Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Карта бұрыштамасының сыртындағы безендіруін оқу



Pdf көрінісі
бет154/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Карта бұрыштамасының сыртындағы безендіруін оқу. 
Карта бұрыштамасының сыртындағы безендіруге бұрыштаманың 
сыртында орналасқандар, ал ішкі картографиялық мазмұнына 
ішкі бұрыштамамен шектелген картаның шартты белгімен 
кескінделген нысандары жатады.
Сыртқы бұрыштамадан тыс безендірілуін төмендегі ретпен 
оқу қажет:
– карта бетінің солтүстік жəне оңтүстік бұрыштамаларының 
безендірілуі;
– батыс жəне шығыс бұрыштамаларының безендірілуі;
– сыртқы, минуттық жəне ішкі бұрыштаманың,шақырымдық 
торларының сипаты мен олардың безендірілуі. 
Ішкі картографиялық мазмұнды оқуды құрылу ретіне сай кар-
та мазмұнының ең басты құрамдас бөліктерінен бастайды.
Картаны оқу дағдыларын қалыптастыру үшін мысал ретінде 
1:50 000 масштабты топографиялық картаның L-44-97-В (Талды -
қор ған) бетін оқуды ұсынамыз. 
Солтүстік бұрыштамасы
. Сыртқы бұрыштаманың үстінің 
орталық бөлігінде карта бетінің жер элипсоидындағы орнын 
көрсететін номенклатурасы жазылған. Номенклатураның 
оң жағында жақшаның ішінде бас əріппен картаның қосыны 
Талдықорған жазылған. Ережеге сəйкес жетекші қосыны 
ретінде карта мазмұнының басты нысаны болып табылатын есте 
жеңіл сақталатын елдімекен, биіктік белгілері, көл, қоныс тағы 
басқа нысандар таңдап алынады. Егер картада атау берілетін 
құндылығы бірдей екі нысан болған жағдайда, олардың орта-
сында, жол торабында орналасқан жоғары класқа жататыны 
алынады. Номенклатураның оң жағында шығыс бұрыштамада 
картаның құпиялық дəрежесін көрсететін грифі орналасады. Ал 
номенклатураның сол жағында «1942 координат жүйесі» сөзі жа-
зылады. Ол картаның бұл беті Ф. Н. Красовскийдің элипсоидын-


261
да құрылған 1942 жылғы координаттар жүйесі қолданылғанын 
көрсетеді. Номенклатураның астында картаның баспадан 
шығарылған жылы жазылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет