Оқу сауаттылығы (35 минут) Мәтінді түсініп оқы



бет2/4
Дата14.02.2023
өлшемі213,86 Kb.
#67790
1   2   3   4
Байланысты:
ІІ нұсқа

Жақсылық ұмытылмайды
Бір бала болыпты. Ол сабағын жақсы оқиды. Үй шаруасына да көмектеседі. Бірде сабақтан келе жатып, жол жиегінде отырған кішкентай қарлығашты көреді. Қарлығаш сынған қанатын сүйретіп, дәрменсіз жорғалайды.
Бала қарлығашты қатты аяйды. Сөйтіп, қойнына тығып, үйге алып келеді. Әкесі:
- Неге ұстадың? Қарлығаш адамның досы ғой,- дейді.
- Мен оны ұстаған жоқпын. Тауып алдым. Қанаты сынған. Емдеймін.
Содан бала қарлығашты күтіп, емдей бастайды. Жемге үйретеді. Ақырында қанаты жазылып, үй ішінде ұша бастайды. Қарлығаштың балаға үйреніп, иығына келіп қонып, қолынан жем жейтін болады. Содан бала қарлығашты көруге асығады екен.
Бір жолы мектептен келген соң қарлығашты шақырса, шақырғанына келмейді. Байқаса, терезенің көзі ашық қалыпты. Досының ұшып кеткенін біледі. Өзін тастап кеткеніне өкпелеп, жылап жібереді.
- Жылама, ботам! Қарлығаш сенің жақсылығыңды ұмытпайды. Бір келуін келеді. – дейді әкесі.
Содан әкесінің айтқаны келеді. Бірде үй ішімен дастарқан басында отырғанда, терезенің көзінен қарлығаш ұшып кіреді де, бөлмені айнала шарлап, баланың иығына келіп қонады. Сосын қарлығаш қайтадан терезе көзінен ұшып кетеді. Оның аузынан дән еденге ұшып түседі.
Оны екеуі қыш тостағанға отырғызады. Күн жылынған соң өскінді бақшаға апарып отырғызады. Бала өскінді суарып, күтеді. Күз болғанда жұпар иісі аңқыған, тәп-тәтті қауын өсіп шығады.
- Мұндай тәтті қауын жеп көрген емеспіз! – деп мақтайды жұрт.



  1. Екінші азат жолдағы баланың әрекетін көрсететін тұжырымды анықта.

А) Қанатын сүйретіп жүрген қарлығашты көреді
В) Қарлығашты қойнына тығып алып келеді
С) Қарлығашты күтіп емдей бастайды
Д) Қарлығаш ұшып кеткенде өкпелеп жылады



  1. .Мәтінде жауабы жоқ сұрақты тап.

А) Қарлығаш тастап кеткен дәнді не істеді?
В) Дәннен не өсіп шықты?
С) Қарлығаш баланың жақсылығын неге қайтармады?
Д) Жұрт бала өсірген қауынды қалай мақтады?



  1. Жаралы құсты үйге әкелгеннен кейінгі бала әрекеті...

А) құсты үйге әкеліп емдеймін деп ойлайды
В) құсты емдеп, жемге үйретеді
С) құсты үйге қамап қойды
Д) құс ұшып кеткенде жылады



  1. Қарлығаштың дәнді әкеліп тастауының себебі....

А) қарлығаштың балаға айтқан рақметі
В) қарлығаш аузынан түсіріп алды
С) қарлығаш өзі жегісі келді
Д) қарлығаш байқамай тастап кетті



  1. Мәтінге қатысты мақал-мәтелді көрсет:

А) Жақсылық жүрген жерде, тапшылық болмайды.
В) Жақсылық біреуден қайтпаса, біреуден қайтады.
С) Жақсылық ұмытылмас.
Д) Жақсылық етсең, жарты етпе.



  1. Мәтіндегі кейіпкерлердің әрекетіне қарап шығарған қорытындыңыз:

А) жамандық пен жақсылық қатар жүреді
В) құстарға көмек жасау
С) құстармен дос болу
Д) біреуге жақсылық жасасаң , жақсылық өзіңе қайтып келеді

Математика сауаттылығы (24 минут)



  1. Барлық 10 дөңгелектің қандай бөлігін қара түсті дөңгелектер құрайды?


а)
в)
с)
д)

  1. Төмендегі бөлшектердің ең үлкені қайсысы?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет