Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет105/140
Дата16.06.2022
өлшемі3,28 Mb.
#36961
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   140
11.3 Драмалық туындылары
Жүсіпбектің жан-жақты шығармашылық тұлға екендігінің 
бір көрінісі оның драмалық шығармалар жазуынан байқалады. 
Пьесаларының ертерек жарық көруіне қарағанда, ол өзінің 
шығармашылық талабын осы жанрдан байқап көрген сияқты. 
Кейін бар есіл-дерті прозаға ауғаннан кейін ғана, бұл бағыттағы 
ізденістерін біраз уақыт тоқтата тұрған болуы керек.
Жүсіпбектің драмалық туындылары өзі көрген, сезінген дəуірдің 
күрделі оқиғаларын саралауға, олардың əлеуметтік мəнін ашуға 
бағытталған. Оның “Рабиға”, “Мансапқорлар”, “Қанапия-Шəрбану”, 
“Ел қорғаны”, “Шернияз” сияқты драмалық шығармалары бар. 
Мұның ішіндегі екі шығарма айрықша тоқталуды қажетсінеді. Олар 
— “Қанапия-Шəрбану” жəне “Шернияз”. Өйткені бұл пьесалар – 
толыққанды драматургияның алғашқы үлгілері болуымен бірге, Ж. 
Аймауытовтың драматург ретіндегі қолтаңбасын айқын танытатын 
дүниелер.


327 
“Қанапия-Шəрбануды” Жүсіпбек 1916-17 жылдары жазған. 
Кейіннен қайта өңдеп, 1925 жылы жарыққа шығарған. Пьесадағы 
оқиға 1916 жылдың дүрбелеңі кезінде өтеді. Негізгі тартыс бірін-
бірі сүйген екі жастың қосыла алмауына байланысты өріледі,
Шығарманың басты кейіпкері Шəрбанудың өз сүйгеніне қосыла 
алмау қаупі 1916 жылдың касіретті оқиғасының кесірінен туады. 
Əкесі Исатай ұл баласын солдаттан қалдыру үшін қызын Сазан-
бай байға беруге келіседі. Бұл əлеуметтік теңсіздіктен туған тағдыр 
тəлкегі еді. Жастар трагедиясы замана алға тарткан зор қасірет 
арқылы ашылады. Пьеса Қанапияның соғыстан оралып, Шəрбануға 
үйленуімен аяқталады. Олар Кеңес өкіметінен пана табады. 
Төрт пердеден тұратын драмалық шығармада жанр табиғатына 
тəн тартыс, толымды жасалған тұлғалар бар. Пьесада ескілікті 
тұрмыстың шынайы суреті көрініс тапқан. Оқиға дамуы, шиеленісі, 
өрістеуі, жетілуі бəрі-бəрі драмалық шығармаға қойылар талап 
деңгейінен шыққан. Бірінен-бірі туындап жататын диалог, кейіпкер 
жан дүниесінің айнасы – монолог, сахнаға лайықталған кимыл-
қозғалыс, кейіпкерлер іс-əрекеті бəрі нанымды да сенімді. Жанр 
табиғатына сай. Шығармадан уақыт тынысы айқын сезіліп тұрады.
Жүсіпбек Аймауытовтың ең үздік пьесасы – “Шернияз” 1926 
жылы жарық көрген. Драмалық шығармаларға арналған бəйгеде 
бірінші орын алған бүл пьеса, шындығында, драматургтың үлкен та-
бысы. Мүнда төңкерістен кейінгі ұлт зиялыларының тағдыры бейне-
ленген. Бас кейіпкер Шернияздың прототипі – ақын Сұлтанмахмұт 
Торайғыров.
Бас кейіпкер Шернияз – елін сүйген, ең үлкен парызым туған елге 
кызмет ету деп сынайтын озық ойлы зиялы қауымның өкілі. Оған 
қарама-қарсы сипатта Базарбай бейнесі алынған. Ол да оқыған, зия-
лы адам. Бірақ ол - өз бойындағы жетістікті, өзгеден артықшылықты 
жеке пайдасына, өз қызығына ғана жұмсауды көздеген жан.
Ақын Шернияздың алғашқы жары Раушан екеуінің араларының 
жараспауы, таным-талғам кереғарлығынан болады. Раушан адал, 
адамгершілігі бар əйел болғанмен, оқу-білім жоқтығы көп нəрсені 
ұғынуына мүмкіндік бермейді. Шернияздын екінші рет қосылған 
жары — оқыған Жəмила қала тəрбиесінен қызықты өмірді, ойын-
сауықты ғана алып қалған жеңілтек мінезді əйел болып шығады. Ол 
өмірге, отбасы тіршілігіне мəн бермейді, Бар іздегені ойын-сауық, 
арзан қызық. Соның нəтижесінде ол жеңіл жүріске түседі. Сүйдім 
деген Шернияздың адал сезімін лайлап, аярлыққа айырбастайды.


328
Ел қамын ойлаған азамат ретінде қазақ басындағы қасірет жа-
нын жеген Шернияз ақын əлеуметтік істен, өзін қоршаған ортадан 
да опасыздық көріп, сергелдеңге түседі. Ол өмірден түңілгендей күй 
кешеді. Шернияз бейнесі арқылы жазушы өз дəуірінің оқыған, зиялы 
азаматының, жан дүниесі күрделі ақынының өз заманы арқалатқан 
ауыр қасіреттен шеккен күйзелісін шебер де нанымды суреттейді.
Шернияз басындағы трагедия – сол кездегі ел қамын ойлаған 
қазақ зиялыларының бəріне де ортақ. Қаладан да, даладан да 
жандары байыз таппаған, қаланың екіжүзді өмірінен, даланың 
надандыққа бой алдырған тірлігінен олар қатты торығады, еркіндік 
жолын іздейді. Солардың бірі Шернияздың жан жарасын жазар 
жалғыз дəру - өлеңдері ғана. Ақын – ел-жұрты мен халқының қамын 
ойлаған күрескер азамат. Ол қаншама қиындық көріп қиналса да, 
ұлтының болашағына деген сенімін жоғалтпайды.
Пьеса өлеңмен жазылған. Онда ақ өлең үлгісі де молынан 
кездеседі. Бұған себеп: бас кейіпкерлерінің ақын болып келуінен 
болса керек. Бұл кейінгі қазақ драматургиясына өзгеше үлгі болып 
енді.
Жүсіпбек Аймауытов — бойына сан қырлы шығармашылық 
еңбекті біріктірген түлға. Оның шығармалары қай жанрда жазылса 
да, көркемдік жетістіктерімен ерекшеленіп отырады. Оның жарқын 
идеялы көркем шығармалары қашанда қазақ əдебиетінің табысына 
саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет