ОқУ ҚҰралы қостанай, 2022 удк ббк рецензенттер


Адамдардың бірін – бірі қабылдауы мен түсінуі



бет19/40
Дата25.11.2023
өлшемі249,5 Kb.
#126734
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40

2. Адамдардың бірін – бірі қабылдауы мен түсінуі


Адамдар арасындағы қатынастардың қалыптасуы, әдетте, олардың бірін-бірі қабылдай алуы, түсінуі және бағалауына байланысты, яғни тілдесу нәтижесінде бір адамның екіншісінің образы жөнінде топшылаған ой-пікірі. Екінші адамның тұлғалық образын оның сырт пішіні мен психологиясын және әрекетін, қылығын байланыстыра, салыстырып тануға болады. Ал психологиялық бейне әр адамның қажетсінуінен, қылық мотивтерінен, мінез бітістерінен, әр түрлі өмірлік жағдайлардағы көңіл-күй толғаныстары мен әрекеттерінен көрінеді.
Бұлардың бәрі “Ат кісінесіп, адам сөйлесіп” дегендей әңгімелесу барысында назарға алынып, санада жіктеліп, бекиді де адамның жеке, нақты бағасын беруге негіз болады.
Бөгде адамның бейнесін қалыптастыру арқылы біз оған болған қатынасымыздың сипатын айқындаймыз, оның даралық ерекшеліктерін тануға мүмкіндік аламыз. Адамды жөнімен танып, дұрыс бағасын беріп, оның әрекет-қылығының мақсаттары мен түрткілерін айқындап, оның тарапынан болатын жауапты әрекеттерді күні бұрын болжай отырып, біз бұлардың бәрін өз қажеттіліктеріміз және мүдделерімізбен салыстырамыз, әңгімелесудің қолайлы жолдарын болжастырамыз, осы арқылы екі тарапқа да ортақ ниеттерді табумен тұлғалар арасындағы қызметтік қатынастарға кірісеміз. Сонымен, қызықтырған адамның мінез бітістерін біліп алып енді оған бағытталған өз әрекет-қалығымыздың формасын байқастырамыз. Қайткенде де, біз таңдаған әрекет-қылық түрі ол адамның даралық қасиеттеріне сәйкес болғаны жөн. Осының нәтижесінде екі адам ортасында толық өзара түсінік, жайлы да берік, аралық қатынастар орнығады.
Адамның эмоционалдық жағдайын бағалай отырып, біз оның нақты көңіл-күйіне сәйкес қарым-қатынасты дамытып, тереңдете түсуге мүмкіндік аламыз және өзіміз, оның және төңірегіндегілердің мүдделеріне орай ол адамға тиімді психологиялық ықпал етудің жолдарын іздестеріп, пайдаланамыз. Егер біз қатысқан адамдарымыздың әр түрлі тұрмыстық жағдайлардағы әрекетін, қылығын күні бұрын болжастыра алсақ, оның мінез-құлығын қажетті бағытта басқаруға және онымен ұнамды адам аралық қатынастар алып баруға қосымша мүмкіндіктерге ие боламыз.
Бөгде адамның тұлғалық дәрежесі жөнінде біз оның дене құрылымы, психологиялық және қылық-әрекеттік белгілері бойынша топтастырамыз. Бұл белгілер адамның сырт көрінісінен, киімінен, әрекетінен, қылығынан, сөзінен, бет әлпеті мен ым-ишарасынап байқалады. Адамның сырт көрінісі мен психологиялық бейнесі арасында тікелей де толық байланыс болмағанымен, бұлардың екеуі қандай да өзара ықпалды қатынаста. Әрқандай адам жөніндегі біздің бірінші пайымдауымыз осы сырт келбет пен сөз, қылық көрінісінен туындайды. Ғылым ежелден-ақ адам мінезі мен дене құрылысының өзара байланысты екенін дәлелдеген (Э.Кречмер, У.Шелдон т.б.). Дене құрылымы ерекше бітіске ие болған адамдар, мінезі жағынан да өзара ұқсамас.
Осы тұрғыдан барша адамдар үш типке жатады: астеник, пикник, атлетик.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет