«Китаб ал-идрак ли-лисан ал-атрак» («Түркі тілі туралы жазылған түсіндірме кітап»). Авторы – Асар ад-дин Абу Хайян Мұхаммед ибн Юсуф ал Гарнати (1256-1344). Мысыр елінде қыпшақ тілінің маңызы аса зор екені ескеріп, Абу Хайян қыпшық тілі жайында бірнеше кітап жазған екен.
Біздің заманымызға жеткені осы бір кітабы Каир қаласында 1312 жылы жазылған. Қолжазбаның түпкі нұсқасы сақталмаған, екі көшірмесі біздің заманымызға жеткен. Оның бірі нұсқасы Стамбул қаласында Баязит мешіті жанындағы Валеддин Эфенди киітапханасында сақтаулы тұр.
Екінші көшірме нұсқасы Стамбул университетінің Халис Эфенди атындағы қолжазба қрында сақтаулы. Кітап фонетика, морфология және сөздік болып, үш бөлімнен тұрады. Мамлюк мәмлекетіндегі аралас оғыз-қыпшақ түркілерінің тілі, оның фонетикасы, лексикасы, морфология және синтаксисі бойынша бай материалдар берілген. Еңбекте 3500-ге тарта қыпшақ сөздері араб тіліне аударылған, олар түрікмен, татар, ұйғыр, булғар, Түркістан түріктері, тоқсаба тілдерімен салыстырылып отырылады.
Түрік ғалымы Джафароғлы бұл еңбекке мынадай баға берді: «Абу Хайянның бір еңбегінің өзі-ақ – түркітану ғылымының даму тарихындағы келелі кезең, өз алдына жеке жасалған дәуір, дара дүние».
Қолжазба алғаш рет 1891 жылы Стамбулда Мұстафа-бей бастырып, шығарады. 1931 жылы АхметДжафароғлы түзетіп, өңдеп, екінші рет бастырып шығарды. Ол екі бөлімнен тұрады: а) сөздік бөлімі (қыпшақша-арабша сөздік; есімдер мен етістіктер); ә)грамматика бөлімі (фонетика мен морфология). Бұл ескерткіш Өзбекстандық ғалым Н.Расулова тарапынан 1969 жылы зерттеліп, лексикасы, морфологиясы саралынып, сөздігі жасалды. Ал қазақ ғалымы М.Мәженова бұл мұрағатты қазақ тілі тарихымен байланыстыра зерттеп, сөздік қорында қыпшақтық сөздер басым екендігін, сөздердің 56,5 пайызы мағынасы мен дыбыстық тұлғасы жағынан қазіргі қазақ тілімен сәйкес түсетінін анықтады (1969). Жас ғалым Е.Есбосынов Абу Хайян еңбегі бойынша «ескі қыпшақ тілінің лексика-грамматикалық ерекшеліктерін» зерттеді.
Достарыңызбен бөлісу: |