Оқу-әдістемелік құралы) Семей 016 (075. 8) Ббк 54. Ж 43


Тіл асты (АСИТ) және тері асты (АСИТ) тәсілдерінің салыстырмалы кестесі



бет9/42
Дата14.09.2022
өлшемі1 Mb.
#39141
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   42
Тіл асты (АСИТ) және тері асты (АСИТ) тәсілдерінің салыстырмалы кестесі: 4 кесте

Таңдау критериі

Тіл асты АСИТ

Тері асты АСИТ

Нәтижелігі

Бірдей

Қауіпсіздігі

Қауіпсіз

Анафилаксиялық серпілістер болуы мүмкін

Доза жинағы

3 күн таблетка түрінде, 9күннен – 11күнге дейін тіл асты тамшысы



3-4 ай

Арнайы құрылғының болуы

Қажет емес. Препарат үй жағдайындада қолданыла береді.

Міндетті түрде. Инъекция арнайы мамандандырылған маманмен жүргізілуі қажет.

Өсімдік тозаңдарына болған аллергия кезіндегі емнің ұзақтығы.

6 ай көлемінде (өсімдіктердің гүлдеуіне дейін 3-4 ай + гүлдеу уақытында)

Жыл бойы

Қолдану ыңғайлылығы

Медперсоналдың болуын қажет етпейді.

Дәрігердің болуы қажет



ТАҒАМДЫҚ АЛЛЕРГИЯ
Тағамдық аллергия (ТА) немесе тағамдық жоғарысезімталдық – бұл ағзаның тағамдық өнімдерге патологиялық серпілісі нәтижесінде иммунды жүйенің белсенді қатысуымен аллергиялық аурудың дамуы және клиникалық көріністермен: респираторлы аллергоз (ринит, демікпе), энтероколит, жайылған есекжем, ангионевротикалық ісіну және анафилаксиялық серпілістің болуымен жүреді.
Тағам сыртқы ортаның маңызды өнімі болып саналады, ол күнде ағзаның ішкі ортасына түседі және көптеген маңызды үрдістерге қатысады. ТА кезінде науқас тағамды қабылдағанда рахаттанудың орнына қорқыныштан депрессияға дейін барады.
ТА-мен науқастар дәрігерге әртүрлі арнайы шағымдармен: тері аурулары, мұрын-жұтқыншақ, өкпе, асқорту жолдарымен медициналық көмекке келеді. Аурудың этиологиясы анықталмай, жергілікті симптоматикалық емнің тиімділігі аз. Соңғы жылдары күнделікті рационда жаңа тағамдар пайда болып, табиғи өнімді алмастыратын тағамдық өнімге стабилизатор, ароматизатор және антибактериалды препараттарды да қоса бастады. Жиі тағамдық аллергиямен бірге асқазан, бауыр, аш және тоқ ішек, ұйқы безі аурулары бірге жүреді. Бұндай жағдайда шынайы тағамдық аллергия емес, псевдотағамдық аллергия, яғни тағамдық аллергия, тағамның ағзаға жақпауын айтамыз. Кез келген тағам өнімі аллерген бола алады, әсіресе ретсіз және артық қолданылса. Бірақ кейбір өнімдер басқаларына қарағанда жиі ТА-ны шақырады.
Ең көп тараған аллергенді тағам өнімдеріне тоқталайық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет