Кенесов Асқар метеорология
Қазақстан тарихынан СӨЖ жұмысы
Тақырыбы: Ұлы дала аумағындағы мемлекеттіліктің қалыптасуы мен көшпелі және отырықшы мәдени аймақтардың өзара қатынастардың алғашқы кездері.(б.з.д 3 ғасыры – б.з. 2 ғасыры)
Ұлы дала көшпелілерінде мемлеткеттік сонау қола дәуірінен бастау алады. Себеі сол кезден бастап қоғамда қауымдық құрылыстар, ру тайпалар, кішігірім мемлекеттер пайда болған. Оларда өзіндік ішкі басқару жүйесі болды. Алайда кейбір ғалымдар олай есептемейді, және менің ойымша бұл өте қате түсінік. Яғни олардың пайымдауынша көшпелілер мемлекеттікті кейіннен отырықшы халықтан үйренген дейді. Бірақ қоғамда қандайда болмасын қауымдастықтың басқару жүйесі және басқару жүйесі болады. Мен мемлекеттілік көшпелілерде жақсы дамыған деп есептеймін. Бұған келтірер дәлелдерімде бар.
Б.з. дейінгі II мыңжылдықтың орта шенінде Еуразия далаларында қоланы пайдалану жүзеге аса бастады. Ертедегі адамдар мысқа қалайыны, мысқа мырышты, мысқа қорғасынды қосу арқылы металдан жасалатын бүйым алынды. Бүл бүйым қола бүйымдары. Соңғы жылдары Қазақстанда қола ескерткіштері кең ауқымды зерттелуде, оның қай кезеңде болғаны мен хронологиясы жасалуда, қола мәдениетінің тарихи бірлігі мен даму мәселелері ойдағыдай шешімін табуда. 1913 жылы Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы түбіндегі Андронов селосында обаны қазу кезінде қола заттар табылып, ол Андронов мәдениеті деп аталған болатын. Қола дәуіріне жататын Қазақстанның археологиялық ескерткіштері Андронов мәдениетіне жатады. Оның таралған аймағы Оңтүстік Сібірдің, Қазақстанның, Орал мен Орта Азияның бүкіл аудандарын қамтиды. Андронов мәдениетінің негізгі орталықтарының бірі Қазақстан аумағында орналасқан. Тарихи-мәдени түрғыдан қарағанда, Андронов мәдениеті қола дөуірінің ертедегі (б.з.д. XV11I-XVI ғғ.), орта ( б.з.д. XV-X1I ғғ.) және кейінгі (б.з.д. ХП-VI 11 ғғ. бас кезі) кезеңдеріне сәйкес келеді. Орталық Қазақстанның қола дәуірі Нүра, Атасу және Беғазы болып үшке бөлінеді. Қола дәуірі түрғындары негізгі кәсібі мал шаруашылығымен айналысып, әсіресе ірі қараны көп үстап, оны шүрайлы жайылымдарда баққан. Егер мал үстаудың бастапқы кезеңінде табында ірі қара көп болса, ал қола дөуірі дамыған кезеңде жылқыны шаруашылықтың әр түріне пайдаланып, тек жүк тартуға ғана емес, мінетін колік ретінде де қолдана бастады. Орталық Қазақстан даласында жабайы түйелер қолға үйретіліп, ал огіздер жүк тасуға пайдаланылған.
Менің ойымша қоғамдық өмірді үйымдастыруда айтарлықтай өзгерістер болды. Шаруашылық түрінің өзгеруі қоғамдық үйымдастыруға да өзіндік жаңалықтар әкелмей қойған жоқ. Аналық-рулық қатынастар аталық-рулық қатынастарға ауысты. Қазақстанда патриархат тез қарқынмен дамыды, бірінші кезекте ол жаңадан пайда болған экономикалық бірлікті - жеке отбасылары мен отбасылық-неке қатынастарын басқарды. Көп некелілік орнына енді бір неке немесе бір адаммен түрмыс қүру салты пайда болды. Аталық отбасылық қауымның бастапқы кезеңі ерлердің төрт-бес жанүялары бойынша қүрылып, аумағы 200 шаршы метр 13 болатын үлкен түрғын-жайларда бірге түрды. Әрбір аталыкрулық елді-мекендерде осындай бірнеше түрғын-жайлар болды.
Алайда кейінгі қола дәуірі тайпаларының шаруашылық дамуы мен мал басының күрт өсуі жерлеу әдет-ғұрпына да әсер етті. Сол кездегі адамдардың зираттарында үй жануарларының сүйектері көп кездеседі. Құрбандыққа шалынған малдардың сүйектері тастан жасалған жәшіктерге салынатын болған. Мүлік теңсіздігінің күшеюіне байланысты тайпа басшылары мен көсемдері озгелерден ерекшелене бастады, бұған аталған дәуірдің соңғы кезінде тұрғызылған Беғазы-Дәндібай мазары мсн Тегіскен кесенесі мысал бола алады.
Қола дәуірінде қауымдық қоғам ыдырап, дін қалыптасты. Оған қызмет ететін абыздар болатын. Патриархальды қоғамға жоне тайпалық құрылымға өту кезеңі діннің пайда болуына, ата-бабаларының әруағына сыйынуға жол ашып берді. Сонымен бір мезгілде егін шаруашылығы мен мал шаруашылығын қорғайтын Құдайлардың бейнелеріне табыну коса жүрді. Қола дәуірінде адамдар отқа табынды, ол кезде мәйітті отқа жағу ғұрпы кең таралды. Күйген сүйектердің қалдыктары қола дәуірінің әр кезеңіне жататын қабірлерде кездеседі. Ертедегі адамдар от денені жын-шайтаннан тазартады жоне өлген адамды пәлежаладан қорғайды деп түсінген.
Қола дәуірінің кейінгі кезеңінде шаруашылық жүргізудің жаңа түрі - көшпелі мал шаруашылығының дамуына орай айға. Жұлдызға табыну кең тарады, көшпенділер түнде көшіп келе жатқанда ай мен жүлдызға қарап бағыт-бағдарды аныктайтын болған. Қола дәуірінде тайпа ру көсемдерінің немесе бай отбасыларының иеленген малдары мен өндіріс құралдарына тиісуге тыйым салынған дәстүр болған. Ежелгі тайпалардың талғамы мен мәдениетінің қандай болғанын олардың жасаған әшекейлері мен өнер туындыларына қарап білуге болады. Құрбандық шалатын жөне ұрандар айтатын тас жартастарда жазулар жазылып, ғажайып суреттер салынған (Таңбалы тас, Сынтас жоне т.б.). Онда дөңгелектер, садақ атқан батырлар, дәстүр бойынша шеңбер жасап билеген бишілер бейнеленген, ал солардың бәрінің үстінен «күнбасты құдай» қарап тұр деген . Бұл адамның өзі мен табиғат күштері туралы ойлануына және дүниеге діни көзқарастың пайда болуына алып келді.
Сына жазбаларының бірқатар этнонимдері грек шежірешілерінің жазбаларында кездесетін тайпалардың атауымен сәйкес келеді. Мысалы, Геродот айтқан ортокарбинти тиграхаудасақтарына, амюргийлік сақтар - хаомоваргаға, ал даи - Авестаның және Ксеркстің жазбаларындағы дах тайпаларына сай келеді. Бірақ. грек әдебиеттерінде ахеменидтік сына жазуларда кездеспейтін басқа да есімдер, атап айтқанда, массагеттер, савроматар (кейін сарматтар), аргиппей, аримаспылар, ассиялар, пассиандар, сакараулдар (сакарауктар) және т.б. бар.
Гректер дәлелдеген өте құнды тарихи фактіге қол жеткіземіз. Қазақстанның көшпенділері ежелгі дүниенің саяси оқиғаларына белсенді түрде қатысқан. Б.з.д. V ғасырдың орта шенінде парсы патшасы Кир Арал бойындағы Томирис ханша бплік қүрған сақтарды бағындырып алғысы келген. Кир әскерімен Сырдарияға жақындап келіп, сақ-массагеттерді бағындыруды ойлап Томириске елшілер жіберді. Алайда көшпенділердің патшасы келіссөз жүргізуден бас таргты. Б.з.д. 530 жылы Сырдарияда қантөгіс шайқастар болды, онда парсылар сұмдық жеңіліске ұшырады. Аңызға сүйенсек, Томирис меске қан толтырып, оған Кирдің басын салып тұрып: «Сен қанқүмар едің, енді тоя іш!» депті.
Бұл кезеңнің саяси жүйесі ерекшеліктерінің бірі билікті дәріптеу, сакрализациялау еді. Тайпалар одағын патша басқарды, ол соғыс және бейбітшілік мәселелерін шешті, сондай-ақ елшілерді жіберу және оларды қабылдаумен айналысты. тайпалар арасындағы қарым-қатынастарды реттеп отырды. Патша белгілі бір рудан шықты және ол ру қасиетті саналды. Сақтар патша елді Құдайдың әмірімен басқарады деп ойлады, сақ билеушілерінің абыздық функциясын да осымен байланыстырды. Тайпалардың жоғарғы билеушілері көбіне әйелдер болды. Патшалық биліктің тірегін «күшті ерлер» - әскери-тайпалык ақсүйектер қүрды. Одан кейінгі кезекте бұқара халық - қатардағы жауынгер-қауымы түрған.
Алғашқы қауымдық қоғам ыдыраған кезеңде жаңадан күрылған тайпалық одақтар әлеуметтік қүрылыстың неғүрлым жетілген түріне айналды. Сақтардың жасаған жоғары мәдениеті орасан зор аумақты алып жатқан Шығыс Еуропаға, Батыс жоне Орталық Азияға айырықша ықпалын тигізді. Сақ мәдениетінің ауқымы Солтүстік Қара теңіз, Қырым жоне Еуразиялық далалық аймақтармен бірге Орталык Азия мен Еуропаның арасын байланыстырып жатты. Сол кезеңнің саяси жағдайында сақтардың рөлі қандай жоғары болса, сақ мәдениеті де өзгелерге қарағанда көш ілгері болды. Іле озені бойындағы Бесшатыр обасын (б.з.д. 5 ғ.), Есік қорғанын (Алматының шығыс жағында 55 шақырым қашықтықта), Алтайдың Пазырық және Берел қорғандарын қазу барысында кезіккен архитектуралык құрылыстар, сақ «пирамидалары», сол қоғамның байлығы кімді болса да таңқалдырады, осы арқылы Қазақстанның ертедегі кошпенділерінің тарихына жаңаша қарауға әрі оны әділ бағалауға тура келеді. «Алтын адамның» табылуы шын мәнінде күтпеген ғылыми жаңалық еді. Есік қорғаны сақтардың зергерлік онерінің (4000-нан аса жоғары көркемдік деңгейдегі алтын бүйымдар) кандай болғанын бүкіл әлемге паш етті. «Алтын адамның» әшекейлері сақ мифологиясы мен дүниетанымының озіндік ерекшелігі бар знциклопедиясы. Есік қорғанының материалдары сақ қоғамының әлеуметтік құрылымының сипатын түсінуге көмектеседі. Әсіресе күміс тостағандағы 26 руна торізді ғаріптен түратын жазу ерекше маңызға ие, өкінішке орай ол әлі күнге оқылған жоқ. Есік корғанында б.з.д. IV гасырда өмір сүрген сак тайпаларының бекзадасы жерленген.
Б.з.д. бірінші мыңжылдығының аяқ кезінде Жетісу, Тянь-Шань мен Тарбағатай аумақтарында үйсіндердің мемлекеті қүрылды. Үйсіндер туралы алғашқы деректер б.з.д. II ғасырдың аяғында кездеседі. Хань сарайы хундарға қарсы күресте одақтастық мақсатымен Чжан Цянь бастаған елшілігін «Батыс өлкеге» аттандырды. Ол Жетісу оңірінде болып, қытай жеріне бірінші рет үйсіндер туралы тарихи деректер алып келді. Жетісу мен солтүстік Қырғызстан жерінде сэ (сақтар) және юечж тайпалары тұрды.
Үйсіндер көшпелілер арасында құрылған алғашқы мемлекет болып табылады. Кейінгі басқару жүйесі дәл осы үйсін мемлекетінің басқару жүйесімен ұқсас болып есептеледі.
Үйсін мемлекетінің қалыптасуы туралы айтқанда. әдебиеттердің көпшілігінде «Усун-го» үйсін мемлекеті және «Син-го» -көшпелі мемлекет деген терминдер қолданылады, ал «Бу-цзу» -тайпа, тайпалық одақ термині сирек кездеседі. Сонымен б.з. ІІІ-Ү ғасырларында үйсін қоғамында таптық қатынастар мен мемлекеттілік қалыптасқан деп айта аламыз.
Мал шаруашылығымен қатар бүл өңірде егін шаруашылығы да дамыды. Өсімдіктерден жасалған тағамдарды үйсіндер күнделікті қоректенетін азықтарында пайдаланылған. Ақтастағы қыстаққоныс бөлмежайында бүтін 11, сынған 15 дән үккіш табылды. Оның бәрі де үзак уақыт бойы пайдаланғандықтан әбден тозығы жеткен. Б.з.Ш-IV ғасырларында суармалы егіншілік пен диқаншылық одан әрі дами түсті. Үйсін қоғамында мүліктік және әлеуметтік теңсіздік, малға жеке меншік болды. Әрбір отбасы өздерінің малын ажырататын өз таңбаларын салды. Жер иеленуге жеке меншік болғандығын жазба әдебиеттер дәлелдейді. Үйсін қоғамында әлеуметтік теңсіздіктің болғанына археологиялық қазбалар дәлел. Жетісудың көптеген қорғандары үш түрге бөлінеді: диаметрі 50-80 м. және биіктігі 10-12 м.; екіншісінің диаметрі 15-20 м. және биіктігі 1 м.; үшіншісі аздаған топырақ үйілген, диаметрі 10-15 м. және биіктігі 30-50 см.
Көшпелілерде құрылған алғашқы империя ғұн империясы болып табылады. Б.з.д. Ill гасырдың аяғында ғұн мемлекеттің негізі каланды. Сыма Цянь бұл оқиғаны былайша баяндайды: «Бұл кезде хунда шаньюй Тоумань болды. Оның екі әйелінен екі ұлы бар еді. Ол үлкені Маодуньді (Мөдені) жақсы көрмеді, ал кішісін бауырына тартып, бабаларының заңын аттап өтіп, оны өзінің мұрагері етуге тырысты. Үлкен ұлы бөгет жасап қарсыласпауы үшін Тоумань оны юечждерге аманат ретінде берді. Маодуньнің өгей шешесі юечжи тайпасынан болатын. Жасөспірім Маодунь ақылды әрі батыл еді. Ол әкесінің ойын түсініп қойды. Алғашқы мүмкіндікті пайдаланған ол қашып шығып, өзінің туған жеріне қайта оралды». Бұл кезеңде ғұндар туысқан рулардың одағы ретінде көсемдерін сайлап қоятын. Б.з.д. 209 жылы Маодунь «жоғары мәртебелі» шаньюй болды және ғұн мемлекетін құруга белсене кірісті. Маодунь өз иелігіндегі орталықты басқаруды колына алды да, ал шығыс және батыс аймақтағы иелігін өзінің жакын туыстары ішінен тағайындаған билеушілерге берді.
Ғұндар қоғамының әлеуметтік құрылымы өте күрделі болды. Мемлекетті қолында шексіз билігі бар шаньюй басқарды. Оны «аспанның ұлы» деп атады, ал оны ресми түрде «аспан мен жерден жаралған, Күн мен Айдың өкілі, ұлы ғүн шаньюйі» деп мадақтады. Хунну қоғамында орталық билік қанша мықты күшейгенімен халықтық билікте ақсақалдар кеңесі әлсірей қойған жоқ. Жылына үш рет Айға (Лунца) табыну үшін жиналу дәстүрі болды, бүл жиында аспан рухына қүрбандық шалды. Шаньюй мемлекет аумағына, хундарға қарайтын барлық жерге билік жүргізіп, олардың қорғалуын қамтамасыз етті. Биліктің келесі сатысын оның кеңесшілері, әскери қолбасшылар иемденді. Үшінші позицияда белгілі бір аумақты басқаратын шаньюйдің туысқандары түрды. Бүлар 24 адам басқаратын онмыңдықтар болды. Оларды шаньюйдің өзі тағайындады. Ол бүларға түрғындармен бірге аумақтарды бөліп берді. Ер адамдардың негізгі міндеті әскери қызмет ету. Хундар қоғамының билеуші табы рулық-тайпалық тектілерден қүралды. Бірақ, сол кездің өзінде-ақ тектілер қүлдар үстады. Сөйтіп, Еуразияның көшпелі және отырықшы халықтарының басым көпшілігін біріктірген ғүндардың империясы өзінің ішкі жағдайындағы қайшылықтар негізінде ыдырап кетті.
Қорытынды:
Менің ойымша Ұлы дала көшпелілерінде мемлекеттілік баяғы қола дәуірі кезінен бастау алған. Әрбір қоғамның, қауымдастықтың, мемлекеттің өзіндік басқару жүйесі болған. Бірақ көбінесе бір-біріне ұқсас болып келеді. Кейінен мемлекет құру жақсы дамып, барлық көшпелілер өз мемлекеттерін құра бастаған. Нақтырақ айтқанда Ұлы дала көшпелілерінде мемлекеттілік жоғары деңгейде болған.
Достарыңызбен бөлісу: |