335
зонталь аралық ұзындығы қысқа болатындықтан горизонтальдар
бір-біріне жақын орналасады. Жазық жерлердегі жер бедерінің
ерекшеліктерін ашып көрсету үшін екі негізгі горизонтальдардың
аралығынан ұзын пунктирмен
жарты горизонтальдар
, қысқа
пунктирлермен
қосалқы горизонтальдар
жүргізіледі [9.4-сурет].
Жер бедерінің негізгі пішіндері төбенің, таудың беткейлерінің
көлбеулігін биіктіктері тұрақты көршілес жатқан екі горизон-
тальдарды қима биіктігінің арасындағы
α
бұрышы арқылы
анықталады.
Беткейлердің көлбеулігі артқан сайын көршілес жатқан
горизонтальдардың арақашықтығы қысқарып, олар бір-біріне
жақындайды. Көлбеулігі кеміген сайын горизонтальдардың бір-
бірінен арақашықтығы артады.
Беткейдің қалыпты көлбеулігі 45° артқанда, горизонталь-
дар бір-бірімен қосылып кететіндіктен, жер бедерінің жеке
элементтері жар қабақтар мен жыралар, жартастар картада ар-
найы шартты белгімен кескіңделеді.
Горизонталь аралық көлбеулікті топографиялық картаның
оңтүстік бұрыштамасының астындағы кестетік шкаланың
көмегімен анықтайды, оны горизонталь аралық ұзындықтың мас-
штабы деп те атайды.
Достарыңызбен бөлісу: