113
Ғылым біл, жұмыс істе оған серік,
Жарлыға мал – бұл ғылым – болар көрік.
Ғылым, білім өнерсіз, қадірсізді,
Өлік біл, оны жан деп білме тірік, –
дейді ақын «Қалмады ойлай-ойлай басымда ми» деп атала-
тын өлеңінде. Мұнда ғылымның адамды көркейтер, қадірін
арттырар ғажап қасиетін тілге тиек ете отырып, ел аза-
матына
айландырар
болашақтың
тірегі
асқарлы
өнер-
білім екендігін көрсетіп, оны үйренуге, ғылым игеруге шақырады.
Жастықта ұмтылып бақ ілгері өтіп,
Жұмысың жабдықталсын ерте бітіп.
Қолыңа қарманғанмен түк түспейді,
Қалған соң жастық қуат бойдан кетіп, –
деген Мəшhүр ойы кезінде ұлы Абай айтқан:
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім, –
деп келетін озық оймен үндесіп-ақ кетеді. Уақытында білім-ғылым
іздеп еңбектенбей кеш қалған соң, қанша ұмтылсаң да қолыңа түк
түспей, тауың шағылатынын айта отырып, ақын жастықтың жалын-
ды қайратын өнер-білім табуға арнауға шақырады. Білім-ғылымды
қарабастың қамы үшін жимай, сол жиған-тергенді игілікті іске
жұмсай білу, халыққа пайда келтіру керектігін айтып, “жұртына
білгеннен тисе пайда, ойлайтын халық пайдасын əрбір жайда“ –
деп, оқығандарды шынайы азаматтық жолға салғысы келеді. Ақын
үнемі “Жігіттер өнер алды ғылым-білім” деген ғибратты шеге-
лей айтып отырады. Жəне де зиялы жасты дүниеге қырағы көзбен
қарап, өзіндік ой түюге, одан өзіндік пікір қалыптастырып, өзгеше
жол іздеуге үндейді.
Достарыңызбен бөлісу: