Оқу әдістемелік кешен


ХХ – ғасырдағы Батыс философиясы



бет39/42
Дата09.02.2023
өлшемі0,55 Mb.
#66417
түріБағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Байланысты:
УМК Философия Ертелеева Р.Б.

7.12. ХХ – ғасырдағы Батыс философиясы



  1. ХХ ғасырдағы адам проблемасы: экзистенциализм, фрейдизм мен неофрейдизм, философиялық антропология, персонализм мен прагматизм.

  2. ХХ ғасырдағы ғылым әдіснамасы мен философиясы: неопозитивизм-постпозитивизм-постмодернизм-структурализм. Постструктурализм, герменевтика, феноменология.

Батыс философиясы үшін ХIХ-ғасырдың соңы мен ХХ-ғасыр дәуірдің өзіндік санасы айқын көрініс тапқан және тарих пен мәдениет дамуының логикасы бұрынғыдан өзгеше түсіндірілген неше түрлі бағыттарға толы ерекше кезең болды. ХIХ-ғасырдың соңынан бастап Батыс философиясында философияның жаңа, классикалық емес типі қалыптаса бастады және ол ХХ-ғасырда қарұынды дамыды. Оның құрамына неотомизм, экзистенциализм, позитивизм, постмодернизм, структурализм және тағы басқа бағыттар кіреді. Оларға белгілі бір деңгейде тұтастық тән деуге болады, бірақ айқын білінетін ерекшеліктері бар:


1) ХХ-ғасырда Европа басынан кешкен тарихи-әлеуметтік өзгерістер, әсіресе бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстар қоғам мүшелерінің бойында үрей мен қорқыныш, адамзат пен жеке адамның болашағына деген сенімсіздік туғызды;
2) Қоғам дамыған сайын оның өміріндегі қарама-қайшылықтар күшейе түсіп, адамзат пен өркениеттің алдында шешімі қиын, жаңа діни, ұлттық, этникалық мәселелер пайда болды, оларды шешуге дәрменсіз қоғамды дағдарыс жайлады;
3) Бұл қоғамдық дағдарыс жеке адамның жаттануы мен өгейсінуін туғызды, себебі қоғам тұлғаның ішкі дүниесі мен оны мазалаған мәселелер туралы бас ауыртпады;
4) Бұрынғы философиялық жүйе ХХ-ғасыр адамын толғантқан сұрақтарға жауап беруге қабілетсіз еді, «Жалпы адам дегеніміз не?» деген сұрақпен шектелмей, «Мен кіммін?» сауалын қоятын философиялық бағыттарға қажеттілік туды.
2. Осындай бағыттардың бірі – психоанализ - ХIХ-ғасырдың соңында психиатрия шеңберңнде истерияны, невроздарды «катарсис», өзін-өзі тазарту методы ретінде пайда болып, кейінірек австриялық невропотолог Зигмунд Фрейд (1856-1939) адамның жанының тылсым байланыстары мен негіздерін зерттеуге бағытталған психологиялық доктринаға айналдырған ілім.
Тұлғаның моделін Фрейдмынадай үш элементтен тұратын үлгіде жасайды: «Ол» (Оно) бейсана құштарлықтардың терең қабаты, психикалық «өздік», әрекет етуші индивидтің негізі, тұлғаның басқа құрамдас бөліктерінің жұмыс жасау заңдарынан өзгеше өзіндік заңдарды басшылыққа алатын психикалық инстанция; «Мен» (Ego) – саналылық саласы, адамның ішкі, бейсаналы дүниесі мен сыртқы реалдылықтың арасын жалғастырушы; «Меннен Жоғары» (Super-ego) – ішкі тұлғалық ұят, қоғамдық қағидалар, моральдық цензура, бейсаналы мен саналының арасын жалғастырушы.
Фрейдтің пікірінше, адамның мінез-құлқы, тәртібінің негізі оның бейсаналы құштарлықтары, ал алғашқы құштарлықтарды құрайтын сексуалдық құштарлықтар, немесе, либидо.
Психоанализдің гуманистік психоанализ немесе неофрейдизм деп аталатын бағытының негізін салушы неміс-американдық философ, психолог, социолог Э.Фромм (1900-1980) Фрейдтің биологизмін, либидо теориясын, табиғилық пен әлеуметтікті қарама-қарсы қоюын, психологияны философия мен этикадан бөлектеуін сынады. Ол адамды әлеуметтік тіршілік етуші, табиғи және адамдандырылған дүниемен үнемі байланыс жасаушы ретінде қарастырады. Оның ойынша, Фрейдтің ілімі адамды тереңірек тануға мүмкіндік бергенімен,оның өмірінің мән-мағынасы, моральдық және этикалық нормалар туралы, адам қалай өмір сүруі керек және не істеуі тиіс деген сұрақтарға жауап бермеді.
Фромм еркіндік және жаттану категориялары арқылы адамдардың басым көпшілігі өзінің нағыз «Менін», «Өздігін» емес, «Жалған Менін» дамытатынын, осы процестің нәтижесінде өзін жоғалтып, ештеңеге айналатынын көрсетеді. Бірақ Фромм адамның онтологиялық және тұлғалық сипаттамаларына, әсіресе «үміт» элементіне сүйене отырып, оптимистік болжамдар жасайды. Оның пікірінше, «үміт» өмір құрылымының ішкі элементі, ол пассивті үміттену, күту емес, белсенді әрекетке дайын болу, адам рухының динамикасы, адам болмысының маңызды шарты, сондықтан да Фромм адамды Homo esperans (үміті бар) деп сипаттайды.
ХХ-ғасырдағы философиялық ағымдардың тағы бірі – неотомизм, немесе жаңа томизм – католик шіркеуінің философиясы, қазіргі заманғы діни философиялық ағымдардың арасындағы Батыс Европада ғана емес, бүкіл әлемге ең танымалы және беделдісі. Орта ғасырдың діни философы Томас Аквинскийдің іліміне негізделген. Сенім мен ақылдың, дін мен ғылымның үндестігін жария еткен бұл ілім шіркеуді қорғау үшін аса қолайлы болғандықтан, папа Лев 13-ші 1879 жылы оны христиандық католиктік діннің негізгі қағидаларын философиялық тұрғыдан дұрыс түсіндіруші бірден-бір философия деп тұжырымдады. Негізгі өкілдері: Э.Жильсон, Ж.Маритен, П.Тейяр де Шарден.
Неотомизмнің басты қағидасы – сенім мен ақыл-ойдың, ғылым мен діннің гармониясы. Бұл ағымның өкілдерінің пікірінше, ақиұат философия рационализм мен иррационализмді қарсы қоюдан бас тартып, дүниені түсінудің әр түрлі тәсілдерін біріктіріп, универсалды мүмкіндіктерге ұмтылуы қажет. Бірақ неотомистер құдайдан туындайтын сенімді жоғарырақ қояды.
Қазіргі заманғы неотомизм антропологиялық сипатқа ие, яғни адамға бағытталған. Құдайдың жаратушылық функциясы неотомизмде шектелген, ол адамды жаратушы болғанмен, өзін жүзеге асырушы, проектіден ішкі дүниесі, микрокосмы бай нақты тұлғаға айналдырушы, құдайдың ісін аяқтаушы еркін, өзін-өзі жетілдірген, құдай жаратқан космостың кішкене үлгісі адамның өзі.
3. Герменевтика – түсіну туралы, рух туралы ғылымдарды ғылыми меңгеру туралы ілім. Терминнің өзі көне Грецияда пайда болды, алынған хабарды белгілі бір ережелер мен интуицияға сүйене отырып түсіндіру өнері дегенді білдіреді. ХХ-ғасырда феноменология мен экзистенциализм бағыттарының шеңберінде дамыған герменевтиканың негізін қалаушы Ф.Шлейермахердің (1768-1834) түсіндіруі бойынша, бұл Евангелие мәтіндері авторларының рухани дүниесіне ену тәсілі. Герменевтикада философиялық пайымдау объектісі болып тіл танылады. Немісфилософы В.Дильтей герменевтиканың өрісін кеңейтіп, оның міндетін белгілі бір философиялық бағыттың өкілінің ғана емес, тұтас дәуірдің, мәдениеттің ішкі дүниесін түсінуге мүмкіндік беру деп анықтады. М.Хайдеггердің ойынша, «тіл – болмыстың үйі», яғни тіл арқылы адамның ішкі феномендеріне үңілуге болады, ол түсінудің бастауы.
Неміс философы Х.Г.Гадамер мәтін-тексті ақырғы реалдылық деп жариялап, оны философиялық пайымдау объектісіне айналдырды. Герменевтика тәсілі арқылы жеке тұлғаның ішкі дүниесіне, философиялық ойларының тылсым қатпарларына үңілуге болатындығын қазақ философы, академик Ғарифолла Есім «Хакім Абай» атты еңбегінде жақсы дәлелдеп шықты. Абайдың шығармаларына герменевтикалық талдау жасау арқылы ол ұлы ақынды терең ойлы философиялық тұлға ретінде тамаша ашып көрсетті.
ХХ-ғасыр философиясының басты мәселелері – жеке адам, оның болмысының ерекшеліктері, ақыл-ойдан адамның сезіміне көбірек үңілу және бүкіл адамзаттың болашағы мәселелерін зерттеу болды.
1. XX ғасырда барлық елдерге тән экономикалық, саяси-әлеуметтік, рухани өзгерістерге байланысты қоғамдық өмірдің күрделенуі, ғылыми-техникалық және технологиялық революцияның одан әрі тереңдеп өрістеуі, әмбебаптық (глобальдық) проблемалардың шиеленісуі, көптеген социалистік елдерде тоталитарлық режимдердің қалыптасып-қирауы, бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстардың салдары, т.б. маңызды оқиғалар дүниежүзілік өркениеттің, мәдениеттің және адамдар тағдырының бүгінгісі мен болашағы туралы бұрыннан қалыптасқан концепцияларды басқа методологиялық қағидалар негізінде қайта қарап, кей жағдайда түбегейлі өзгерген ф-лық ой төңірегінде қалыптасқан жүздеген ф-лық ағымдар мен мектептер дүниеге келді. Солардың бірі – неопозитивизм еді.
2. Неопозитивизм ф-лық ағым ретінде 1922 жылы құрылған Вена үйірмесінің қызметімен байланысты дүниеге келді. Ол өзінің даму сатысында 3 кезеңнен өтті. Біріншісі XIX ғ.-дың 30-40 жылдары қалыптасқан Огюст Конт (1798-1857), Джон Стюарт Милль (1806-1873) және Герберт Спенсердің (1820-1903) позитивистік ілімдерімен тікелей байланысты. Олардың ілімдері бойынша, ғылым ешқандай философияға мұқтаж емес, сондықтан ол ф-яның пайдасыз, өздеріне-өздері қайшы келетін идеяларынан арылуы қажет. Ал денелер мен құбылыстардың мәні мен шығу себептерін шешемін деп шеше алмай, қарама-қайшылыққа толған бұрынғы ф-яның орнына, жаңа позитивистік (шынайы, нағыз, дұрыс) философия жасау керек. Оның негізгі міндеті – сезімдік тәжірибелердің (объективтік нақтылықты емес) деректерін жүйелеу, ғылымдардың нәтижесін тұжырымдап, жалпы қорытындылар жасау.
Неопозитивизмнің екінші кезеңі XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында қалыптасқан эмпириосыншылдық (Э.Мах, Р.Авенариус, Богданов, Базаров, т.б.) ілімімен байланысты. Эмпириосыншылдар позитивистердің ғылымды ф-ядан бөліп алу идеясын ары қарай жалғастырды, философияның мақсаты – ғылыми деректерді тұжырымдап қорытындылар жасау емес, таным теориясының ғылыми нұсқасын жасау, себебі материализм мен идеализм негізінде қалыптасқан таным теориясы объективті нақтылықты шынайы түрде танып білуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан жаңа таным теориясы мынадай қағидаларға сүйенуі керек: объективті нақтылық дегеніміз – «бейтарап» түйсіктердің, элементтердің комплексі. Егер бұл «элементтердің бір-біріне қатынаста қарастырсақ (мысалы, түр мен бояу), онда олар физиологиялық (физикалық) құбылыс, ал оларды адам түйсінуіне байланысты қатынаста қарастырсақ, онда олар психикалық құбылыстар болады. Оларды адам өз санасына қондырады, осы себептен олар адамның шын түйсіктері сияқты болып көрінеді.
Неопозитивизмнің үшінші, қазіргі кезеңгі сатысында Б.Рассел (1872-1970), Л.Витгенштейн (1889-1951), М.Шилк (1882-1936), Р.Карнап (1891-1970), А.Айер (1910-1989), Поппер, т.б. ілімдерінің арқасында «логикалық позитивизм», кейінірек «семантикалық позитивизм» (терминдердің мағынасын талдау), ал оның орнына «лингвистикалық философия» (әдеттегі табиғи тілдің сөздік айтылуын анықтау) т.б. Сол сияқты неопозитивистік ағымдар дүниеге келді. Логикалық позитивизмнің өкілдері өздерінен бұрынғы позитивистік бағыттағы ойшылдардың «философия – шешілмейтін қарама-қайшылыққа толы ілім» деген көзқарастарын әрі қарай дамыта отырып, ол көтерген мәселелер (этикалық, діни, эстетикалық, т.б. ілімдерде) – шын мәнінде ешқандай ғылыми маңызы жоқ «жалған проблемалар», «алдамшы сұрақтар» деп жариялады. Себебі, философия – теориялық көзқарастардың жиынтығы емес, ғылымның логикалық-синтаксистік, семантикалық және тіл талдаудан тұратын және осылай алған деректер негізінде әлемді объективті тұрғыдан бөлуге талпынатын, оның адамның снасынан тыс өз-өзінен қалай өмір сүретінін білуге үмітті «метафизикалық» пікірлер мен ұғымдар жиынтығы. Демек, қазіргі ф-яның міндеті – «метафизикалық» (ф-ялық) ұғымдар мен сөйлемдерден арылу (Б.Рассел). Неопозитивистер қандай да болмасын ілімнің ғылыми немесе ғылыми еместігін ажырату үшін «верификациялау» (сезімдік тәжірибелер мен салыстыру арқылы тексеру) қағидасын қолдануды ұсынды. Бұл қағида бойынша, егер ілімдер тәжірибе, немесе логикалық сараптау арқылы верификацияланса (дәлелденсе немесе терістелсе), онда олар ғылымға жатады да, қалғандары жалған ілім болып шығады. Ал ғылымның өзі екі типті болады: бірінші – логикалық-математикалық, екіншісі – эмпирикалық сөйлемдерден құралатын ғылымдар. Логикалық-математикалық сөйлемдерді тәжірибе арқылы тексеруге болмайды, себебі олар – объективтік нақтылық туралы білім емес. Бірақ олар формальды логика заңдылықтарына сүйенген логикалық тіркес болғандықтан, олардың заңдылықтарына сүйенген логикалық тіркес болғандықтан, олардың заңдылықтары, ережелері ақиқат та, жалған да емес. Сондықтан да олар конвенсионалистік (келісімділік) сипатта болады. Мысалы: «2х2=4» деген сөйлем «4=4» деген тавтологиялық сөйлемге саяды. Бұл тектес сөйлемдер ғылыми теорияны» бейне бір логикалық қаңқасы ретінде қызмет етеді.
Бұл қайшылықтан құтылу үшін неопозитивистер ғылыми заңдылықтары ғылыми тілден алып тастау керек (Витгенштейн) немесе олар таным үшін ешқандай да маңызы жоқ формальды ереже болып қалуы керек (Шлик) деген қорытындыға келді. Кейінірек келе Поппер верификациялау қағидасының орнына фальсификациялау (жоққа шығару) қағидасын ұсынды. Бұл қағиданың негізі етіп белгілі бір жағдайда теориялар, заңдылықтар тұжырымдар ақиқат болмауы ықтимал деген ойлау мүмкіндігі алынған. Бұл жерде тағы да қайшылыққа тап боламыз. әңгіме мынада:егер ғылыми теориялар, заңдылықтар ақиқат болмаса, фальсификациялау қағидасын қолдануға болады, ал егер олар ақиқат болса ше?
Верификациялау және фальсификациялау қағидаларының осындай кемшіліктерін байқап қарап, ғылыми сөйлемдердің бәрін емес, тек белгілі бір бөліктерін тексеру керектігі туралы идея ұсынды. Басқаша айтқанда, ғылыми деректерді толық тексермей-ақ, оның дұрыс немесе теріс екендігін анықтау. Сөйтіп, аталған қағидалардың орнына ғылыми сөздердің ақиқаттығын тексеретін жаңа қағида – когеренттілік принципі (байланыстылық) ұсынылды. Бұл принцип бойынша барлық денелер мен құбылыстар бір-бірімен тығыз байланыста болады, сондықтан эмпирикалық сөйлемдердің ақиқаттығы олардың теориялар жүйесіне енген басқа сөйлемдермен қарама-қайшы келмей, қаншама үйлесімді болғанына байланысты.
Сайып келгенде, барлық позитивистік бағыттағы ілімдерге тәнортақ тұжырым: барлық мәнділіктің түпнегізін танып-білуге, жалпы табиғатқа тән құбылыстарды түсіндіруге, ақиқатты білуге ұмтылған метафизика (бұрынғы философия) шын мәнінде өзі қойған мәселелердің біреуін де дұрыс, түбегейлі шеше алмайды, сондықтан ол өз орнын ғылыми тілді жан-жақты зерттеумен айналысатын басқа философияға (позитивизмге) жол беруі керек.
Иррационализмнің кейбір идеяларын одан әрі қарай жалғастырған XX ғасырдың 20-жылдары қалыптасқан экзистенциализм болды. Негізгі өкілдері: С.Къеркегор (1813-1855), М.Хайдеггер (1889-1976), К.Ясперс, Ж.П.Сартр, Г.Марсель, Л.Шестов, Л.Шестов, Н.А.Бердияев.
Экзистенциализм (өмір сүру), тіршілік ету философиясы өз бастамасын дат философы С.Къеркегордың «адам - өз өмірінің себепкері, өзінің ауыртпалығын өзі көтеруші және өзі сияқты жекеленген, бірақ құдіретті құдайдың алдында қорқып тұратын тіршілік иесі» деген ілімінен алады. Экзистенциализмнің қалыптасуына Ф.Ницше мен Э.Гуссерлдің ілімдері де зор әсер етті.
Экзистенциализмнің өзі үш түрлі бағыттағы ілімдерден құралған. Біріншісі – Хайдеггердің болмыс туралы ілімінің негізінде қалыптасқан экзистенциализм антологиясы. Болмыс материалдық құбылыс емес, ол - өзінің әмбебаптық жалпылығынан туындайтын белгісіз бірдеңе. Адам оны таным процесінде іздестіреді, ол туралы күйзеле ойлайды, түсінуге тырысады, сөйтіп, ол адамның мән-мағынасына айналады. Демек, болмыс туралы ойлар, айналып келгенде, адам болмысы туралы мәселелерге ауысады. Екіншісі – К.Ясперстің нұрландыру идеясы. Ол болмыстың мәні туралы сұрақтарды шешілмейтін сұрақтар деп есептеп, бар назарын адам болмысы, экзистенцияның өмір сүру тәсілін және оның құдай тектес трансценденцияға қатынасын айқындауға аударады. Үшіншісі – экзистенциализм ұғымын бірінші қолданған Жан Поль Сартрдың ілімі.
Экзистенциализм «өмір философиясындағыдай» жалпы «өмір» мәселесін қарастырмай, бар күштерін адамның жеке өмірін «экзистенция» (өмір сүрудің қарапайым нақтылығы), «адамның өмір сүруі» сияқты мәселелер тұрғысынан қарастыруға жұмсайды. Экзистенция – ешқашан зерттеу объектісі бола алмайтын ұғым, өйткені ол, біріншіден, жеке даралық болғандықтан жалпы мәнділікке ұмтылмайды; екіншіден, экзистенция – біздің өзіміз. Олай болса, біз оған ғылым қарайтындай объективті түрде қарай алмаймыз (К.Ясперс). Өмір сүру дегеніміз – адамдардың біріккен болмысы. Шынайы өмір сүру дегеніміз – күнделікті өмірмен тығыз байланысты өз басының сезімі мен тілегінің, сенімі мен қауіптілігінің, тәжірибесі мен үмтінің, өз қамы мен мұқтаждығының жиынтығы негізінде іс-әрекет жасаған адамдардың экзистенция ретінде тіршілік етуі. Адам тіршілігінің негізгі қағидасы - дүниенің қасында болу». Бұл жердегі «дүние» - адамның қамдану өрісі – еңбек әлемі, заттар әлемі, құрал-жабдықтар жиынтығы, ал «болу» «бірдеңенің қасында» деген мағына береді. Адам - өз ортасыменбіте қайнасқан тіршілік иесі, сондықтан да оны әлемнен бөлек қарастыруға болмайды. «Дүниенің қасында болу» - адам тіршілігінің осы әлемдегі экзистенциалиі (өмір сүру тәсілі, адам болмысының категориялары) және трансценденциясы (Хайдеггерше – шектен шығуы). Демек, тәжірибе жете алмайтын нақтылық пен «біріккен әлемнің» (адамдардың қосылған болмысы) арасында пәлендей айырмашылық жоқ, себебі «басқалар» (қоршаған орта, т.б.) «менімен» бірге өмір сүреді. Адамның шынайы тіршілігі – «уайымдау». Бірақ кез-келген «уайымдау» (мысалы, адам демалғанда, еңбек еткенде, қуанғанда, өз білімін тереңдеткенде, т.б.) «өмір сүру» емес, себебі ол – сырттай өмір сүру. Мұндай өмір сүруде адамның жеке қасиеттері, даралығы жоғалады. Нағыз «өмір сүру» олардан және «іштегі сыртқы әлемнен» сыртқы әлем туралы оқу, тәжірибе арқылы санада сақталған білім батыл арылғанда ғана басталады. Ал шын мәнінде «өмір сүру» үшін өлімге тікелей қарау керек, яғни өзіне өлім хақ екенін түсініп, қорқынышты ояту қажет. Құдайдың, «ештеңесі жоқ мәнсіздіктің» алдындағы себепсіз бостандықтың әсерінен өзіңнен-өзіңнің үрейленуіңді болжай алмауыңнан қорқыныш пайда болады (Сартр).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет