идеялардың табиғаты туралы Декарт: «Бұл идеяларды мен өзіме өзім бере алмаймын, себебі олар өздерінде жетілдірілген нақтылықты жиынтықтаған, ал мен қалыптастырған идеялар, ондай шындықтан туындамағандықтан, туа біткен идеялардың деңгейіне жете алмайды. «Туа біткен идеялардың» себебі рухани түпнегіздің (Құдайдың) өзі болғандықтан, олар айқын және анық, ал олардың негізінде алынған білім де айқын және анық, басқаша айтқанда, ақиқат болады. Олай болса, оларды тәжірибе арқылы тексерудің қажеттігі жоқ. «Туа біткен идеялардың» табиғатына үндес келетінматематика болғандықтан, математикалық тәсіл ғылымдардың ең жоғарғы зерттеу тәсілі болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет