Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет157/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

[
7.6-сурет
].
7.6 сурет
.
Топографиялық картаның бетінің сызба-нұсқасы
Картада қамтылған қажетті нысанның географиялық бойлығы 
λ
анықтау үшін А нүктесі мен солтүстік немесе оңтүстік 
бұрыштаманы қиып өтетін түзу сызық жүргізіледі де, батыс 
жəне солтүстік (оңтүстік) бұрыштамалардың түйіліскен жерінің 


264
минуттық бұрыштаманы қиып өтететін тік сызыққа дейінгі ми-
нуты мен секундын есептеп, солтүстік (оңтүстік) жəне батыс 
бұрыштамалардың қиылысындағы бойлықтың градусына қосып 
жазады. 
Сыртқы бұрыштама
картада қамтылған аумақты негізгі 
жəне қосымша жабдықтаушы құрамдас бөліктерінен шектеп 
тұрады 
[
7.6-сурет
].
Картаға жұмсалатын қағазды үнемдеу, сонымен қатар, 
пайдалану үшін топографиялық картаның бұрыштамасының 
сыртындағы ашық жолақ 5 мм-ден кем жəне 10 мм аспауы тиіс;
төрт бұрыштаманың сыртындағы ашық жолақ барлық таралымда 
бірдей болып, ауытқыуы 1 мм-ден аспауы тиіс..
7.3. Ірі масштабты карталардың геодезиялық негіздері. 
Топографиялық карталардың номенклатурасы
Топографиялық карталардың геодезиялық негіздері 
нысандардың картада дұрыс орналасуын қамтамасыз етеді. Оны 
мемлекеттік геодезиялық торлар (жоспарлы жəне биіктіктік) мен 
кескіндеу негіздемесінің жекелеген нүктелері құрайды. Жоғарыда 
аталған қосындардың нақты координаттары елдімекендерді карта-
да кескіндеу қызметін атқаратын арнайы каталогтарда сақталады. 
Карталарды қағаз бетіне түсіру үшін алдымен координаттар торы 
құрылады да, оған 0,2 мм дейінгі дəлдікпен трапециялардың 
бұрыштары мен геодезиялық негіздердің қосындарын 
кескіндейді. Содан кейін олардың араларына жергілікті жердегі 
нысандардың картографиялық кескінін бейнелейді. Картаның 
дəлдігін онда қамтылған нысандардың кескінінің геодезиялық 
тірек нүктелеріне қатысты орны айқындайды. Ережеге сəйкес 
жергілікті жердегі заттардың орны мен кескінінің жақын маңдағы 
геодезиялық қосынға қатысты қателігі жазықтарда –0,5 мм, та-
уларда-0,75 мм аспауы тиіс. Геодезиялық торлар мен ширек 
нүктелері арқылы жердің физикалық бетінен элипсоидқа жəне 
одан картаға өтуі іс жүзінде жүзеге асырылады. 1:1 000-1:100 
000 карталарға 1, 2, 3 класты барлық геодезиялық қосындар 
түсіріледі. Геодезиялық қосындар құрылыс, жол салу, əскери 
жəне оқу жұмыстарында жергілікті жермен байланыстыратын 
тірек нүктесі ретінде қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет