Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Ақмола округтік приказының ашылуы. 1832 жылы



бет64/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   251
Ақмола округтік приказының ашылуы. 1832 жылы Ресей императоры I Николай сыртқы жаңа округтің ашылуына рұқсат етті. Ақмола сыртқы округінің ресми ашылуы 1832 жылғы тамызда салтанатты жағдайда өткізілді. Оған жергілікті халық өкілдері қатысты.

Округтің аға сұлтаны болып осы аймақтағы ықпалды сұлтан Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы сайланды. Ол Орта жүздің ханы болған Сәмекенің шөбересі еді. Кейінірек бұл сұлтан патша үкіметінің отаршыл әкімшілігінің алдында неғұрлым жоғары бедел алып, құрметке бөленді. Онымен бәсекелес сұлтан Саржан Қасымұлы болатын. Бірақ патша үкіметінің әкімшілігі Қасым Абылайұлы балаларының қазақ даласында патша үкіметінің бекіністер салуына қарсы болған пікірін ескерді. Саржан Қасымұлының кандидатурасын әуел бастан-ақ қабылдамай қойды.
Көп ұзамай Ақмола бекінісі Орталық Қазақстандағы ірі әскери-әкімшілік және мәдени орталыққа айнала бастады. Округтегі қазақ халқынан жиналатын алым-салық осында жеткізілетін болды. Сауда керуендерінің жүріс-тұрысына да осы жерден бақылау жасалды. Бұл бекініс келесі далалық округтердің ашылуына әзірлік жасалатын орынға айналды.



Ақмола бекінісін салатын жерді таңдаудың басты себебі

Бұл жер арқылы сауда керуендері өтті

Есіл өзенінің екі өңірі құнарлы, шөбі шүйгін, мал жайылымы үшін қолайлы болды

Орта жүздің ең ірі рулары көшіп-қонып жүретін аймақ

Отын етіп жағуға қолайлы қалың талды тоғайы болды

Округтік приказдың орталығында ағаштан құрастырылған мешіт салынды. Діни мереке күндері оған таяу маңдағы ауылдардың қазақтары жиналып келетін болды. Орта Азия көпестері де осында намаз оқып, Аллаға құлшылық етті. Ақмола мешітінің жанында қазақ медресесі болды. Онда молда Қарабек Байбеков балаларға ислам ілімін үйретті.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет