Биотехнология адамның қатысуымен тірі ағзаларда биологиялық процестерді жүргізу барысында жаңа өнім алу



Дата15.04.2023
өлшемі1,2 Mb.
#82854

Биотехнология

адамның қатысуымен тірі ағзаларда биологиялық процестерді жүргізу барысында жаңа өнім алу

Биотехнология салалары

Биотехнология ғылымы: ауыл шаруашылығында; фармацевтикада; тағам өнеркәсібінде; биоэнергетикада; қоршаған орта ремедиациясында; биоэлектроникада; тағы басқаларда қолданылады.


Заманауи тағамдық биотехнология – тағамдық ингредиенттер өнеркәсібі – тағам өнімдеріне пайдалы қасиеттерін арттыру үшін оларды өндіру кезінде енгізілетін көмекші технологиялық қоспалар.
Тағамдық биотехнология – жалпы, емдік және профилактикалық мақсаттарға және арнайы бағдарға арналған тағам өнімдерін жасаудың теориясы мен тәжірибесін дамытатын биотехнологияның бөлімі
Қазіргі биотехнологияның басты мақсаты - өсімдіктердің жаңа сорттарын,жануарлардың асыл тұқымын, тағам өнеркәсібіне көңіл бөлу, микроорганизмдердің штаммаларын шығару. Оны адам өміріне қажетті заттар өндіру үшін биологиялық нысандар мен процестерге негізделген жаңа ғылымның және өндірістің сапасы деп қарауға болады
Ата-әжелеріміз ежелден микроорганизмдерді қымыз бен шұбат, айран ашытуға, құрт пен ірімшік жасауға, нан пісіруге, тері илеуге, т.б. қажетті заттарды дайындауға пайдаланған. Қазіргі биотехнологияның мынадай негізгі бағыттары бар: микробиологиялық өндіріс, жасушалық инженерия және генді инженерия. Биотехнологияда биохимия, микробиология, молекулалық биология, генетика ғылымдарының жетістіктерінің нәтижесінде өте бағалы биологиялық белсенді заттар - гормондар, ферменттер, витаминдер, антибиотиктер, органикалық қышқылдар-сірке, лимон, сүт және кейбір дәрі-дәрмектер алынады.

Сүт өнеркәсібі


Сүт - өте бағалы өнім. Олай дейтініміз, адам ағзасына сүттің құрамдас бөлігінің 95-98 % сіңеді. Сүт сондай - ақ амин қышқылдарының, макро және микроэлементтердің, дәрумендердің таптырмайтын көзі болып табылады.
Сүт өсімдік өнімдерімен және мал өнімдерімен қосылып, адам тағамының биологиялық құндылығын арттырады. Себебі, сүт ағзаға түсетін қоректік заттардың жалпы көлемін ғана арттырып қоймай, май, ақуыз, көмірсу, минералды тұздармен, сондай - ақ дәрумендермен біріге отырып, ағзаға сіңу үшін өте қолайлы жағдай туғызады.
Сүт өнеркәсібінің бастапқы сатылары (пастерленген сүт, қаймақ, кілегей, айран шығару) тұтынушыға таяу орналасады.
Оның соңғы сатылары, мысалы, май шайқау мен ірімшік жасау көп сүт алынатын жерлерде көбірек дамыған.
Сабақтас құрмалас
Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі сабақтас құрмалас деп аталады.
Мысалы: Тапсырманы тиянақтап алғысы келгенмен, қайта сұрауға батылы бармады. 
Бұл құрмалас сөйлемнің бірінші жай сөйлемін өз алдына бөлек айтуға келмейді, себебі ой тиянақты емес, ойды тиянақтап, аяқтап тұрған екінші жай сөйлем. Құрмаластың құрамындағы бірінші жай сөйлем екінші жай сөйлемге бағына байланысып тұр.
Құрмалас сөйлемнің құрамындағы тиянақсыз жай сөйлем бағыныңқы сөйлем, ал өз алдына дербес айтыла беретінойды тиянақтап тұратын екінші жай сөйлем басыңқы сөйлем деп аталады.
Сабақтас құрмалас сөйлем 
құрамындағы бағыныңқы мен басыңқы сөйлемдерінің мағыналық қарым қатынасына қарай алты түрге бөлінеді:
1) шартты бағыныңқы;
2) қарсылықты бағыныңқы;
3) себеп бағыныңқы;
4) мезгіл бағыныңқы;
5) қимыл-сын бағыныңқы;
6) мақсат бағыныңқы.
Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас
Құрамындағы жай сөйлемдердің біріншісінде айтылған іс екіншісінде айтылған істің мезгілін білдіретін құрмаластың түрі мезгіл бағыныңқы сабақтас деп аталады.
Мезгіл бағыныңқы сабақтастың құрамындағы жай сөйлемдер сабақтаса байланысады. Мезгіл бағыныңқы сабақтас сөйлемнің бағыныңқы сыңары қашан, қашанға дейін, қашаннан бері, қай кезде? деген сұрақтарға жауап береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет