Экономика бұл шаруашылықты басқару ережелері мен заңдылықтары



Дата18.10.2023
өлшемі13,34 Kb.
#118327
түріАнализ

Экономика – бұл


шаруашылықты басқару ережелері мен заңдылықтары.
Микроэкономика – үй шаруашылығы, кәсіпорын, жеке
игіліктер нарығы сынды жекелеген экономикалық
бірліктер мен құрылымдар қызметін зерттейтін
экономикалық теория бөлімі.
Макроэкономика – бұл жалпы экономиканың – нарықтың
немесе кең ауқымда жұмыс істейтін басқа жүйелердің
өзін қалай ұстайтындығын зерттейтін экономика
саласы.
Экономикалық теория - бұл адамдардың шексіз қажеттілігін
қанағат-тандыру үшін қоғамдағы шектеулі немесе сирек кездесетін
ресурстарды пайдалану арқылы игіліктерді өндіруді зерттейтін
ғылым.
Экономикалық қажеттілік – адамдарды өз мұқтаждарын қана ғаттандыру
мақсатында белсенді қызмет етуге мәжбүр ететін қозғаушы к үш болып
табылады.
Ұжымдық қажеттіліктер - Жеке қажеттіліктер – бұл жеке адамның өзін
өмірде жеке бір адам қанағаттындыра алатын қажеттіліктер.

Экономикалық игіліктер – бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру


мақсатындағы нәрселер мен заттар.
Ғылыми абстракция әдісі – зерттеліп отырған
құбылыстардың мардымсыз, өткінші жақтарын
дерексіздендіру, олардағы тұрақты қасиеттерді тауып
көрсету процесі.
Талдау – зерттелінетін құбылыс өзінің құрамды
бөліктері мен жақтарына ажыратылады
Жинақтау – құрамды бөліктердің тұтас бір құбылыс
болып қалыптасуы.
Индукция – жеке фактілерден жалпы қорытынды
шығару.
Дедукция – жалпыдан жалқыға, бүтіннен бөлшекке
көшу.
Анализ – біртұтасты бөлшектерге бөліп зерттеу
Аналогия – белгісіз құбылысты белгіліге көшіру
Абстракция – қажетті факторды жұлып алып зерттеу
Математикалық статистика – функция арқылы зерттеу
Графиктік зерттеу – кесте, сызбалар арқылы зерттеу
Экстрополяция – болашаққа лайықталған тенденциялар негізіндегі экономикалық даму болжамы
Гипотеза – алдын ала тексерілген қағида
Меркантиленнтер мектебі – қоғамдық байлық төмен немесе жоғары бағамен сату
Физиократтар мектебі – байлық табиғаттың сиы – ауыл шаруашылығы
Классиктер мектебі – өндірісті шаруашылығының барлық түрінде жүргізуге болады



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет