111
Шынын айтсақ, бұл қазақ поэзиясындағы отаршылдыққа қарсы
айтылған алғашқы “тасқа басылған” жан айқай еді. “Сарыарқаның
кімдікі екені“ кітабына енген “Қазақ жұртының осы күнгі əңгімесі“
атты өлеңі - осы ойдың дəлелі. Онда үміт те бар, Ресей патшасының
өз еркімен еркіндік бермесіне күдік те бар. Ақын:
Биылғы үмітті едік өткен күзден,
Октябрь он жетінші деген сөзден, –
дей келе, ойын былай қорытындылайды:
Жан-жақтан ұшпа бұлт көтерілді,
Қызғанып күннің көзін мұңлы бізден.
Келді деп басыңа от қорқытады,
Іліп ап бес-алты ауыз айтқан сөзден.
Мұнда ақын 17 октябрь манифесі, онан соңғы Дума сайлауы
жəне сайлаудан кейінгі қудалау мəселесін айқын да ашық айтып
отыр. Оны əдемі суреттермен жүрегіңде мəңгі қалардай етіп көркем
жеткізеді.
Мəшhүр Жүсіп Көпеевтің азаматтық лирикасының негізгі желісі
– рухани оянуға шақыру. Оның саяси-əлеуметтік тақырыпты арқау
еткен ұзақ өлеңі – жоғарыда сөз қылған “Қазақ жұртының осы күнгі
əңгімесі”. Бұл өлеңге қайта-қайта оралуымыздың себебі Мəшhүр
шығармасының тамыр соғысы осы өлеңнен танылады. Мұнда
ақын отаршылдық езгінің бедерлі суретін беріп, рухани оянудың
серпіліске, серпілістің сілкініске жеткізерін сездіреді. Бұл ойлар
қоғамдық өмірдің жаңа бетбұрысына шақырған белсенді наси-
хатпен ұштасып жатады. Жалпы ақынның осы тектес өлеңдерінің
көбіндегі ой-таным ұлт-азатшылдық идеямен үндес келіп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: